• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Балаларға арналған тамақтандыру бір ақ адамның қолынан дейді кәсіпкер

15.03.2022
0
МЕРЕЙЛІ МЕРКІДЕГІ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Балаларға арналған тамақтандыру бір ақ адамның қолынан дейді кәсіпкер.
Меркі ауданы білім бөлімінде “Карабаев” жеке кәсіпкері осыған уақытқа дейін жалғыз өзі монополист болып келген дейді. Бірақ 2022 жылдың 3 ақпан күні Жамбыл облысы Меркі ауданының білім бөлімі №6786407-1 санымен мемлекеттік сатып алу порталында мектептерді аз қамтылған және көпбалалы отбасыларындағы балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша конкурс жарияланған болатын. Осы мемлекеттік сатып алуға менің «Дулат» шаруа қожалығымнан бөлек, ЖК «Қарабаев» және ИП «Үміт» болып үш үміткер қатысқан. 25.02.2022 жылы Меркі аудандық білім бөлімі мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп тапқан. Меркі аудандық білім бөлімі мемлекеттік сатып алуды өткізілмеді деп тоқтатуға үш қатысушының да «Аспазшылары толық емес»- деген негіз көрсеткен. Ал, осы мемлекеттік сатып алуға қатысу барысында«Дулат» шаруа қожалығы мен «Үміт» ЖК тарапынан құжаттар толығымен қамтамасыз етіліп ұсынылған болатын. Мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан «Қарабаев» ЖК “Экологиялық менеджмент жүйесін қанағаттандыратын тамақтандыруды ұйымдастыру” бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын сәйкестік сертификаты және тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын сапа менеджменті жүйесі сертификаты болмаған. Бұл жағдайда ЖК «Қарабаев» жеңімпаз болып таныла алмас еді. Ал бұрынғы жылдары ЖК «Қарабаев» Меркі аудандық білім бөлімінің мектептерінің ыстық тамағымен қамтамасыз етумен айналысып келген, яғни бұрыннан таныс адамдар.

 

“Жамбыл облысы Меркі ауданының конкурстық комиссия мүшелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол беріп ИП «Үміт» пен «Дулат» шаруа қожалығының құжаттары толық болса да аталған мемлекеттік сатып алуды заңсыз тоқтатып 28.02.2022 жылы №7006821-1 санымен қайта жариялап отыр. Демек, өздерінің ымыраласқан адамдарына осы мемлекеттік сатып алуда жеңімпаз болуға көмек көрсетіп отыр” деген тұжырымға келіп отыр «Дулат» шаруа қожалығының басшысы Ерболат Альменбетов.

Сонымен қатар, конкурс туралы пікірді конкурстық комиссия төрағасы Қуат Зетқұловтан пікірін білдік. Қуат Зетқұловтың айтуынша Мерке ауданының білім бөлімі 3 ақпанда конкурс жарияланған болатын 25 ақпандағы қорынтындысы қаралып конкурс өткізілмейді деп танылды. Бұл мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілген. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер талапынан шағым келтірілуіне байланысты құзырлы органдардың шешімін күтудеміз.

Айта кетерлігі, мемлекеттік сатып алу порталында осы жылы біркөзбен сатып алу бойынша Меркі ауданы білім бөлімі “Карабаев” жеке кәсіпкерімен 47 млн теңгеге келісімшартқа тұрып қойған.

Болып жатқан жәйттардың ары қарай қалай өрбитіні туралы жазып отыратын боламыз.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Меркі ауданының білім бөлімімен (әрі қарай-Бөлім) Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары» (әрі қарай-Қағида) талабына сәйкес 2022 жылғы 3 ақпанда тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін 26 лоттан тұратын №6786407-1 ашық конкурсы жарияланған. 

Конкурсқа төмендегі әлеуетті өнім берушілер қатысып, келесі еңбек ресурстарын көрсеткен.

«Дулат» ЖК жарияланған конкурсқа қатысуға өтінім беріп, Үлгілік конкурстық құжаттамасының 6-қосымшасына сәйкес 9 аспазшы және 7 асүй жұмысшысының құжаттарын, штаттық кестесін дәлел ретінде ұсынған.  

Алайда, Қағиданың 20-тармағы 4-тармақшасында білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз ету есебіне сәйкес жалпы жарияланған 26 лоттар бойынша 21 аспазшы және 34 асүй жұмысшысы болуы қажет.

Сол сияқты, конкурстың  өтінім берген «Үміт» ЖК-і Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшасына сәйкес 9 аспазшы мен 26 асүй жұмысшысының құжаттарын дәлелдеме ретінде ұсынған, «Қарабаев» ЖК-і конкурстың 26 лотына қатысуға өтінім беріп, Үлгілік конкурстық құжаттаманың 6-қосымшасына сәйкес 26 аспазшы мен 8 асүй жұмысшысының жұмыс істейтіндігі туралы растайтын құжаттарын ұсынған, яғни қолданыстағы Қағида талаптары сақталмаған.

Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттамада көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін материалдық және еңбек ресурстары жеткіліксіз болғандықтан, конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген.

Сондықтан, 2022 жылғы 25 ақпандағы № 6421422 қорытынды хаттаманың негізінде аталған конкурс өткізілмеді деп танылды. 

Әлеуетті өнім беруші «Үміт» жеке кәсіпкері жоғарыда көрсетілген қорытынды хаттамамен келіспей, 01.03.2022 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде шағым келтіріп, ол шағым бойынша шешім 31.03.2022 жылға дейін қабылданатындығы көрсетілді.

Сіздің «Балаларға арналған тамақтандыру бір ақ адамның қолынан» деген тақырыптағы интернет желісіндегі мақалаңызда Меркі ауданының білім бөлімі «Қарабаев» жеке кәсіпкерімен 47 000 000 теңгеге мемлекеттік сатып алудың бір көзден сатып алу тәсілімен шарт жасалған деген мәліметіңіз туралы келесіні хабарлаймын.

2019 жылы Меркі ауданының білім бөлімінің №4 Тілеміс батыр, №5 Ақарал, Ақкөз Қосанұлы атындағы №18, Тұрар Рысқұлов атындағы № 20 және №21 жалпы орта білім беретін мектептермен Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» Заңы негізінде «Қарабаев» ЖК-мен 7-жыл мерзім аралығына, әр жыл сайын ұзарту шарты бойынша жасалынған.

02.02.2022 жылы жоғарыда аталған бес мектеп бойынша «Қарабаев» ЖК-мен 21 692 000 теңгеге № 87 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» Заңы негізінде шарттар жасалып, жыл аяғына дейін ұзартылды.

03.02.2022 жылы конкурстың жариялануына байланысты 17 623 115 теңгеге № 89 шарт «Қарабаев» ЖК-мен  осы жылғы қаңтар және ақпан айларына ұзартылған.

Сонымен бірге, Қағиданың 69-тармағына сәйкес білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылғы 10 наурызда істеп тұрған өнім беруші «Қарабаев» ЖК-мен 7 745 400 теңгеге №119 шарты ұзартылды.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

18.06.2025
Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

18.06.2025
Республикалық бюджет тапшылығы 3,6 триллион теңгені құрады

Республикалық бюджет тапшылығы 3,6 триллион теңгені құрады

18.06.2025
Сарысу прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

Ипотека мөлшерлемесін төмендету кейінге қалдырылды

18.06.2025
Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды

Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды

18.06.2025
Бектенов моноқалаларды дамыту бойынша республикалық кеңес өткізді

Бектенов моноқалаларды дамыту бойынша республикалық кеңес өткізді

18.06.2025
Қайтарылған активтер қайда жұмсалуда

Қайтарылған активтер қайда жұмсалуда

18.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты