• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Ақкөл ауылына биыл газ беріледі

12.03.2022
0
Ақкөл ауылына биыл газ беріледі
754
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев  Талас ауданына жұмыс сапары кезінде Ақкөл ауылдық округінің әкімі Жандос Ратовтың есеп беру жиынына қатысып, ауылдықтармен кездесті.

— Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала, аудан, ауыл әкімдері халық алдында есеп беруде. Олардың бірқатарына өзім арнайы қатысып, әкімдердің есебін тыңдап, тұрғындардың мәселесімен танысудамын.

Сіздердің ауылдарыңызда өткен жылы аз жұмыс атқарылған жоқ. Бұған дейін кездесулерде өздеріңіз көтерген мәселелер ретімен шешілуде,-  деген аймақ басшысы шешімін тапқан шаруалардың бірқатарына тоқталып өтті.

Ауылдағы  25 көшенің 20-сына асфальт төселген. Бұрынғы колледждің ескі ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, 200 орындық №6 Талас аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы болып жаңадан ашылған.  Мұнда 172 адам жұмыспен қамтылған, олардың басым бөлігі жергілікті тұрғындар. Қазіргі таңда ауылда спорт кешені салынуда.

— Алдыңғы келген кездесуде сіздер ауылға газ тарту  мәселесін көтеріп едіңіздер. Қазіргі таңда Билікөлден бері  қарай газ құбыры тартылып жатыр. Биыл жыл соңына дейін ауыл тұрғындары көгілдір отынға қосыла бастайды. Бұл құбыр арқылы Ақкөлге жақын бірнеше ауылдарға да газ беріледі. Ауыл мектебін жөндеу, жаңа амбулатория салу мәселелері де шешіледі.

Кейінгі жылдары суармалы су мәселесі де өзекті болып отыр. Осы орайда Ақкөл су қоймасы күрделі жөндеуден өтті. Алдағы мамыр айына дейін Ақкөлге кемінде 90 миллион текше метр су жинауымыз керек. Суармалы егістіктің көлемін арттырып, қолда бар суды үнемдеп, тиімді пайдалану қажет,-деді Бердібек Сапарбаев.

Бұдан соң ауылдық округ әкімі Жандос Ратовтың есебі тыңдалды. Жалпы 3463 гектар жері бар ауыл тұрғындарының мал жайылымы 5964 гектарға ұлғайған. 210 гектарға жуық жайылым және егістік жер мемлекет меншігінен қайтарылған. Былтыр ауылдық диқандар 509 гектарға егін ексе, биыл бұл көрсеткіш 610 гектарға жетпек. Жаяу жүргінші жолы салынып, 6 көше түнгі жарықтандырумен қамтылған. Мәдениет үйі де жөндеуден өткен.

— «Бастау бизнес» жобасымен 24 адам оқып, соның ішінде 11 ауыл тұрғыны 6,5 миллион теңге қайтарымсыз грантқа ие болды. Оның ішінде 9 азамат мал басын көбейтсе, 1 азамат шаштараз құрал жабдықтарын, 1 тұрғын кондитерлік пеш алып, өз кәсіптерін ашты. 7 ауыл тұрғыны мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, жалпы 19,8 миллион теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізді,-деген ауыл әкімі мемлекеттік бағдарламалардан бөлек демеушілер есебінен атқарылып жатқан жұмыстарды да атап өтті.

Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Жомарт түлек» жобасы бойынша түлектердің демеушілігімен жалпы көлемі 11,5 млн теңгеге «Тәуелсіздік аллеясы», «Түлектер аллеясы» және стрит воркаут спорттық алаңшасы салынып, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің ауласы абаттандырылған. «Асарлатып үй салу» жобасы да тиісінше жүзеге асуда. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғаспақ.

Ауыл әкімінің есебін қанағаттанарлық деп бағалаған ауыл тұрғындары көкейдегі сауалдарын жолдады. Олар Сұлтан каналына су реттегіш қондырғы салу, жаңа жедел жәрдем көлігін алу қажеттілігін жеткізді.

Сондай-ақ, бұған дейін берілген уәделердің орындалғанын айтқан ақкөлдіктер ауылдағы оң өзгерістер үшін Мемлекет және облыс басшылығына ризашылықтарын жеткізді.

Бердібек Сапарбаев кездесуде көтерілген барлық мәселер мен ұсыныстар назарға алынып, оларды шешу бойынша жұмыстар жүргізілетініне сендірді.

— Мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Түрлі бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдаланып, ауылда кәсіпкерлікті дамыту қажет. Қайта өңдеу цехтарын ашу керек. Ауылдықтар үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдаланса, өздерін керекті өніммен қамти алады.

Біркездері аудан орталығы болған Ақкөлдің бұрынғы қайнаған тіршілігін қалыпқа келтіруге тиіспіз. Табысты түлектер де өз ауылдарын көркейтуге үлес қосу керек,-деген облыс әкімі жастар тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі, қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіптің маңыздылығын баса айтты.

Есептік жиыннан соң Бердібек Сапарбаев ауыл тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға жазылған ақкөлдіктер бизнес идеясын жүзеге асыруға мемлекеттік грант, ауылдан әлеуметтік дүкен ашу үшін жеңілдетілген несие алғысы келетіндіктерін айтып, жұмыс және әлеуметтік көмекпен қамтылу жайын сұрады. Оларға заң аясында көмектер көрсетілетін болады.

Келесі кезекте аймақ басшысы Ақкөлден салынып жатқан спорт кешенінің құрылысын көрді. Құны 336 миллион теңгені құрайтын жобаның құрылысы биыл маусымда аяқталып, пайдалануға берілмек.

Жұмыс сапарының соңында Ақкөл су қоймасының жай-күйімен танысқан облыс әкімі мамыр айының аяғына дейін қажетті су мөлшерін жинап алу керектігін атап өтті. Каналдарды реттеу жұмыстарын жіті қадағалап, барынша жеделдетуді тапсырып, вегетациялық кезеңде қолда бар ылғалды үнемдеп, тиімді пайдалануға назар аудартты.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараз қаласында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды

Тараз қаласында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды

07.06.2025
Олжас Бектенов ICBC басшысы Лю Цзюньмен 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады

Олжас Бектенов ICBC басшысы Лю Цзюньмен 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады

07.06.2025
Алматыда жатақханалар құрылысы: инвесторларға арналған мемқолдау шаралары

Алматыда жатақханалар құрылысы: инвесторларға арналған мемқолдау шаралары

07.06.2025
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРАНДЫ ТОЛЫҚ ЖАТТАП, 18-ші ЖАС ҚАРИ ТҮЛЕК АТАНДЫ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРАНДЫ ТОЛЫҚ ЖАТТАП, 18-ші ЖАС ҚАРИ ТҮЛЕК АТАНДЫ

06.06.2025
Саясат Нұрбек эксклюзивті сұхбат берді

Саясат Нұрбек эксклюзивті сұхбат берді

06.06.2025
ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары қамауға алынды

ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары қамауға алынды

05.06.2025
Шерзат ісі: сот үкімі шықты

Шерзат ісі: сот үкімі шықты

05.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты