• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 20:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сапарбаев ауыл әкімдерінің есебін тыңдауда

turan_admin turan_admin
18.02.2022, 10:42
Қоғам, Облыс жаңалықтары
Сапарбаев ауыл әкімдерінің есебін тыңдауда
459
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ауылдық округ әкімдерінің есептерін тыңдауды бастады. Шу ауданындағы жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Алға ауылдық округінің әкімі Бағдат Есбергеновтың өткен жылы атқарылған жұмыстары бойынша есептік жиынына қатысып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Баян­да­машы көшелерді жарықтандыру, жөндеу, асфальт­тау, абаттандыру бағыттарында айтарлықтай жұмыстар атқарыл­ғанын жеткізді.

Бердібек Сапарбаев округтің әкіміне жұмыссыздар санын азайту, аз қамтылған, көп ба­ла­лы отбасыларға, зейнеткерлер мен қарттарға көңіл бөлу, әлеуметтік мәселелерді шешу, пайдаланусыз жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, «Асарлатып үй салу», «Жомарт түлек» жобалары бойынша жұмыстарды ұтымды ұйымдастырудың маңыздылығын баса айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.

— Мемлекет тарапынан ауыл адам­да­ры­на көрсетілетін қамқорлық, қолдау бә­сеңдемейді, одан әрі жалғасады. Еңбек етем деген адамға ауылда жұмыс көп. Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін ауылдықтар тиімді пайдаланып, табыстарын арттыруы қажет. Аудан, ауылдық округ әкімдіктері бұл жұмыстарды үйлестіруі тиіс. Ең бастысы жергі­лік­ті тұрғындар да бірлесіп, еңбек етуі керек. Бірлік бар жерде – береке болады, — деді Б.Сапарбаев.

Бұдан соң облыс әкімі «Әсия әлемі» балабақшасына ат басын бұрды. Меңгерушісі Ләйлә Жүнісәлиеваның айтуынша, бүгінде мұнда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, мектеп жасына дейінгі 200 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Аймақ басшысы Президенттің қолдауының арқасында өңірде жаңа балабақшалар салынып, орталықтар ашылып жатқанын атап өтті.

— Қазіргі таңда облысымызда мектепке дейінгі білім беру мекемелерін дамытуға көп көңіл бөлінуде. Бүлдіршіндердің барлығы балабақшамен қамтылуы тиіс. Кез келген ата-ана балаларының тәрбиелі, бақытты, дені сау, білімді болып өскенін көргісі келеді. Бөбекжай ашып, оны сапалы материалдық-техникалық құрылғы-жабдықтармен қамтамасыз еткен жергілікті азаматтарға алғысымды білдіремін, — деді өңір басшысы.

Бұдан соң Б.Сапарбаев Шу электрмен жабдықтау, Шу сигнализация және байланыс дистанциялары және Шу локомотив пайдалану депосының басшыларының есебін тыңдап, жұмысшылармен кездесті.

Аймақ басшысы  теміржолшылардың аудан экономикасының дамуына қосып отырған үлесіне тоқталды.

— Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайын жұмысшылардың жалақысының өсуі, жұмыс орындарының қысқармауы, оларды әлеуметтік қолдаулармен қамтамасыз ету секілді мәселелерге айрықша назар аудару керек.

Қазіргі таңда ең негізгісі — елдің тыныштығы. Облыс, аудан басшылығы ауылдарға жиі барып, тұрғындардың өтініштерін тыңдап, өзекті мәселелерін шешу жолында жұмыс жүргізуі тиіс, – деп түйіндеді облыс әкімі.

Аудандағы жұмыс сапары кезінде аймақ басшысы «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратының жөндеу жұмыстарымен танысты. Мұндағы жөндеу жұмыстары наурыз айының алғашқы он күндігінде аяқталады деп күтілуде.

Төле би ауылындағы заманауи технологиямен жабдықталған «Дәулет» медициналық орталығында болған аймақ басшысы ауданда медициналық мүмкіндіктерді арттыра түсу қажеттігін баса айтты.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.