Қоғамда соңғы күндері қызу талқыланған жағдайға байланысты Тараз қаласы әкімінің өкімімен А.Есеналиев өз еркімен жұмыстан босатылды.
2020 жылдың 26-шы сәуірінен бері Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Асхат Қамқабайұлы қаланың құрылыс, сәулет, жер қатынастары, коммуналдық шаруашылық салаларына жауапты болды.
Сондай-ақ, бұған дейін лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Тараз қаласы әкімінің өкімімен құрылыс бөлімінің басшысы Т.Бибосыновтың қызметінен босатылғандығын хабарлаймыз.