• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының ҮНДЕУІ

14.01.2022
0
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАДАҒЫ БАСТЫ БАҒЫТТАР
897
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!

Елімізде күні кеше болған қасіретті «қаңтар оқиғаларында» қаза болған құқық қорғау, әскери қызметкерлер және бейбіт тұрғындардың  отбасыларына, жақын-туыстарына  қайғырып көңіл айтамыз. 

Бұл оқиғалар Егеменді Қазақстан халқы үшін ауыр сынақ болды. Біз, билік пен халықты байланыстыратын алтын көпір депутаттар оқиғаның бел ортасында болдық. Шеруге қатысушыларға басу айтып, кез-келген мәселені тек екі жақты диалог пен өзара түсіністікпен  шешілетінін халыққа жеткізуге тырыстық.

Жаппай тәртіпсіздік – тәуелсіздігімізге қатер төндірді. Осындай қиын сәтте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  батыл саяси шешімдер қабылдады. Еліміз бейбіт өмірге қайта оралды. 

Күштік құрылымдардың арқасында шеруге шыққан халықтың ішінде болған арандатушылар мен бүлікшілерді ұстау жұмыстары жүріп жатыр. Бүлікшілердің заң алдында қатаң жауап беруін басты назарда ұстау қажет. 

«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деген дана халқымыз. Ендеше, арандатудың құрығына түсіп, жастық жалынның жетегінде кеткен жастардың ертеңіне алаңдайтынымызды жеткізгіміз келеді. Жастардың  болашағына балта шаппай, дұрыс бағытты көрсетіп, әр істен сабақ алуды үйретуіміз қажет. Жас буынды бір ағаттығы үшін жарға жықпай, бүлікшілерден арашалап, мүмкіндігінше қорғап, өз қатарымызға қосу азаматтық парызымыз деп білеміз. 

Осы орайда құқық қорғау орган қызметкерлерінің тарапынан шеруге қатысқан жастарға қысым көрсетпеуге, ұрып соқпауға шақырамыз. Барлығы заң аясында шешілуі қажет.

Сыртқы күштердің жетегінде кеткен жастардың тәрбиесіне ерекше мән беру керек және жастар тәрбиесінде үлкен идеологиялық жұмыстар жүргізу  басты назарда болуы  қажет.

Облыс аумағында халықтың мұң-мұқтажы мен әрбір  мәселені анықтап шешу аясында депутаттар аянбай еңбек етуге әрқашан дайын.  

Құрметті жерлестер, барлықтарыңызды төтенше жағдай кезінде коменданттық талаптарды сақтап, құқық қорғау органдарының жұмысына қолдау көрсетуге шақырамыз. 

Біздің күшіміз – бірлігімізде!

Тегтер: үндеу

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты