• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Дастан Әділбайдың ата-анасына «Айбын» ордені табыс етілді

13.01.2022
0
Дастан Әділбайдың ата-анасына «Айбын» ордені табыс етілді
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан полицейлер мен әскерилер Мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын. Сол бүлікте ерлікпен көз жұмған батырлардың арасында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің бөлім бастығы, подполковник Дастан Әділбай да бар.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев  ІІ дәрежелі «Айбын» орденін марқұмның ата-анасына табыс етті.

ҰҚК Департаменттің мәжіліс залында өткен шараға Дастан Әділбайдың туған-туыстары мен әріптестері қатысты. Оларға батырдың өмірі мен еңбек жолынан бейнетаспа көрсетілді және көпшілік марқұмды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Облыс әкімі сын сағатта ерлік танытқан ерлердің есімі ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

— Отан деген – қастерлі ұғым. Сол Отанды қорғауда еліміздің полиция, әскери, ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Олар бейбіт заманның батырлары. Десе де, Дастан сияқты арыстай азаматтарымыздан айырылып қалғанымыз – үлкен өкініш, ауыр қайғы. Мемлекет басшысы батырларымыздың ерлігі мен еңбегін ескеріп, оларға түрлі наградалар тапсырды. Дастан Әділбайұлының орденін ата-анасына табыстауды маған жүктеді», — деді Бердібек Сапарбаев.

Аймақ басшысы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлікшілердің департамент ғимаратына жасаған шабуылы кезінде өз өмірлерін қатерге тіге отырып, тойтарыс берген қызметкерлердің батылдықтары мен кәсібиліктері көпке үлгі болғанын жеткізді.

—  Туған жерін, қаласын қорғау кезінде көз жұмған әскерилердің, полиция мен қауіпсіздік саласы қызметкерлерінің отбасыларын мемлекет тарапынан қолдау шаралары жалғасады. Жергілікті әкімдік те әркез көмектесуге әзір, — деген облыс әкімі Дастанның кәсіби деңгейі жоғары маман болғанын тілге тиек етіп, оның ұйымдастырушылық шеберлігіне тоқталып, артында қалған балаларына амандық тіледі.

Дастанның әкесі Әділбай қария Отан үшін опат болған ұлының қазасына күллі қазақстандықтардың ортақтасқанын, ерлігі ескерусіз қалмай, мемлекеттік нагарадамен марапатталғанына ризашылығын білдірді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыс бойынша департаментінің экс-бастығы Марат Ирменов Дастанның жарқын бейнесі әріптестерінің есінде мәңгі сақталатынын жеткізді.

«Батырға тиісті барлық құрмет жасалатын болады. Ол өзінің ізін басқан буынға нағыз ерліктің үлгісін танытты. Қорыққан жоқ, қаймықпады. Дастан Әділбайұлы бұл ғимаратты ғана қорғап қалған жоқ, елін, жерін қорғады деп білеміз. Мен оның командирі ретінде Дастанның өмірін сақтай алмағанымызға өкінемін және ата-анасынан кешірім сұраймын», — деді ол.

 

Тегтер: Дастан Әділбайкнб

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты