Зайырлы мемлекетте мемлекет пен дін қатынастары тіркес ұғымдар. Қазіргі Тараз қаласы мен аудандық бас имамдардың ауыс түйісі туралы сұрақтарға Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы, Һибатулла Тарази мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевпен сұхбаттасқан болатынмын.
Жамбыл облысы діни өкілдіктін жұмысын asyldin.kz сайтынан таныспыз.
КАДР САЯСАТЫ. КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІСТЕР ТУРАЛЫ
- Неліктен Байзақ мен Жамбыл, Сарысу ауданының имамдары ауыспады, қалған ауданның бәрінің имамдары неліктен ауысты?
— Ассалаумағалейкум уа Рахматуллах уә Баракатух, Алла разы болсын. Кешегі марапаттаулар құтты болсын. Сұрақты төтесінен қойдың, әңгімені созбай бірден бастағанды өзімде жақсы көремін. Облысқа келгелі пандемиялық жағдай болды, біраз жұмысымыздың барысы өзгерді, 30 жыл бойы жасап келген жұмысымыздың осы пандемияға қатысты көп қорытындылары әлеуметтік желімен байланысты. Осы 1 жылда танымдық жағынан осы өңірдегі имамдардың жұмысын, өзіміздің діни басқарманың алдындағы, жамағаттың алдындағы қызметімізді түсінетін уақыт келді. Жұмыстың жаңаша бір сипат алуы үшін, жамағатта да жаңалықтар болу керек. Ол қалай, бізде дін оқуын оқыған азаматтар қияметке дейін асыл дініміздің қызметінде, бірақ мешіттердегі жұмысы ол оның жекеменшігі емес. Мешіт- Алланың үйі. Сондықтан бізде Діни басқармада 5 жылда бір ратоция деген бар, оданда бөлек әр жыл сайын өтетін аттестациялау бар, осылардың барлығын алып келген уақытта, біраз уақыттан бері отырып қалған имамдар себеппен қалады, кей имамдар жақсы жұмыс жүргізеді, жақсы жұмыстың нәтижесі бойынша оны ауыстыруға келмейді, егер ол имамды ауыстырсаңыз оның орнына оданда мықты, оданда білікті, оданда тәжірибелі маманды апаруың керек. Бізде Тараз қаласында ең үлкен мешіттердегі имамдар алды 20 жылға дейін бір мешітте жұмыс жасап қалған. Бұл жердегі мәселе, алғашқы 5 жылда жақсы жұмыс істелінеді. Себебі ол жерде таныстық үшін, бір жағы жамағат жұмысымды қалай бағаларды деген сияқты, бір жағынан өзінін білімін тексеріп көру үшін жұмыс істейді. Сондықтан осылардың бәрін салыстырмалы түрде келгенде 5 жылда сол деңгейдің бәрі төмен кете бастайды. Менің білімімді жамағат біледі, менің тәжірибемді біледі деген сияқты өзінде бір сенімділік болады. Сондықтан жұмыс төмендей береді. Сондықтан біз осы жағынан келгенде қызметкерлерді басқа мешіттерге ауыстыру саясатын жүргіземіз. Тараз қаласында 13 мешітте имандарды ауыстырды. Ауыстыру себебі олар жаңа жамағатпен бетпе-бет келеді. Имамдар жамағатпен жұмысты қайтадан жандардырып жатыр. Бізде тексеретін өзіміздің жүйеміз бар, мен намаздарға барып тұрамын, кешкілік намаздарда имамдарды көрмей қаламын, сол кезде телефон шалып мазасын алатын уақыттар болады. Осы жағдайларды тексеріп қиналмай бір жүйеге қою. Осының бәріне кадрлық саясат үлкен үлесін қосады. Осы жағынан келгенде біз әрекет жасадық. Себебі, өзіңіз білесіз мешіттегі имамдарды ауыстыру да оңай емес. Қазір жамағат имамды ауыстыру мәселесінде екіге бөлінеді, жартысы ауыстырмауымызды сұранады, жартысы ауыстыруымызды сұранады. Сондықтан біз өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай жеткіземіз. Бұл кісіден де мықты азамат келеді, бұл азамат анау ортаға келеді деген сияқты түсіністікпен жұмыс жасаймыз.
- Аудандардан кімдер орындарын сақтап қалды?
— Аудандардан қазіргі таңда Тұрар Рысқұлов ауданы біраз уақыттан бері отыр және Байзақ ауданы, Жамбыл ауданы, Сарысу ауданы. Жамбыл ауданына нақты тоқтала кетсек, Жамбыл ауданы осы облыстағы жұмысымның барысында әр тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есебіміз болады және муфтияттан келетін тапсырмара бар, өзіміздің жамағат алдындағы міндетіміз бар, осы жасалынатын жұмыстардың барлығында оның оқ бойы оза шапқанның, алдыда тұрғанын байқадық. Егерде жұмысын жақсы жасаса, ол кадрды неге ауыстырамыз. Осы жағына келгенде біз Жамбыл ауданына мүмкіндік беріп отырмыз.
- Осы 10 ауданның ішіндегі Байзақ ауданының имамы ғана өзге ұлт өкілі, ол осы үшін ауыстпай отырған жоқ па?
— Оның да өзінше бір үлесі бар, жоқ деп айта алмаймын, ойыңыз дұрыс. Әр түрлі ұлттан құраламыз. Сол аудандағы азаматтар әсіресе мынау ассамблеяның айналасындағы азаматтар үлкен қолдау көрсетеді. Қосымша халыққа, жетім-жесірлерге қол ұшын беруде бұл азаматтар мешіттің айналасынан табылып басы қасында жүреді. Одан да бөлек уақыт сағаты келді. Кезекте тұр, алдағы уақытта 2022 жоспарында бұл қалған ауданның имамдарының жұмысына қарай ауыстырамыз. Сол өңірден шыққан білікті, білімді азаматтарды сол өңірден шыққан азаматтарды апаруымыз мүмкін. Сол өңірдің азаматының өзі туған-туыстары көп ортада да көп жұмыс істей алмайды Ертеңгі күні ағайын туыс аралап кетпейтін. Ағайын туысты кейбір мемлекеттік мекемелерге жұмысқа тұрғызуға, басқа қылуға мұрындық болмайтын жандарды ауданға, өздерінің туып өскен жеріне жұмыс істеуге мүмкіндік береміз.
ЕЛДІҢ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛГЕН 10%
- Қазір көп естейміз, жұртшылықтың ойында мұндай қағидат бар, шенеуніктің тендердің он пайызын қалтасына салмай, мешіт құрылысына немесе әлеуметтік нысандарды демеушілер көмегімен салынды деп естейміз. Осы дұрыс па?
— Сұрағыңызды түсіндім. Қазір біздің мемлекетіміз аяғына нық тұрған, жүйелі экономикасы бар мемлекет. Сондықтан бюджеттен әлеуметтік нысандарға және мемлекеттік нысандарға мүмкіндіктер көбірек, соғылып жатыр, мектептер, балабақшалар. Мемлекеттің тендрлерінде өзіміздің Отандық компаниялар алып өзіміздің отандық кәсіпкерлер жүзеге асырып жатыр. Сондықтан біз имам ретінде сол азаматтардың жұсысы жүргеннен кейін, олардың айлығы тағайындалады. Сол жердегі қаншама азаматтарға жұмыс көзі ашылады. Бұл әр компанияға пайда көздейді. Кез-келген компания пайдасыз жұмыс істемиді ғой. Сол үшін де өзінін белгілі еңбегін бағалайтын мердігерлер пайданы осындай әлеуметтік нысандарға бөледі. Біз Зайырлы мемлекет болғанымыздықтан Дін мемлекеттен бөлінген. Кейбір әлеуметтік нысандар мемлекеттің бағдарламасына кірмейді. Кейбір біздің құнды жәдігерліктеріміз қайта жөндеуден өту үшін мемлекетің бағынттарына сәйкес келу керек, солар келмей жатады. Осындай жағдайда кәсіпкерлеріміз, мердігерлеріміз, отандық компаниялар өзінің пайдасына деп шешкен қаражатынан әлеуметтік нысандарды, аз қамтылған отбасыларды немесе осындай бір Алланың жерлегі үйі мешіттерді қайттан жөндеу немес әрлеу жұмыстарына ашық түрде көмектесіп жатса бұл ұрпақтар сабақтастығы деп айтуға болады. Сіз мемлекеттен қаржы алып, мемлекеттік нысанды стандарттарға сай орындау міндеттісіз. Өзіңіздің стандартыңызда не белгіленді соны сіз жасауға міндеттісіз. Сіз ол жерден ұрлайтын болсаңыз немесе өз мүддеңізді ойлайтын болсаңыз оны шариғатымыз құптамайды. Ондай мекеме түбі бір былыққа батады, түбі бір үлкен заңсыздықтарға жол береді. Осы стандарттарға сәйкес жұмыс істесе ол компанияның пайдасы болады. Сол пайдадан көмек қажет болған әлеуметтік нысандарға қол ұшын созатын болса ол жақсы дүние.
ЖАМБЫЛДА СУННИТЕР МЕН ШИИТТЕР АРАСЫНДА СОҒЫС БОЛУ МҮМКІН БЕ?
- Біздің облыс көп ұлтты облыс, табиғаты тамаша өзіде тамаша жер. Бірақ Меркі ауданында шииттер орналасқан. Шииттер мен Суниттер арасы дау екенін білесіз, енді сол Меркідегі шииттердің бір мешіті мен намазханасы ҚМДБ ға өтті ме әлде бұл дау әліде ашық па?
— ҚМДБ ның өзінің жарғысында арнайы көрсетілген, біз Қазақстан Республикасының азаматы біз діни басқарманың бағыты Имам Ағзам Абу-Ханифа бағыты бойынша. Төрт мазхабтың ішінде осы бағыт. Ақида сенімде матруби сенімін ұстанатындығымызды жарғыдада анық көрсетілген. Сондықтан жарғыға сәйкес діни басқармаға осы Ханафилік бағыттағы мешіттер ғана тіркелуге міндетті. Ал енді шииттер жергілікті дін басқармаларына намазхана болып тіркелген. Сондықтан жергілікті дін басқармалары арқылы тексерістер жүргізіледі, сол жерде біздің діни басқарма жақтан қол ұшын беру сұралса біз оған жәрдемдесуге дайынбыз. Сол мешіттің имамдарымен жұмыс жүргізугеде біздің өзіміздің Ханафи масхабымен жамағатты, мешітті сол бағытта жұмыс жасауын, көз қарасына қолдан келгенше көмегімізді аямаймыз. Ал қазіргі таңда Діни басқармаға тіркелмеген, біз оны тіркей алмаймыз.
- Қақтығыс болуы мүмкін ба?
— Ешқандай да ондай көріп тұрған жоқпын. Шииттердің намазханасында олардың өзінің дін басқармасының қойған талаптары бар. Осы талаптарға сай болса, діни басқармалар жақсы жұмыс істеп отырса суниттер мен шииттер арасында ешқандай түсініспеушіліктер болмайды деп ойлаймын.
ЕЛГЕ ОРАЛҒАНДАР ТУРАЛЫ
- Енді осы шетелден оралған қандастармен кері байланыс жүргізіле ме?
— Қазір ол азаматтардың ұстанатын ұстанымы Имам Ағзам абу Ханифа масхабы, матруби ахидасы. Ол бізге ыңғайлы, бізге ол жағынан қиындық туғызады дей алмаймын, біздің мешіттегі жамағатпен бірдей сіңісіп кетіп жатыр. Ешқандай керімкөзқарастар болып жатқан жоқ. Басқа елдерді, Түркияны алып қарасақ қанша жамағат бар, қанша жамағатқа бөлінеді. Оның өзінің біздің елде де бөліну қаупі бар. Шетелден келіп жатқан қандастарымыз, Ауғаныстаннан келіп жатқан қандастарымыз ол біздің орта Азиядағы бұрынғы классикалық мектептің ізбасарлары болған соң бізге қиындық туғызбайды. Бірақ жау жоқ деме, жар астында деген сияқты, арасында шииттік көзқараста, басқа масхабты ұстанатындар болуы мүмкін. Бұны да алдағы уақытта ішкі саясатпен, діни басқармамен қарап, алдағы жылдың жоспарында әрекет етеміз.
Ұстаз пікіріңізге рақмет, 30 жылдық мереке құтты болсын!