«Асарлатып үй салу» жобасы Жуалы ауданында қарқынды жүзеге асуда. Биыл онда 14 үйдің құрылысын аяқтау жоспарланса, кешеге дейін 7 отбасы баспаналы болған. Жыл аяғына дейін тағы 7 үйдің кілті табысталады.Жоба аясында Жетітөбе ауылдық округі Тасбастау ауылында тағы бір баспананың кілті табысталды. Жалғызбасты ана Лидия Царская жаңа үйде жаңа жылды қарсы алатын болды.Толық емес отбасына жататын тұрғынға үй салып беру үшін ауыл азаматтары бірқатар көмек көрсеткен. Бұл қуанышқа жеке кәсіпкерлер мен тасбастаулықтар тегіс жиналып, жаңа үйдің иелерін құттықтап, шашу шашты.Жетітөбе ауылдық округінің әкімі Рәтбек Көсембаевтың айтуынша, ауыл тұрғындары төрт айдың ішінде керекті қаржыны жинақтап, үйдің құрылысын жүргізген.
Өңірлік коммуникациялар қызметі






