• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 06:28
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Т.Рысқұлов ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында әлеуметтік нысандар салынып, жөнделуде

turan_admin turan_admin
11.12.2021, 23:46
Облыс жаңалықтары
Т.Рысқұлов ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында әлеуметтік нысандар салынып, жөнделуде
253
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Т.Рысқұлов ауданына барып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.Аймақ басшысы  Қарақыстақ ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен 250 орындық Мәдениет үйінің жұмысымен танысты. Ғимараттың іргесі сонау 1976 жылы қаланған. Жуырда ғана «Капитал Инвест-Строй» ЖШС нысанды қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, ауыл тұрғындарының игілігіне беріп отыр. Үш кең залдан тұратын Мәдениет үйінде 14 адам жұмыс істейді. Ондағы би, вокал, домбыра, сәндік қолөнер, актерлік өнер бойынша 5 үйірмеге 42 оқушы жазылған.

Бердібек Сапарбаев тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін мәдени-көпшілік шараларды жүйелі түрде ұйымдыруды тапсырды.Бұдан кейін облыс әкімі Құлан ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен «Сұлутөр» кинотеатрының ашылу салтанатына қатысты. Кинозалдарға 100 адамға дейін сыяды. Алғашқы көрсетілім ретінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жүрегіміздің төрінде» деректі туындысы қойылды. Мұнда жастарға тегін қызмет көрсететін караоке орталығы да бар.

– Біздің облыста мұндай кинотеатрлар көп емес. Жұмыстың жаңа түрлерін қалыптастырып, жастарды кино өнеріне баулу қажет, – деді облыс әкімі.

Луговое ауылында аймақ басшысы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Мердігер «ХМСУ Шымкентмелиорация» ЖШС нысанды келер жылдың басында пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында басталған. Жобалық құны – 396 млн. теңге.

Мердігер бекітілген кестеден айтарлықтай артта қалып келеді. Облыс әкімі серіктестіктің жұмысын және  құрылыс барысын бақылап отыруы тиіс жауапты тұлғаларды сынға алды. Бердібек Сапарбаев мердігерден жұмыс қарқынын арттыруды талап етіп, олай болмаған жағдайда қатаң шаралар қолданылатынын атап өтті.

Өрнек ауылында өткен жылы 140 орындық «Қарлығаш» балабақшасы пайдалануға берілді. Балабақшаның құрылтайшысы Қаракөз Өскенбаева балаларға арналған үйірмелер мен секциялар орталығын ашуға ниетті екенін жеткізді. Бердібек Сапарбаев жергілікті билік жан-жақты қолдау көрсетеді деп сендірді және балабақшаның жұмысына оң бағасын берді.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі аудан активімен жиын өткізіп, тиісіті тұлғаларға өзекті мәселелерді шешу бойынша нты тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.