Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қайнар ауылының маңындағы әскери бөлімдегі оқ дәріні сақтайтын қоймадағы жарылыстан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша қанша қаражат медициналық мекемелерге төленгені туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы филиалына сұрау хат жолданған болатын.
Хатта Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар ауылы маңында орын алған әскери бөлімінде жарылыс кезінде зардап шеккен азаматтарға медициналық көмек көрсету медициналық ұйымдарда қаралған қаражат шеңберінде жүргізілді. Жарақат алған 89 азаматтарға Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК-да медициналық көмек ұсынылған. Оның ішінде: 37 науқастың әрқайсысы алған жарақатының ауырлығына байланысты құны 90 мың теңге мен 450 мың теңге құрайтын стационарлық ем алған, оның ішінде: 14 науқасқа ота жасалынған. 19 науқастың әрқайсысына қабылдау бөлімшесі арқылы медициналық көмек ұсынылған және 33 науқасқа травматологиялық пункті арқылы құны 2,9 мың теңге мен 8,6 мың теңге аралығында құрайтын медициналық көмек ұсынылған делінген.
Ал, Жарылыстан кейін Қазақстанда көмек көрсетілмейтін медициналық қызметтің шетелден ота жасауға жолдама берілді ме деген сауалға шетел клиникаларында емдеу іс-шаралары бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы ҚР ДСМ №45 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес іске асырылады. Пациенттерді шетелде емделуге жіберу Қазақстанда жеткілікті дамымаған немесе мүлдем жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады. Және де шетелде емделуге жіберу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігің құзырына жатады. Жарылыстан кейінгі жарақат алған азаматтарға шет елге ем алуға жолдама берілмеген. Сонымен қатар, ауыр жарақат алған 1 науқас Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан академик Н.Д. Батпенов атындағы травматология және ортопедия ғылыми орталығына жіберілген.
Сонымен бірге, Қызмет бабында зардап шеккендерге Сіздің мекемеден қандай көмек берілмек деген сауалға нақты қандай көмек бергендерін көрсетпеді. Бірақ бүт Жамбыл облысы қызметкерлері бір күндік жалақыларын бергенде бұл мекеме үнсіз отыр.
Жарылыстан кейінгі жарақат алған азаматтарды оңалту жұмыстарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы «Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы» №ҚР ДСМ-116/2020 жылғы бұйрығына сәйкес медициналық оңалту «туа біткен аурулармен ауыратын адамдарға, жіті жағдайлардан, хирургиялық араласулардан және жарақаттардан кейін, сондай-ақ негізгі ауруды емдеу кезінде олардың салдарын медициналық оңалту бойынша медициналық көмек алуға мүмкіншіліктері бар». Аталған бұйрықтың 12 және 13 тармақтарына сәйкес, «Медициналық оңалту пациенттерге көрсетілетін қызметтерді жүргізуге көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерге, тіршілік-тынысы мен денсаулығының шектеулеріне, оңалту әлеуетінің деңгейіне, ауру ағымының кезеңіне немесе жай-күйіне байланысты жүргізіледі және медициналық оңалту үш кезеңді қамтиды». Жарылыстан кейінгі жарақат алған азаматтары медициналық оңалтудың бірінші кезеңің – жарақаттар алған кезіндегі қалпына келтіру емі ретінде алғаның және алдағы уақытта да оңалту медициналық көмегін қажет еткен жағдайда екінші мен үшінші кезеңдерін алуға Бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету (емханалар) жолдамасы арқылы алуларына болады.
Сонымен бірге, Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасына Тараз қалалық емханаларына соңғы үш жылда 268 шағым түскен. Шағым ең көп түсетін қалалық №2 және №9 емханалар. Шағымы аз емханалар болып №1 мен №6 емханалар.
TURANINFO.KZ