• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысында Жуалылық кәсіпорын сүт кластерін дамытуды жолға қойған

21.10.2021
0
Жамбыл облысында Жуалылық кәсіпорын сүт кластерін дамытуды жолға қойған
225
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жуалы ауданында өндірілетін сүттің көп бөлігін «Бурное сүт компаниясы» ЖШС өңдеп отыр. Кәсіпорын жыл басынан бері 10 405 тонна сүт өңдеп, одан 822 тонна қатты ірімшік, 30 тонна сары май, 6 245 тонна ультра жоғары пастерленген сүт өндірген.

Бұлар Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларымен қатар, Қызылорда, Байқоңыр, Қарағанды, Павлодар, Талдықорған және батыс өңірдегі қалаларға жөнелтіледі. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Саратов, Самара қалалары, Алтай өлкесіне және Мәскеу облысында да жоғары сұранысқа ие. Серіктестік директоры Сыбанбай Арыновтың айтуынша, зауыттың сүт қабылдау мүмкіндігі тәулігіне 100 тоннаға дейін жетеді. Алайда кәсіпорын оның тек 30-40 процентіне ғана қол жеткізіп отыр. Ауданда сауылған сүт Б.Момышұлы ауылындағы «Бурное сүт компаниясы» ЖШС-мен қатар, басқа да сүт өңдеу цехтарына өткізіледі.

«Біздің ұжым мемлекет міндеттеп отырған үдеден әрдайым шығуға бар күш- жігерлерін салуда. Дегенмен, қазіргі таңда білікті кадрлар жетіспейді. Кәсіпорын жұмысын ілгерілетуге инженер, кипавтоматика маманы, оператор, электрик, микробиолог, лаборант керек. Бұл мәселені жастардың ауылға келіп жұмыс істегісі келмейтіндігімен байланыстырып отырмыз. Әйтпесе мұнда жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 80 мың теңгені құрайды», — дейді ол.

Зауыттың негізгі шикізаты сүт болғандықтан, оны қажетті сүтпен толықтай қамтамасыз ету мақсатында былтырдан бері бірқатар жобалар қолға алынған. Атап айтқанда, Қарасаз ауылдық округінің Жұрымбай ауылының маңындағы бұрынғы ферманың орнынан 800 бас сауынды сиырға арналған заманауи сүт тауарлы фермасының құрылысы басталды. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, қазіргі таңда ауылдық округ маңынан егістік жер алу мәселелері пысықталу үстінде екен. Бұл – ең алдымен мал азығы базасын құруға үлкен мүмкіндік бермек. Құрылыс аяқталған соң мұнда асыл тұқымды сиырлар әкелінеді. Бұл жоба өз кезегінде зауытты қажетті шикізатпен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.

«Биыл Бурное сүт компаниясының құрылғанына 70 жыл толады. Бұл – кәсіпорын үшін үлкен айтулы белес. Зуыттың жұмысын ілгерілету мақсатында бірқатар жоба-жоспарларды қолға алып жатырмыз. Жұмыстың ауқымы да кеңейіп, қосымша жұмыс орындары да ашыла бастады. Бізге кәсіби мамандар жетіспейді. Биылдың өзінде біз аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына 11 бос орынға жұмысшылардың қажеттілігі жөнінде өтініш бергенбіз.

Былтыр кәсіпорын ішінен құрт цехы іске қосылды. Жалпы зауытта қатты ірімшік, май, құрт шығаратын және сүт құятын төрт цех бар. Жұмысшыларға айлық жалақыдан бөлек, заңды түрде міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру және зейнетақы жарналары тұрақты аударылады. Басқа да әлеуметтік көмектер жасалады. Зауытқа ең керегі – сүт шикізаты. Оны біз шаруалардан жоғары бағада қабылдаймыз»,- дейді С.Арынов.

Зауыттың жанында ұзақ жылдан бері фирмалық дүкен жұмыс істейді. Мұнда кәсіпорын өнімдері ешқандай алыпсатарлардың араласуынсыз, өз бағасымен саудаланады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
ТЖД Алматылықтарға ескерту жасады

Алдағы күндердегі ауа райы

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский