• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:03
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында жұмыспен қамту көрсеткіштері бойынша жоспар 99% орындалды

turan_admin turan_admin
20.10.2021, 00:13
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында жұмыспен қамту көрсеткіштері бойынша жоспар 99% орындалды
379
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы қаралды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін айтты. 18 қазандағы жағдайға сәйкес Жамбыл облысында COVID-19 ауруының жалпы 20 606 дерегі тіркелген.

Облыс бойынша 18 жастан асқан 631 300 адам вакцинациялауға жатады. Жоспар 79,5 пайызға орындалған.

Аймақ басшысы коронавирусқа қарсы егу науқанын жалғастыруды, білім беру ұйымдарында санитарлық нормалардың сақталуын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы қаралды. Жобалар халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, ШОБ үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, өңірлерде бизнесті және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту секілді бағыттарды қамтиды.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубековтың айтуынша, бірінші бағыт бойынша 9,5 миллиард теңге көлемінде 29 жобаны іске асыру жоспарланған. 29 нысанда құрылыс жұмыстары басталған. 709 жұмыс орны құрылса, оның 536 – сы жұмыспен қамту орталықтары арқылы ашылған. 487 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде электрондық еңбек шарттарын жасасу көрсеткіші 95,4 пайызды, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу көрсеткіші 81,5 пайызды құрады.

Екінші бағыт – шағын және орта бизнес үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру бойынша 1884,0 миллион теңге көлемінде 227 несие беру көзделіп отыр. Бүгінгі таңда 588 жобадан тұратын пул құрылды, 385,1 миллион теңге көлеміндегі 70 жоба мақұлданды, 65,5 миллион теңгеге 12 жоба қаржыландырылды.

Үшінші бағыт – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша 12 миллиард теңге көлеміндегі 6 жоба қаржыландыруды талап етеді. Бұл бойынша салалық басқарма ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс жолдаған. Жобалар қатарында «Азия сад» ЖШС (көкөніс сақтау қоймаларын салу), «Әулие Ата Феникс» ЖШС (құс фабрикасының қуатын арттыру), «Асыл тұқым KZ» ЖШС (асыл тұқымды шаруашылық-репродукторды кеңейту), «Ахмет» ШҚ (сүт фермасын салу), «AGROSTAN» ЖШС (мал шаруашылығын дамыту), CANADIAN BACON LTD компаниясы (кәсіпорын қуатын арттыру) бар.

ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің деректеріне сәйкес 1 қазандағы жағдай бойынша Жамбыл облысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында бөлінген қаражатты игеруде өңірлер арасында төртінші орында, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша бірінші орында тұр.  Жұмыспен қамту көрсеткіштері бойынша біздің облыс жоспарды 99 пайызға орындады.

Ж.Баубеков жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 49 640 адам қамтылғанын, оның ішінде 25 239 адам тұрақты жұмысқа орналасқанын хабарлады.

Бағдарлама бойынша 966 жамбылдық жалпы 4338,4 миллион теңге көлеміндегі шағын несиелерге қол жеткізген. 3789 адам  жалпы 2210,5 миллион теңгенің қайтарымсыз гранттарына ие болса, жыл соңына дейін тағы 919 адамға осындай грант берілмек. Барлығы 1020 адам қысқа мерзімді оқытудан өтсе, оның ішінде 1015 адам жұмысқа орналастырылды.

Жастар тәжірибесімен 1720 маман, әлеуметтік жұмыс орындарына — 1435 адам, қоғамдық ақылы жұмыстарға — 10 411 адам жолданған. Барлық бағыттар бойынша жоспар орындалған.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі тапсырмаларының бірі – жұмыспен қамту мәселелерін шешу және жұмыссыздықты төмендету. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде, қосымша жұмыс орындарын ашу үшін барлық жағдай жасалған. Адамдар үшін ең бастысы – жұмыстың болуы және жалақының уақтылы берілуі. Тұрғындар мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері туралы білуі, қайтарымсыз гранттарға қол жеткізуі үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер. Салалық ведомстволар министрліктермен бірлесіп жұмыс істеуі керек, — деп атап өтті облыс әкімі.

Аймақ басшысы аудан әкімдерінен жыл соңына дейін бөлінген қаржының игерілуін қамтамасыз етуді талап етті.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.