• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:08
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы мүгедектерді оңалту бағдарламасының орындалуы бойынша бірінші орында тұр

turan_admin turan_admin
07.10.2021, 10:28
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысы мүгедектерді оңалту бағдарламасының орындалуы бойынша бірінші орында тұр
148
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мүгедектерді оңалту бағдарламасын орындау көрсеткіштері бойынша Жамбыл облысы республикада бірінші орында тұр. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Өңірде жалпы мүгедектігі бар 45541 адам тұрады, оның 6645-і кәмелет жасқа толмағандар. Мүгедектерді  әлеуметтік қолдау негізінен зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңіл­діктер ұсыну және әлеуметтік қызмет көрсету секілді үш бағытта жүзеге асады.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков ағымдағы жылы ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оңалтуға республикалық және облыстық бюджеттен 1,2 миллиард теңге бөлінгенін хабарлады. Бұл қаржыға 10081 мүгедектігі бар адам үшін сурдо, тифло, кресло-арбалар, протез-ортопедиялық және компенсаторлық құралдар сатып алу, санаторий-курорттық емдеуді ұйымдастыру жоспарлануда.

Есепті мерзімге мүмкіндігі шектеулі 9,1 мың адам 17,5 мың техникалық оңалту құралдарымен және сол санаттағы 6,4 мың адам оңалту қызметтерімен қамтылып, оған республикалық және жергілікті бюджеттерден 966,7 млн. теңге қаржы жұмсалған.

Облыста мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 78,1 пайызды құрап отыр (жылдық жоспар – 80 пайыз). Бұл бойынша республикалық маңызы бар қалалалар мен өңірлер арасында Жамбыл облысы бірінші орында.

— Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту және жұмысқа орналастыру мәселелері өте маңызды. Жауапты басқармалар олардың жұмысқа тұруына көмектесуі керек. Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың жұмысқа  деген ынталары жоғары. Бірақ біздің қолдауымыз болмаса, оларға өз мақсаттарына жету оңай емес. Біздің міндет – барлық кедергілерді жою. Олар барлық адамдармен тең дәрежеде білім беру мекемелеріне барып, жеке кәсіптерін бастауға тиісті грантқа қол жеткізе алуы керек. Мүмкіндігі шектеулі жандарды мәдени-спорттық шараларға белсенді түрде тарту қажет, — деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді қалалық инфрақұрылымды қалыптастыру мәселелеріне де назар аударды. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыстық департаментіне тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ, Ж.Баубеков 11 265 отбасындағы 56 724 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын хабарлады.

— Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтар тұрақты түрде мемлекеттің қолдауын сезінуі керек. Барлық әлеуметтік төлемдерді тұрғындар уақытылы алуы тиіс. «Qamqor» жобасы бойынша өңірде мұқтаж жандарға қолдау көрсететін 12 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Ол дүкендерде негізінен киімдер ұсынылады. Әлеуметтік дүкендердің арқасында мыңға жуық отбасы көмек алған.  Жастар саясаты мәселелері басқармасы осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастырып, мүмкіндігінше еріктілерді көптеп тартып, қайырымдылық акцияларын үнемі өткізіп тұруы керек.   Әлеуметтік павильондардан азық-түлікті төмен бағада сатып алуға болады. Бұл мәселені ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері бақылауда ұстауы тиіс, — деп тапсырды облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев Мамыр тоғайындағы иппотерапия орталығының құрылысын жеделдетуді жүктеді.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.