• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылда үш бірдей медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін орталық ашылды

turan_admin turan_admin
30.09.2021, 17:27
Облыс жаңалықтары
Жамбылда үш бірдей медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін орталық ашылды
170
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Заманауи үлгіде жабдықталып, білікті дәрігерлерден тұратын медициналық орталықтарТараз қаласындағы №5 емхана мен Жамбыл және Меркі аудандық ауруханасының базасында  медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетін үздік практикалық орталықтароблыста алғаш рет  ашылды. Бұндай игі бастаманың басты мақсаты –инновавиялық озық технологияларды пайдалана отырып, мамандардың кәсіби құзыреттілігін аттыру, олардың халық денсаулығы үшін жауапкершілігін күшейту, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру және науқастарға сапалы әрі шұғыл қызмет көрсетугебағытталған.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық орталық офисінің басшысы Мелитта Якаб, Медициналық Ұлттық қауымдастығының президенті Төлебай Рахыпбеков Меркі ауылындағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі үздік практикалық орталығының ашылуына қатысты.

— Барлығымыздың басты міндетіміз – халықтың денсаулық, өмір сүру сапасын арттыру.

Мемлекет басшысының қазақстандықтардың орташа өмір сүру мерзімін 75 жасқа жеткізу бойынша тапсырмасына сәйкестүрлі шаралар қабылдануда. Денсаулық сақтау нысандардың материалдық-техникалық базасы нығайып, дәрігерлердің айлық жалақылары да еселеп көтерілуде. Бала туу көрсеткіші мен халық санының өскендігі қуантады. Пандемия кезінде бұл жаман көрсеткіш емес. Мұның барлығы да мемлекет тарапынан қолға алынған жүйелі жұмыстар мен мамандардың өз қызметтерін жауапкершілікпен атқаруының жемісі-деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі өткен жылы өңірде 5 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілсе, биыл тағы 8 нысан ашылатынын жеткізді.Таразда облыстық онкологиялық диспансер іске қосылады.Өңірдің бес бірдей ауданыКТ аппратыменқамтылған. Сол секілді, Меркі ауданында да КТ және магнитті-резонанстық томография бар.

— Біз барлық аудандарды КТ аппараттарымен қамтамасыз етуді мақсат етіп отырмыз.  Маман тапшылығын шешу жолында  «Дипломмен – ауылға!» бағдармасының мүмкіндіктерін барынша пайдаланудамыз.  Тараз қаласында Қазақ ұлттық медицина университетінің филиалы ашылды,-деп атап өтті аймақ басшысы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық орталық офисінің басшысы Мелитта Якаб медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетудің үздік тәжірибелік орталығын ашу жолында көп жұмыс атқарылғанын айтты.

—  Денсаулық сақтау – ең бір назар аударатын сала. Мен Қазақстанда бұл салаға барынша көңіл бөлініп келе жатқанына көзім жетті. Жаңа диагностикалық орталықтар, заманауи емдеу мекемелері салынып, олардың соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталуы сөзіме дәлел. Оның бір айғағы ретінде, небәрі 9 ай ішінде, өте қысқа мерзімде осындай ауқымды жобаның жүзеге асуы. Мен бұл жерде төрт факторды атап көрсеткім келеді. Біріншісі – мемлекеттің қолдауы. Ел деңгейінде қолға алынбаса, мұндай тірлікті соңына жеткізу мүмкін емес. Бұл жерде осы жобаның тиімділігін дәлелдеп, іске бар ықыласымен кіріскен облыс басшығына дән ризамын. Екінші фактор–көшбасшылық болса, үшіншісі әріптестік. Сонымен қатар қызметкерлердің бірлігі мен біліктілігі маңызды рөл атқарады. Міне, осының бәрі ортақ мүддеге ойысып, керемет іс атқарылды. Заман талабына сай жаңа нысанда мобильді бригада қызметке кірісті. Ең бастысы мұның барлығы да халықтың болашағына бағытталып отырғанын түсінуіміз керек,-деді Мелитта Якаб.

Аудандық орталық аурухана базасында ашылған бұл орталықта барлығы арнайы дайындықтан өткен 10 білікті маман қызмет көрсетеді. Олардың төртеуі дәрігер, алтауы орта буын медициналық қызметкерлері.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.