• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:09
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылда облысында 1 миллион тоннадан астам пияз жиналды

turan_admin turan_admin
28.09.2021, 10:37
Облыс жаңалықтары
Жамбылда облысында  1 миллион тоннадан астам пияз жиналды
238
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысында еліміздегі пияздың 75 пайызы өсіріледі. Атап айтсақ, ағымдағы жылы 24,5 мың гектарға пияз дақылы отырғызылып, өткен жылмен салыстырғанда 2,0 мың гектарға артты. Оның ішінде Шу ауданында – 13,3 мың гектарға, Жамбылда — 5,5 мың гектарға, Қордайда — 3,3 мың гектар және Байзақта – 1,8 мың гектарға егілген.

Қазіргі таңда өңірде пияз жинау жұмыстары қызу жүруде. Бүгінге дейін 1,1 миллион тонна өнім жиналып, әр гектардан алынған орташа өнім 529,8 ц/га құрап отыр.

— Жалпы бұл дақылдың егіс көлемі соңғы 5 жылда 10 мың гектарға ұлғайған. 1 гектардан алынатын өнім көлемі де артуда. Мәселен, 2019 жылы орташа өнімділік 273,4 ц/га құраса, 2020 жылы 306,7 ц/га жеткен болатын. Биылғы түсім де айтарлықтай артып отыр,-дейді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов.

Айта кету керек, аймақта егілетін пияз дақылының 17 мың гектарына су үнемдеу қондырғылары қолданылуда. Сондай жаңа технолоияның игілігін көріп отырғандардың бірі Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылдық округіндегі «Ақкөл» шаруа қожалығы. Қожалық 45 гектарға тамшылатып суару технологиясын енгізіп, мол өнімге кенелуде.

— «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды» -дейді қазақ. Су үнемдеу технологиясын пайдаланып, қажетті тыңайтқыштың барлығын бердік. Нәтижесінде өнім көлемі артты. Менің алқабымда пияздың әр гектарынан 100 тонна, кейбір жерінде 110 тоннадан өнім алынуда. Бұл бұрынғы көрсеткіштен үш есе артық. Пиязды бір жыл еккен соң, екі жыл ол орынды бидай немесе қызылшамен алмастырып, үшінші жылы пиязды қайта егіп отырамыз, -дейді шаруа қожалық төрағасы Алтынбек Керімқұлов.

Жамбыл ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Самат Жарасбаевтың айтуынша, биыл аудандағы 117 шаруа қожалық еккен пияз дақылы 5582,4 гектарды құраған. Оның бүгінгі таңда 2875 гектары жиналып, жалпы өнім 101 833 тоннаға жеткен.

— Аудан бойынша 34 мың 700 тонна картоп, көкөніс және жеміс сақтауға қауқарлы 112 қойма бар. Оның ішінде 47 қойма пияз сақтауға негізделген. Онда 21 мың 115 тонна пияз сақтауға мүмкіндік бар, — дейді С. Жарасбаев.

Қазіргі таңда Әулиеата пиязы Ресейдің қиыр шығысынан бастап, Европа одағына дейін экспортталуда. Мысалы, өткен жылы 33,0 мың тонна пияз экспортталса, 581,0 мың тоннасы басқа облыстарға жөнелтілді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.