Бүгінгі таңда елімізде білім және ғылым саласына қатысты өзгерістер орын алуда. Білім саласында серпін байқалып, мемлекеттік грант саны да артып келеді. Арнаулы орта оқу орындары мен жоғары оқу орындарына түсушілер қатары да жыл сайын өсуде. Әр уақытта өзгерістер мен толықтыруларды қажет ететін білім саласының мемлекеттік саясатта маңызы ерекше.
Қазіргі уақытта экономист – бухгалтер, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешісі, техник – бағдарламашыларын, автокөлік механиктері, құрылысшылар, электромеханиктер және мұнай – газ кенорындарына техник-технологтарды дайындайтын Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің іргетасы 1963 жылдары қаланған. Аталған оқу орнының директоры Доғдырбек Манатбекұлымен сұқбаттасудың сәті түсіп, оқу орнының дамуы жайында әңгімелесіп қайттық. Сұқбат мәтінін назарларыңызға ұсынамыз!
- Қайырлы күн! Доғдырбек Манатбекұлы! Жаңа оқу жылы құтты болсын! Өзіңіз басқарып отырған оқу орнындағы жаңалықтармен бөліссеңіз. Бүгінгі таңда қандай кадрларды дайындаудасыздар? Оқу орнында неше мамандық бойынша білім берілуде?
— Ия, биылғы жаңа оқу жылы, яғни 2021-2022 жылғы оқу жылы штаттық режимде ұйымдастырылып басталды. Бұған ҚР-ның Бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы 36-қаулысына сәйкес рұқсат алынған. Осыған сәйкес санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, штаттық режимде оқу жылы басталды. Қазіргі кезде оқу орнында 578 бала күндізгі бөлімінде дәріс алады. Оның ішінде биылғы жылға 112 бала қабылданды. Алты (6) мамандық бойынша, 3-еуі жұмысшы мамандығы, 3-еуі орта арнаулы мамандықтар. Яғни бұл мамандықтар — бағдарламамен қамтамасыз ету, автокөлікке техникалық қызмет көрсету, электро-мехаликалық жабдықтарға қызмет көрсету, пайданалу, сонымен қатар жұмысшы мамандықтар үйлер мен ғимараттарға құрғақ құрылыс арқылы жөндеу, екіншісі — слесарлық іс және үшіншісі бұл — электр жабдықтары. Биылғы жылы бізге осы 6 (алты) мамандық бойынша өңірге берілген «Атамекен палатасы» арқылы қажеттілік мамандықтарға 112 бала қабылданды.
- Ал, қазіргі уақытта білім алушылардың жалпы контингенті қандай?
— Толықтай бүгінгі таңда 1-ші курс пен 4-ші курс аралықта 578 бала білім алуда. Себебі бұл контингенттің ұлғаюы колледж үшін биылғы жылы облыс әкімдігінің 30-шілдедегі қаулысына сәйкес Қаратау құрылыс-техникалық колледжіне нөмірі 2-ші Қаратау қосылып қайта құрылып жатыр. Осыған байланысты контингентіміз ұлғайды.
- Аталған оқу орнынан неше білім алушы қатарларыңызға қосылды?
— Ол жақтан бүгінгі таңда бізге 107 бала келді. Бес (5) топ. Үш (3) мамандық бойынша. Бұлар: аспазшы — 2-ші, 3-ші курс, содан кейін автослесарь — 2-ші курс және дəнекерлеу ісі бойынша 2-ші, 3-ші курс.
- Екі оқу орны қосылды. Материалдық-техникалық базаларыңыз да кеңейді деп ойлаймын. Алдағы уақытта қандай жаңашылдықтар күтілуде?
-Біріншіден, бұл жаңашылдық дегеніміз біздің оқу ғимаратымыз бейімделген. Екіншіден, біз жаңа типтік ғимарат қабылдап жатырмыз, бұл материалдық-техникалық базасын ұлғайту. Яғни, осы екі (2) оқу орындарындағы мамандықтар бойынша материалдардық-техникалық базасын, лаборатория, шеберханалардың жағдайын жақсарту. Біз оның үстіне «Жас маман» жобасының бірден-бір қатысушысымыз. Республикада 180 колледждің, Жамбыл облысындағы 11 колледждің бірі болып есептелінеміз. Осыған байланысты қазір үш (3) мамандық бойынша жаңарту, жаңғырту мәселелері жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда біз 62 құрал-жабдық алмақпыз.
- Материалдық-техникалық базаларыңыз бойынша нақты қандай құрал-жабдық алу жоспарда бар?
— Бізде 3 мамандық бойынша жаңғырту мәселелері жүргізіліп жатыр. Біріншіден, автослесарь бойынша көліктің диагностикасы, покраска технологиясы, авто-электр жағындағы жөндеу жұмыстарына қолданатын құрал жабдықтар. Одан кейін электрмен жабдықтау мамандығы бойынша үш (3) лабораториялық кабинет алып жатырмыз. Оның барлығы осы оқу процесін өндірістік жағдайға жақындату. Осы тұрғыда балалардың кәсіби біліктілігін көтеруде біздегі «Жас маман» жобасы бойынша алып жатқан құрал-жабдықтар өзекті екені айдан анық. Ол бірден-бір олардың кәсіби біліктіліктерін көтереді. Бұл «Жас маман» жобасына қатысу, тек қана оқу процесінде қолданбаймыз, оларды біз қысқа мерзімді курстарда жаңа жұмыс орындарына баратын адамдарды оқыту үшін де пайдаланамыз. Осы үш (3) мамандық бойынша ресурстық орталық ашылады, құзыреттілік орталықтар ашылады. Сол құзыреттілік орталықтарда тек қана колледждің мұғалімдері немесе студенттері үшін емес, осы өңірде орналасқан басқа да колледждер үшін және басқа да қысқа мерзімді оқуда білім алатын азаматтар үшін де қолданылады. Мұның əлеуметі өте жоғары.
- Еңбектеріңіз жана берсін! Ал бүгінгі таңда өзіңіз басқарып отырған оқу орны қандай мекемелермен тығыз жұмыс жасауда? Қандай мемлекеттік мекемелермен меморандум аясында жұмыстар жүргізілуде?
— Өте дұрыс айтасыз. Бүгінгі таңда колледж осы өңірдегі өндіріс орындарымен тығыз байланыста. Себебі біздегі кəсіби іс- тәжірибенің (практикалық) көп бөлігін осы мекемелермен өткіземіз.»Talas investment» компаниясы, бұл компаниямен біз химиялық- технологиялық өндіріс мамандығы бойынша 4 жақты келісім шартқа отырдық. Бүгінгі таңда студенттеріміз дуалды оқыту жүйесі бойынша осы мекемеде. Сонымен қатар «Қазфосфат» ЖШС Шолақты тау-кен өндірісі кешенімен тікелей тығыз байланыстымыз. Бұл жерде электро — механикалық жабдықтар, автокөлік техникалық қызмет көрсету мамандықтары бойынша тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар газ шаруашылығы яғни газ жабдықтау жүйесі оны монтаждау мамандығы бар. Ол мамандық бойынша осы өңірдегі «ҚазТрансгаз аймақ», «Талас газ» шаруашылығы, «Газ сервис» мекемелерімен тығыс байланыстамыз. Ал енді құрылыс мамандықтары бойынша Жамбылдағы ең үлкен «Бином», «ҚазМұнай Құрылы»с ЖШС және осы маңда өзімізде орналасқан «ПАзыл-Қаратау жолдары» мекемелерімен тығыз байланыстамыз. Осы мекемелердің базаларында біздің студенттеріміз, өндірістік технологиялық іс-тәжірибелерден өткізеді. Біз ол жерде өткізіп қана қоймаймыз олардың білікті мамандарын бізге шақырып олардың кәсіби біліктілігін анықтауда аралық қорытынды аттестация яғни мемлекеттік біліктілік емтихандарына диплом жобаларын қорғауда комиссия мүшелігіне шақырып, жұмыс жүргіземіз.
- Оқу орнының деңгейі оны бітірген түлектерімен де анықталып жататыны рас. Ел үшін еңбек етіп, халық үшін қызмет ететін оқу орнының түлектері туралы айта кеткен жөн болар.
— Бүгінгі таңда, 2019,2020,2021 жылғы біздің бітірген түлектеріміз барлығы жұмысқа тұрды. Түлектердің жұмысқа орналасуы 85-95% аралығында. Ал соның ішінде 50% жұмыспен тікелей қамтылады. Ал енді оның ішіне ЖОО-на түсетін, одан кейін Қарулы күріштер қатарына, әскери борышын өтеуге баратын студенттер бар және өзін-өзі қамтыған студенттер бар.
- Ендігі кезекте осы оқу орнын тәмамдаған, бүгінгі таңда білікті маман атанып, елдің экономикалық тұрғыда өсуіне атсалысып жүрген түлектер туралы айта өтсек.
— Колледждің тарихы бай, биыл колледжге 58 жыл толды. Бізде үздік түлектеріміз бар. Мысалы олардың көбісі еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуына өз үлесін қосып, әкімшілік басқару органдарында, бизнес саласында жұмыс істейді. Мысалы, Арқабек Төлебаев – бүгінгі таңда жалғыз Жамбыл облысы емес, Республикаға белгілі меценат, кәсіпкер. Мырзақасым Байбеков – кезінде «ревизионный» комиссияны басқарған, облыс әкімінің орынбасары болды. Бүгінгі таңда ауданымызда еңбек етіп, әкімшілік қызметте бизнес саласында жүрген азаматтарымыз бар. Мысалы, Рысбаев Мақсат – Қаратау қаласының әкімі, Манатбек Нұрсұлтан– Талас ресурстық орталығының директоры,Талас аудандық мәслихатының депудаты. Осындай түлектеріміз бар. Сонымен қатар, бизнес саласында, үлкен ірі кәсіп орындарда, «Игілік» мекемесінде бас есепші болып қызмет атқаратын – Оразкүл Елшімақова деген қызымыз бар. Сонымен қатар, Жастар орталығында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында біздің түлектер баршылық.
Сұхбатыңызға рақмет! Білім бәйгесінде бағындырар белестеріңіз биік болсын! Түлектеріңіз ел мақтанышына айналысын! Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз!
Сұқбаттасқан Исламбек Дастан
Фото автордікі.
Мақала «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» КММ тапсырысымен дайындалды