Күні кеше сары аймаққа өткен Жамбыл облысында вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өткен тәулік ішінде облыста 7 178 адам вакцина алды. Егу науқаны басталғалы барлығы – 385 516 тұрғын вакцинацияланды. Оның – 282 780-і екінші компонентін алғандар. Тараз қаласының тұрғыны Ардақ Сұлтанбаев коронавирусқа қарсы вакцинаны бүгін алғаш рет салдырды.
«Жасыратыны жоқ, бұған дейін екпені «салдырсам ба екен, әлде салдырмасам ба», деп он ойланып, сан толғандым. Ақыры бүгін нақты шешімге келіп, өз еркіммен екпе ектіруге бекіндім. Өйткені, мен өз отбасыма, қоғамға және жұмысыма керекпін»,- дейді ол.
Қазір Тараздағы «ZHANUYA» емханаcына келіп, екпе ектіріп жатқан тұрғындардың қарасы қалың. Тіпті, азаматтар вакцина салдыру үшін кезек күтіп тұр. Екпенің екінші кезеңін қабылдауға келген Марина Габдулина — зейнеттегі медицина қызметкері. Оның айтуынша, екпе ектіру – вирустыинфекцияны тежеудің бірден бір жолы. Сондықтан, тұрғындар бұдан қорықпауы тиіс.
Мамандардың айтуынша, бұл емханада күн сайын 180-200 адам вакцина қабылдауда. Жағдайды көзбен көріп, іштей түйсінген жұрт қазірбұрынғыдай емес, вакцинаның пайдасын жіті түсінген. Өйткені, жақындары мен жалпы адамзаттың қауіпсіздігі үшін ең тиімді жол – вакцинация!
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі