ҚР туристік саласын дамытудың 2019 — 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – 2025 жылға қарай Қазақстан Республикасының ЖІӨ жалпы көлемінде туризмнің кемінде 8% үлесін қамтамасыз ету. Тараз қаласының қасиетті және көрнекті жерлеріне 5 тарихи-өлкетану экспедицияларын жүргізеді.
Ал «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – орта мерзімді перспективада республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болаш ақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Open-akimat», «Е-ksk», «Геоақпараттық портал», «Е-билеттендіру» жобалары іске асырылды. Ал «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Жамбыл облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен 42 млрд. 58 млн. теңгеге 15 жоба қаржыландырылды. Қазіргі таңда бұдан бөлек 139,0 млн. теңгені құрайтын 15 жоба «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына жолданып, қарастырылуда.
2021 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Тараз қаласына 12 жобаны іске асыруға 5 млрд. 645 млн. 191 мың теңге бөлінді. Оның ішінде, облыстық басқармалардан өтетін нысандар 3, қала арқылы өтетін нысандар 9 жобаны құрайды. Атап айтсақ, білім нысандарының құрылысына 3 240 526 мың теңге, су құбырларының құрылысына 135 186 мың теңге, Көктем шағын ауданындағы тұрғындарды газбен қамтуға 148 987 мың теңге, 28 саяжай мен «Шөлдала», «Құмшағал», «Қызыл Абад», «Казарма», «Көлтоған» тұрғын алқаптарын электрмен қамтамасыз етуге 2 120 492 мың теңге қаралды. Сонымен қатар, 2020 жылы жергілікті қала бюджетінен бастапқы қаралған қаражат сомасына 7-інің конкурс рәсімдері өтіп, жеңімпаздары анықталып, 2021 жылы мамыр айында қосымша келісімдер жасалынып, жұмыстар жүргізілуде. Жалпы бағдарлама аясында 341 жұмыс орнын, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 273 адам жұмысқа тарту көзделген. Бүгінгі таңда орталықтың жолдамасымен 4 жұмыссыз азаматтар жолданған.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды