Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Аталмыш бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылды. Өртті сөндіруге әскери бөлімнің шынжырлы өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысының ТЖД өрт сөндіру есептоптары көмектесуде.
Өрт ошағын жою жалғасуда. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.
Өрт сөндіру барысында төрт адам қаза тапты. Он шақты жарылыс орын алды. Қайтыс болғандар: полковник, военный прокурор Катенов, сержанат Мишимбаев, ефрейтер Жанбулатов, әскери күзетші Далибаев деп хабарлады министр Нұрлан Ермекбаев.
Қайтыс болғандардың аты жөні нақтылануда.