Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері және тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Жалпы орта білім беру мекемелерінде тарих пәнін оқытудың ерекшеліктері мен міндеттері» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.
Аталған онлайн жиынға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәні мұғалімдері, барлығы 263 білім қызметкерлері қатысты.
Секция отырысында 2021-2022 оқу жылының бағдарламалары, тарих пәнін оқытудың ерекшеліктері мен міндеттері, тарих сабақтарында пәндік құзыреттіліктерді дамыту туралы ақпарат пен әдістемелік ұсынымдар берілді.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы