Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне «Жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілі пәнін оқытудың жайы және жаңа оқу жылындағы міндеттер» атты тамыз педагогикалық кеңесінің секция отырысы өтті.
Секция отырысында «2021-2022 оқу жылында жалпы орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Эссе жазудың негізгі талаптары талқыланды. Тәжірибелі педагогтер желілік қауымдастықта ағылшын тілі сабағын тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсынды. Пәнді оқытуда заманауи технологияларды енгізудің ерекшеліктерін таныстырып, тәжірибе алмасу үшін мұғалімдердің диалогтік алаңы құрылды.
Аталған іс-шараға барлығы 243 педагог қатысты.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы