Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы тарапынан іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, басқарма мен ведомстволық бағынысты мекеме қызметкерлерімен 2021 жылы 3 рет семинар өткізілген. Сондай-ақ, азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін уақтылы және толық қарастырылуын қамтамасыз ету, олар бойынша шешім қабылдап, заңмен белгіленген мерзімде өтініш иесіне жауап қайтару басқарманың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының орындалуы қатаң түрде бақыланады. Келіп түскен өтініштер бойынша заңнамамен белгіленген мерзімде түсінік беріліп, шаралар қолданылады. Өтініштерде мерзімін бұзып жауап беру және сыбайлас жемқорлық айғақтары анықталған жоқ.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру мақсатында басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрышы мен өтініштер үшін арнайы жәшік орнатылған. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын бұзу фактілері туралы хабарламаларға жедел түрде шара қолдану мақсатында басқарма басшысы азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдауын жүргізуде. Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына тікелей жауап беретін «сенім телефоны» жұмыс істеп келеді.
Сонымен қатар, аталған басқармаға ағымдағы жылы «Жамбыл туристік индустрия қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі В. Батуеваның «Туризм саласына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту бағытындағы жұмыстарды атқаратын арнайы кеңес құру» туралы ұсынысы келіп түскен. Осы ұсынысқа сәйкес «Туризм кластерін құру және дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобының құрамын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қазандағы №239 қаулысына өзгерістер енгізіліп, жұмыс тобының жаңартылған құрамы Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 124 қаулысымен бекітілген. Жұмыс тобының құрамына облыстық басқармалардың өкілдері, облыстың барлық аудандары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ туристік қызмет саласындағы қауымдастықтардың, туристік ұйымдар мен өзге де бірлестіктердің өкілдері енгізілді. Туризм кластерін құру және дамыту мәселелері бойынша құрылған Жұмыс тобы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар мен туристік бизнес өкілдері бірлесіп, облыстың туризм нарығын тұрақтандыруға бағытталған дағдарыстан шығу шараларын әзірлеу – жұмыс тобының негізгі мақсаты болмақ.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды
Фотосурет egemen.kz