• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:31
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бердібек Сапарбаев вакцинациялау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды

turan_admin turan_admin
17.08.2021, 16:58
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев вакцинациялау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды
94
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен коронавирустың алдын алу жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті.

Жиында баяндама жасаған облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтың айтуынша, қазіргі таңда Тараз қаласы мен Талас, Шу, Қордай аудандары «қызыл» аймақта тұрса, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Сарысу, Т.Рысқұлов, Байзақ және Мойынқұм аудандары «жасыл» аймақта.

Ағымдағы жылдың 13 тамыздағы жаңдай бойынша облыс аумағында жалпы COVID-19 індетінің 14 782 жағдайы тіркелсе, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 1298,3 құраған. Пневмонияның жалпы 6345 жағдайы тіркелген. Ал, соңғы жексенбіде КВИ-дың 140 жағдайы, пневмонияның 42 жағдайы белгілі болған.

Бекітілген жоспарға сәйкес, ағымдағы жағдай бойынша облыстағы ауруханаларда 3 584 инфекциялық төсек қоры, оның ішінде 416 реанимациялық төсек қоры, оған қоса 170 төсек орынға арналған карантиндік стационарлар жұмыс атқаруда. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, инфекциялық стационарларда 2265, реанимацияда 183 науқас ем қабылдауда.

Облыс бойынша жыл басында 582 мың адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияланады деп жоспарланған. Қазіргі таңда жалпы 318 331 адам екпе алып, жоспар 54,7 пайызға орындалып отыр. Сондай-ақ, басқарма басшысы қажетті дәрі-дәрмектің жеткілікті екенін айтты.

— Бәрі ойдағыдай болса, біз неге республикалық көрсеткіш бойынша 12-13 орындарда тұрмыз? Мынау көрші Түркістан облысында вакцина алудың бірінші компоненті 71,2 және екінші компоненті 57,7 пайызға орындалған. Ал біздің мұндай көрсеткішке жетуімізге не кедергі? — деп сұрады облыс әкімі.

Басқарма басшысы «қызыл» аймақтағы Тараз қаласы мен аудандармен жұмысты күшейтіп жатқандарын айтып ақталды.

Штаб отырысына онлайн қосылған Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев шаһар бойынша ауруханаға түсушілер саны осы аптада азая бастағанын, оның бір себебі ретінде мейрамханалардағы қаптаған тойлардың тоқтатылуын алға тартты. Қала басшысы әр жоғары оқу орындары мен колледждерге медицина мамандары арнайы барып, студенттерге вакцина салу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін жеткізді.

— Тараз қаласының №6 округінде вакциналау көрсеткіші 44, ал №10 округте 53 пайызға орындалған. Бұл округ инспекторларының жұмысының алуандығын көрсетеді. Шу ауданында 19 ауылдық округтің 10-ы және Шу қаласы «қызыл» аймақта. Шу қаласының көптеген мейрамханаларында жасырын той тоқтай қойған жоқ. Аурушаңдық соның салдарынан артып отыр,- деді Бердібек Сапарбаев.

Одан әрі облыс басшысы екпе бойынша көрсеткіші артта қалған бірнеше ауданның ауылдық округтері бойынша нақты фактілермен мысалдар келтірді.

Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Алмас Мадиев екпе алдырған тұрғындардың ауырмағанын, ауырса да жеңіл өтіп жатқанын, ал жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың барлығы екпе алмағандар екенін ашық айтты.

— Адамдардың өмірі бәрінен қымбат. Барлық аудан әкімдігінің өкілдері ауылдық округтерге шығып, екпе бойынша түсіндіру жұмыстарын арттыра түсулері қажет. Ауданның ақсақалдарын, беделді азаматтарын бұл іске жұмылдырғандары жөн. Түсіндіру жұмыстары нашар жерде, екпе де нашар жүріп жатыр. Бұлай болмайды. Жаңа оқу жылы басталуға жақын. Білім басқармасы барлық мектептердің қауіпсіздігін, «Ашық» бағдарламасының енгізілуін, оқушылардың алаңсыз білім алуына жағдай туғызуды қатаң бақылауға алсын,- деді аймақ басшысы.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі жауапты тұлғаларға оттегінің және қажетті дәрі-дәрмектің жеткілікті болуын қамтамасыз етуді, ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін вакцина жұмыстарын жеделдетуді, қоғамдық орындарда дезинфекция шараларын жандандыруды жүктеді.

Дереккөз – Жамбыл облысының әкімдігі 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.