Жамбыл облысында облыс аумағында жер қатынастарын реттеу мәселесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүргізіліп шешімін табуда. Бүгінгі таңда Жамбыл облысының жер қоры 14,4 млн гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер — 4705,5 мың, елді мекендердің жерлері – 464,8 мың, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлер – 174,7 мың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 11,6 мың, орман қорының жерлері – 4429,0 мың, су қорының жерлері – 356,0 мың, босалқы жерлер — 1796,4 мың гектарды құрайды. Жамбыл облысы аграрлы-индустриялды аймақ болып табылады. Қолда бар жер қорының 72 пайызының егін және мал шаруашылықтарын дамытуға қолайлы. Сәйкесінше, бұл аграрлық саланы дамыту мүмкіндіктерінің жоғары екендігін көрсетеді.
Осы мақсатта ағымдағы жылдың есепті кезеңінде 6 конкурс өткізіліп, 59,8 мың га ауыл шаруашылық жері рәсімделді. Жер заңнамасына сәйкес мемлекет меншігіндегі және пайдалануға берілмеген жерлерге құқықтар сауда – саттық арқылы берілу керек. Жамбыл облысы Республика бойынша Батыс Қазақстан облысынан кейін екінші болып 2020 жылдан бастап жердің сауда – саттығын электронды форматта өткізуде. Қазіргі уақытта «Атамекен» Республикалық кәсіпкерлік палатасының облыстағы филиалымен бірлесіп кәсіпкерлікті қолдау шаралары тұрақты жүргізілуде. Осы мақсатта ағымдағы жылдың алты айында облыс бойынша 6 электронды аукцион өткізіліп, 27,7 га жер 84,5 млн теңгеге бағаланып сатылды.
Жамбыл облысы аумағында барлығы 8,1 млн. гектар жайылым жер болса, оның 3,6 млн.га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, 363,5 мың га елді мекен жайылымы және 1,7 млн.га орман қорындағы жайылымдар құрайды. Сонымен қатар, статистикалық есепке сәйкес өңірде барлығы 3,6 млн. мал басы тіркелсе, соның 107,2 мың басы елді мекендегі сауын сиырлар құрайды.Облыс әкімдігі тарапынан облыстық прокуратурамен бірлесіп елді мекендердегі жайылым жерлердің пайдалануына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде қоғамдық пада үшін облыс бойынша 683 мың га жайылым жер жетіспейтіндігі анықталған. Мәселені жүйелі түрде шешу үшін, әрбір елді мекендердегі мал бастарының жайылым алқаптарына жүктемелігі және шаруашылықтардың мал басына шаққандағы жайылым көлемдерінің сәйкестігі, сондай-ақ ветеринарлық нормаларын және басқада заңдардың іс жүзінде жүзеге асырылуы жөнінен зерделеніп, 5 бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алғашқысы, жер кодексінің 36-бабына сәйкес ауылдық округ теңгеріміне маусымдық жайылым ретінде қосымша жер беру жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 17,6 мың га бекіліп берілген. Екіншісі, ортақ жайылым жерлердің жеке пайдалануға беріліп кеткен бөлігінің және елді мекендер аумағына 5 шақырым радиуста жақын орналасқан жайылым жерлердің иелері анықталған. Осы жерлер есебінен 199,6 мың гектар жайылым жерлерді ауылдық округтерге бекітіп беру келесі жылдың наурызына дейін шешілетін болады деп жоспарлануда. Үшіншісі, мал басы көп тұрғындар қолындағы малдарын орман қоры жеріне шығару ұйымдастырылуда. Орман қорына 242,9 мың мал басы шығарылды. 42 елді мекенге жақын орналасқан 109,0 мың га орман қорындағы жайылым жерді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге ауыстыру үшін ҚР Экология, геология және табиғатты реттеу министрлігіне тиісті ұсыныстар енгізілген. Төртінші, жер пайдаланушылармен өнімі жиналып алынған кедергісіз мал жаю үшін Меморандум жасау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы көлемі 486,5 мың га болатын 2071 шаруа қожалықпен меморандум жасалған.Бесінші, игерілмеген және заң талаптарын бұза отырып пайдаланудағы 252,3 мың га жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жүргізілуде.
Облыс аумағында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау бойынша аудан әкімдіктері тарапынан жұмысшы топтар құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде екі жыл қатарынан пайдаланбаған 252 277 га пайдаланылмай жатқан жайылым жерлер анықталды. Қазіргі таңда өз еріктерімен 55 588 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылған.
Заңсыз берілген 2552 га елді мекен жайылым жерлерін қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде 1098 га сот шешімімен қайтарылған. 542 га құрайтын жер учаскелері сотта қаралуда. 18 га жер учаскесі бойынша материалдар сотқа әзірленуде. 360 га жер учаскелеріне зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды