Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі басты мақсаты – санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты, мүдделі мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимыл негізінде реттелетін саланы бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған: халық арасында тағамнан уланудың алдын алу мен қауіпсіз емес тамақ өнімдерінен қорғау, сумен жабдықтау, эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырып өткізеді.
Негізгі инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша кешенді бағдарламалар мен жоспарларды іске асырудың арқасында Жамбыл облысында инфекциялық аурулардың бақыланатын 99 нозологиялық формасының ішінен 27 инфекцияның төмендеуіне қол жеткізілді (27,2%), оның ішінде сальмонеллез ауруы 4 жағдай, бактериялық дизентерия 2 жағдайда, бактериалды дизентерия 2,9 есе, жедел вирусты гепатит 6 жағдайға, созылмалы вирусты гепатит 20,9%, ЖРВИ 15,0%, бруцеллез 31,6%. Тырысқақ, оба, туляремия, іш сүзегі, паратиф безгегі, лейшманиоз, риккетсиоз, безгек аурулары тіркелмеген, облыс тұрғындарын жұқтыру қаупі жоғары. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды тиімді қамтамасыз ету — мекендеу ортасының (тұру, еңбек, оқу, демалыс және т.б.) қолайлы жағдайлары бар халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру, бірқатар соматикалық ауруларды, оның ішінде тиімсіз және дұрыс тамақтанбау, микронутриенттік, йод және басқа да жетіспеушілікпен байланысты ауруларды төмендетуге бағытталған. Стратегиялық жоспардың өзекті міндеті санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру болып табылады.
2021 жылдың 1 жартыжылдығында Жамбыл облысында тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану және сауда кәсіпорындарында тамақ өнімдеріне қатысты өршулерге жол берілген жоқ. Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің басым бағыттарының бірі облыс тұрғындары арасында йод тапшылығының алдын алу болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 «Қазақстан Республикасында бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге мараторий енгізу туралы» Жарлығына сәйкес, Жарлықта көзделген жағдайларды қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2020 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге тыйым салынған. Йодталған ас тұзын өндіру жөніндегі барлық объектілер — шағын кәсіпкерлік объектілеріне /субъектілеріне жатады, осыған байланысты ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізілген жоқ. Жалпы Жамбыл облысы бойынша 2021 жылдың 1 жартыжылдығына хабарлама жасау тәртібі бойынша 3 заңды тұлға санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуді жүзеге асыруда. 2021 жылдың 1 жартыжылдығында өнім қауіпсіздігінің мониторингінің нәтижелері бойынша 607 өнімнің сынамалары іріктеліп зерттелді, оның 163 сынамалары, немесе 26,8% техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді. Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне оларды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 26 ұйғарым шығарылған.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды