ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысы өткен болатын. ҚР-ның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру аясында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 4,83 есеге ұлғайды, электр энергиясын өндірудегі жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) үлесі 3%-ға дейін, газ электр станцияларының үлесі 20,2%-ға дейін артты. Қалаларда орталық ауыз сумен жабдықтау жүйесі тұрақты түрде қолжетімді су пайдаланушылардың үлесі 97,5%-ға, ауылдық жерлерде 90,1%-ға жетті. ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы 2008 жылғы көрсеткіштен 33,1%-ға төмендеді.
Кеңес отырысында Үкімет басшысы Қазақстанның Париж келісімі бойынша қабылдаған халықаралық міндеттемелерін және 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін, сондай-ақ әзірленіп жатқан «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын ескере отырып, ҚР-ның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы өзектендіруді тапсырған болатын. Жоғарыда жазылған мәліметтерді назарға ала отырып, Жамбыл облысының экологиялық ахуалына талдау жасайық.
Жамбыл облысы бойынша экология департаменті Мемлекеттік бақылау бөлімі бойынша 2021 жылдың 1 жартыжылдығында профилактикалық бақылау тізіміне 13 субъект кірді. Ағымдағы жылы Департаментпен 27 табиғат пайдаланушыларға тексеру жүргізілді, оның ішіндеі 15 жоспардан тыс тексеру, бару арқылы 12 профилактикалық бақылау жүргізілген. Нәтижесінде 27 құқық бұзушылық фактілері анықталып, оларды жою үшін 20 нұсқама берілген. Анықталған құқық бұзушылық бойынша 37 әкімшілік істер қаралып, 5 090,340 мын теңге айыппұлдар салынып, бүгінгі күнге оның 35-і, яғни 4 494,490 мын теңгесі өндірілген. 8 528,840 мың теңге сомасына 19 талап (нұсқама) жолданып, барлығы өндіріп алынған. Қоршаған ортаға келтірілген залалдың 19 фактісі бойынша 8 528,840 мың теңгеге талаптар жолданып, қазіргі таңда барлығы өз еркімен өндірілген.
Өткен жылдан өтпелі «СП «Сине Мидас Строй» кәсіпорыннан мемлекет пайдасына 189 527 151 теңгені өндіру жөнінде талап-арыз Ақтөбе Облыстық ауданаралық экономикалық соттың 21.07.2021 жылғы шешімімен қанағаттандырылған. 6 айдың нәтижесінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсыз және берілген рұқсат көлемінен тыс эмиссия шығарудың алдын-алу мақсатында ластаушы көздерді тоқтатуға сотқа 8 талап-арыз жолданып, 6-уі қанағаттандырылды, 1-уі қараусыз қалдырылды, қоршаған ортаға эмиссияларға құжаттарды ұсынуына байланысты және 1-уі сот өндірісінде.2021 жылдың 6 айында Мемлекеттік реттеу бөлімі бойынша Департаментпен 54 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: І санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру — 17, І санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру – 37. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны барлығы 62 құрады, оның ішінде: сараптама бойынша — 55, рұқсаттар бойынша — 7 («Е-Лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры арқылы). І санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама бойынша 55 бас тартудың: алдын ала сараптама бойынша бас тартылғаны — 8, келісілмегені — 47. Зертханалық талдамалы бақылау бүгінде сынақтау зертханасында өндіріс шығарындылары нормативтерінің сақталуын бақылау бағытында табиғи су құрамынан 35, шайынды су құрамынан 45, топырақ құрамынан 13, санитарлық қорғау аймағынан 18, атмосфералық ауаға шығарылып тасталатын шығарындылар құрамынан 13 көрсеткіштер бойынша зиянды заттар мөлшері анықталған.
Есепті мерзімде зертханалық зерделеу жұмысының нәтижелері бойынша қоршаған ортаға келтірілген залал үшін табиғат пайдаланушыларға 3 млн 899 мың теңге көлемінде талап-арыз, 462 мың 636 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Департаментке табиғатпайдаланушылардан келіп түскен 856 өндірістік экологиялық бақылау есептері қарастырылған. Оның ішінде: «Амангелді газ», «Integra Construction KZ» және «Adelia Mining» ЖШС-не жасалынған есептіліктер тексеріліп, кездескен сәйкессіздіктер жөнінде табиғат пайдаланушыларға ескерту хаттары жіберілген. Сонымен қатар, осы табиғат пайдаланушыларға өз қызметін көрсеткен зертханалардың күмәнді деректері жөніндегі ақпараттарды, атап айтқанда үш зертхананың: «Эко-Аналит», «Эко Люкс-Ас» және «Институт инновационных исследований и технологии» жауапкершілігі шектеулі серіктіктестерінің сынақтау зертханаларының құжаттары Ұлттық аккредиттеу орталығына жіберілген. Табиғат пайдаланушылардан келіп түскен есептіліктерді тексеру кезінде, Экологиялық Кодекс талаптарын өрескел бұзған фактілер анықталып, яғни, өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі ішкі есепті жүргізу, және есептілікті уәкілетті органға белгіленген тәртіппен ұсыну міндеттерін орындамағаны үшін Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар басқармасы тарапынан қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берілген 15 табиғат пайдаланушының құжаттары осы басқармаға қарастырылуға жолданған. Департаменттің осы бағытта (өндірістік экологиялық бақылау бойынша) жүргізіп отырған жұмысы Комитеттің 28 мамыр күні есептік кездесуінде жоғары баға алып, «аккредиттеу аттестатын қайтарып алу бөлігінде ӨЭК есептерін талдау бойынша Департаменттің оң тәжірибесін атап өту, барлық аумақтық департаменттер бойынша практиканы қолдану» туралы хаттамалық шешім шығарылған
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды