• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:07
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

turan_admin turan_admin
16.07.2021, 16:32
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары  анықталды
209
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тараз қаласы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябағында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы облыстық кезеңінің биылғы жеңімпаз және жүлдегерлерін марапаттау шарасы өтті.  Игі шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

– Қазақта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген қанатты сөз бар. Әр ұлттың, әр мемлекеттің болашақ дамуы отбасындағы тәрбиеден негіз алады. Осыдан 7 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауын өткізу туралы бастама көтерген болатын. Содан бері дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан  «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының әр шаңыраққа берер тағылымы мол. Аталған отбасылық додаға жамбылдықтар да белсене қатысуда. Осы жылдар ішінде аталған байқауға біздің өңірден 1200 отбасы қатысып, бақтарын сынаған. Осы отбасылардың белсенділігіне қарап, тағы мыңдаған жас шаңырақта береке мен бірліктің, бақыт пен татулықтың шамы жанғаны анық. Биылдың өзінде 202 отбасы қатысқан екен. Олардың дені көпбалалы отбасылар. Өңірімізде 36 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар. Мемлекет тарапынан оларға үздіксіз қолдаулар көрсетіліп келеді. Еліміздің тыныштығы, бірлігі, татулығы әр шаңырақтың беріктігімен қалыптасады. Осы байқаудың облыстық кезеңіне қатысқан барлық отбасына алғысымды білдіремін,-дей келе аймақ басшысы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы облыстық кезеңіннің жеңімпазы, тараздық Умаровтар отбасын марапаттап, оларға 500 мың теңгенің сертификатын табыс етті.

Үш буыннан бері дәрігерлікті үзбей келе жатқан Умаровтар отбасының өзгелер үшін расында да өнегесі мол. Олардың жалпы дәрігерлік еңбек өтілдері – 147 жылдан асады. Отағасы, марқұм Мұхтар Умарұлы өмірінің 44 жылын денсаулық саласына арнаған екен. Жұбайы Марифат Азизова өмірінің 40 жылын ұстаздықпен өткізген. Отағасының дәрігерлік жолын Гулам, Гавхар, Гафур атты ұл-қыздары жалғап, жемісті еңбек етуде. Гулам Мұхтарұлы облыстық мәслихаттың депутаты, облыстық «Қан» орталығының басшысы ретінде қоғамға белсенді үлес қосуда. Осы әулеттің Шахноза, Айшахон атты немерелері де дәрігерлік мамандықтары бойынша жоғары білім алуда. Жеңімпаз атанған бұл отбасы байқаудың республикалық кезеңінде бақ сынамақ.

Айта кетейік, аталған байқаудың жүлделі бірінші орынына Т.Рысқұлов ауданынан Исаевтар отбасы ие болды. Аталған отбасы 2019 жылы «Отбасы үлгісіндегі балалар үйін» ашып, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан 6 ұл-қызды патронаттық тәрбиеге алған. Бұл күнде отбасыларында 10 ұл-қыз өсіп келеді. Ал, байқаудың екінші жүлдесіне Жамбыл ауданынан Тазабековтер отбасы лайық деп танылыпты. Отағасы Тұрғанбек Тазабеков 66 жаста. Ұзақ жылдар атбегілік кәсіппкен айналысады. Жұбайы Күлшакира Елеубекқызы «Алтын алқа» иегері. Жанұя құрғандарына 42 жыл. Олар 9 ұл-қыздан 22 немере сүйіп отыр. Сондай-ақ, байқаудың үшінші жүлдесі меркілік Жұматаевтар отбасына бұйырды. Бұл отбасы 2006 жылдан бері 100 мүгедек балаға қол ұшын созған. 25 жасты жұмыспен қамтып, 15 адамға тегін дәрі — дәрмек таратқан. Елордада екі, Бішек пен Тараз қалаларында 5 студент осы отбасының демеушілігімен алаңсыз тегін білім алуда. Ал жуалылық Мұратаевтар отбасы «Өнерлі отбасы» аталыммен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтарға ие болды. Шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.