• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:10
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бердібек Сапарбаев ұлттық спорт түрлерінің жеңімпаздарымен кездесті

turan_admin turan_admin
12.07.2021, 22:07
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев ұлттық спорт түрлерінің жеңімпаздарымен кездесті
238
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Жеңіс» саябағында бір топ спортшылармен кездесті. Жылы шырайда өткен кездесуге елорда күніне орай ұйымдастырылған «Қазақстан Барысы» турнирінде жүлделі екінші орынға ие болған балуанымыз Ғалымжан Қырықбай, көкпардан ел біріншілігінде топ жарған «Әулиеата» ат спорты клубының көкпаршылары және «Өнер көкпары» додасында бабы мен бағы қатар жанған жеңімпаздар мен жүлдегерлер және спорт саласының ардагерлері қатысты.

Аймақ басшысы алдымен оларды айтулы жеңістерімен құттықтады.

«Бүгінде спорт саласына мемлекет тарапынан аз көңіл бөлініп жатқан жоқ. Бұл сіздерге жеңіске деген жігер береді деп сенемін. Сіздердің жеңістеріңіздің арқасында  еліміз бен өңірімізді  төрткүл әлем тануда. Қазір облыста бұқаралық спортпен шұғылданатындардың саны аймақ тұрғындарының 32 пайызын құрайды. Алдағы уақытта оны 40 пайызға жеткізуіміз керек. Ұлттық құраманың 10 пайызы біздің спортшылардан құралған. Бұл Жамбыл спорты үшін үлкен олжа.

 Жамбылдық спортшылар Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарына 5 лицензия, XVI жазғы Паралимпиада ойындарына 4 лицензия ұтып алды.  Біз осы саңлақтарымыздың телеуін тілеуіміз қажет.

Ұлттық спортқа келетін болсақ, күні кеше «Әулиеата» көкпаршылары еліміздің 11 дүркін чемпионы атанды. Одан бөлек жас көкпаршыларымыз да танылып келеді. Ал «Қазақстан Барысы» турнирінде күміс белбеуге қол жеткізген Ғалымжан Қырықбайдың ерлігі өз алдына бір төбе. Мен Ғалымжан келер додаларда «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы атанған Бейбіт Ыстыбаевтай ағасының ерлігін қайталайды деп сенемін. Бұдан бөлек «Өнер көкпары» аламанында да жерлестеріміз топ жарды.

Сіздердің жеңістеріңіз бен жігерлеріңіз кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Жастарды жаман әдеттен арылту үшін біз оларды көптеп спортқа тартып, осындай ағаларының ерлігін үлгі етуіміз керек. Барлықтарыңызға облыс намысын қолдан бермей, абыройын асқақтатып жүргендеріңіз үшін алғыс білдіремін, — деді Бердібек Сапарбаев.

Бұдан кейін облыс әкімі қазіргі таңда чемпиондардың айлық жалақысын көтеру және көкпаршылардың аттарын өзге өңірлерге тасымалдау үшін көлікпен қамтамасыз ету сынды мәселелер айтылып жатқанын, бұны жақын арада шешіп беруге күш салатынын жеткізді.

Өз кезегінде ұлттық спорт түрлерінен «Әулие-Ата» кәсіпқой клубының директоры Нұрдәулет Момынов облыс әкімінің тұрақты қолдауына алғысын білдіріп, көкейінде жүрген өтініш-тілегін де жеткізді.

— Бүгінде клубта 15 ат болса, соның басым бөлігі жарыстарда жарақат алды. Күні кеше өткен ел біріншілігінде де жүйрік атымыз сүрініп құлады. Сондықтан сізден мүмкін болса жақсы аттармен клубты қамтып берсеңіз деген өтініш бар. Өйткені алда «Ақ бидай» айтулы аламаны келе жатыр. Осы дүбірлі додада да дара шапсақ деген ниетіміз бар, — деді клуб директоры.

«Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері Ғалымжан Қырықбай болса, облыс әкімі мен жамбылдық жанкүйерлердің қолдауына алғысын білдіре отырып, келер жылғы турнирде алтын белбеумен оралуға уәде етті.

Өнер көкпаршыларының атынан сөз алған Файзулла Сағымбаев «Өнер көкпары» командасында облыс намысын қорғап жүрген 15 жігіт Алматы қаласында өтетін «Ұлы дала» ойындарында бақ сынауға дайындалып жатқандарынан хабардар етті.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев барлық спортшылардың өтініш-тілектері ескерусіз қалмайтынын айтып, ұлттық ойындарды дамыту арқылы туристік кластерді дамытуға айрықша назар аударды. Осы бағытта ауқымды жобаларға жан бітіріп, сала мамандарын бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

 Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.