• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:23
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сапарбаев санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтуді тапсырды

turan_admin turan_admin
30.06.2021, 09:41
Облыс жаңалықтары
Сапарбаев санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтуді тапсырды
228
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал сараланды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев 29 маусымдағы мәлімет бойынша Жамбыл облысында барлығы 9783 COVID-19 жағдайы тіркелгенін, олардың 95,2 пайызы емделіп шыққанын айтты. Өткен аптада инфекцияның 214 жағдайы анықталып, аурушаңдықтың 2,2 пайызға өсуі байқалған.

Ауру жағдайларының басым бөлігі Тараз, Жуалы, Мойынқұм, Шу аудандарына тиесілі.

— Жақында Нұр-Сұлтан қаласындағы науқастарда «Дельта» штамына тән мутация ықтималдығы анықталды. Алғаш рет Үндістанда анықталған «Дельта» штамы жоғары контагиозды және басқа белгілі штамдарға қарағанда жұқпалылығы 60 пайызға жоғарылығымен, инкубациялық мерзімінің 7 күнге дейін қысқалығымен ерекшеленеді. Бұл ауру кезінде қосымша буындардың және құрсақ қуысының қатты ауруымен және есту қабілетінің нашарлауымен айқындалады. Сол себепті, науқастар санының өсу ықтималдылығы жоғары болғандықтан медицина мамандарын оқыту, төсек қорларын, дәрі-дәрмектердің 3 айлық қорын дайындау бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болады, — деді Әсет Қалиев.

Қазіргі  таңда 1535 төсек-орын дайындалған десек, оның 157-і реанимациялық бөлімде. Қосымша резерв ретінде 3225 инфекциялық, оның ішінде 344 реанимациялық төсек қоры ашылып, жұмылдырылатын болады.

Әсет Қалиев вакцинация барысы туралы да баяндады. Барлығы 582 000 жамбылдықты вакцинациялаумен қамту жоспарланып отыр. Бүгінгі күні жоспар 30,3 пайызға орындалған.

— Қазақстан коронавируспен сырқаттану бойынша «қызыл» аймаққа өтті, елде COVID-19 Үнді штаммы анықталды. Жағдай алаңдатарлықтай. Біз әрбіріміз өз денсаулығымызды және жақындарымыздың денсаулығын сақтауға тиіспіз. Инфекциядан қорғаудың жалғыз тиімді әдісі – вакцинацияны толық алу. Жауапты ведомстволар халық арасында жеткілікті деңгейде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет, — деді Бердібек Сапарбаев.

Содан кейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Байділдә Шыналиев мониторингтік топтардың жүргізген рейдтерінің қорытындылары туралы айтып берді.

Бұдан кейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Байділдә Шыналиев мониторингтік топтармен жасалған рейдтік жұмыстардың нәтижелері туралы айтып өтті.

Аймақ басшысы коронавирустық инфекцияның таралуына қатысты жағдайды бақылаудың әлсіздігіне назар аудартты. Бұл орайда негізінен мониторинг топтарының өздеріне жүктелген міндеттерді тиісінше орындай алмай отырғандығы айтылды.

— Тараздағы 20-ға жуық нысан тексеріліп, бірде-бір бұзушылық анықталмаған. Мұндай болуы мүмкін емес қой. Кафелер, мейрамханалар тапсырыстарды қабылдауды жалғастыруда. Мұның салдары туралы ешкім ойлап отырған жоқ. Егер мониторинг топтары ешқандай бұзушылықтар жоқ десе, онда қызметкерлеріңіз жеке тексеріп көрсін. Мейрамханаларға қоңырау шалып, тексеріңізші, олар сіздер үшін керемет мереке ұйымдастыруға дайын. Жағдайдың бақылауда екеніне өзіңіз көз жеткізбей жатып, бос есепке сеңбеңіздер, — деді облыс әкімі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысына.

— Бірнеше өңірде КВИ бойынша жағдай күрделене түсуде. Облысымызда оған жол бермеу керекпіз. Біздің облыс шекаралас аумақ екенін ұмытпаңыздар. Шекарадағы бақылауды күшейту, барлығында ПТР-тестінің оң нәтижелерінің бар-жоғын тексеру қажет. Еліміздің басқа қалаларынан да келетін қонақтарды қатаң тексеріңіздер. Басқа қалаларға жиі баратын сатушыларға да ерекше көңіл бөлген абзал. Сауда үйлерінің, базарлардың басшыларымен кездесу өткізіп, олардан барлық шектеу шараларын сақтауды талап етіңіздер. Біз қауіпті инфекцияның таралуын болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз, — деді аймақ басшысы.

Өңір басшысы аппараттық кеңесте айтылған жаңа міндеттерді ескере отырып, КВИ мәселелері жөніндегі өңірлік жедел штабтың Қаулысын дайындауды тапсырды.

Сондай-ақ, жиынның күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков баяндама жасады.

Оның айтуынша, облыс әкімдігінің бір басқармасы ғана қызметтік көлік құралдарын газға ауыстыруды жүзеге асырған, жеті басқарма бюджеттік өтінімдер жолдаған. Тараз қаласында барлығы 341 автобус дизельдік отынмен, 243-і газ және бензинмен жүреді.

Аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

— Автобустардың жағдайы әлі нашар. Қоғамдық көліктердің жол ақысын көтеріп, электронды билеттерді енгізгеннен кейін,  оның нақты нәтижесі де көрінуі керек. Біз тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға тиіспіз. Тұрғындар кестенің бұзылуына, жүргізушілер мен кондукторлардың мәдениетсіздігіне қатысты шағымдануда, — деді Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы вегетациялық кезеңді ойдағыдай өткізу, жолдардың, атап айтқанда «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының құрылысын бақылау, науаларды қайта жаңарту жөнінде жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.