• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Олимпиада жеңімпаздарына облыстың арнайы сыйақысы тағайындалады

08.06.2021
0
Олимпиада жеңімпаздарына облыстың арнайы сыйақысы тағайындалады
253
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Токио жазғы Олимпиадасы және Паралимпиадасы жолдамасының иегерлерімен кездесіп, оларға байрақты бәсекеде сәттілік тіледі.

Төрткүл әлем көз тіккен Токио Олимпиадасына басталуына бір айдан астам ғана уақыт қалды. Төртжылдықтың айтулы аламанына еліміз шын мықтыларын шыңдауда десек, олардың қатарында жамбылдық сегіз спортшы да бар. Атап айтсақ, XXXІІ жазғы Олимпиада боксшы Әбілхан Аманқұл, дзюдошы Елдос Сметов, еркін күрестен Ерғали Әлішер, су добынан Алтай Әлтаев, таэквондошы Руслан Жапаров өнер көрсетін болса, XVI жазғы Паралимпиада ойындарында жүзуден Зүльфия Габидуллина, таэквондодан Нышан Өмірәлі, жеңіл атлетикадан Салтанат Әбілқасымқызы ел намысын қорғамақ.

Қ. Рысқұлбеков атындағы саябақта өткен кездесу еркін форматта өрбіді.

— Кез-келген мемлекеттің әлемдік аренада танылуына спортшылардың қосар үлесі зор. Сіздер арқылы елімізді, жерімізді өзгелер тани түседі. Әулиеата жері талай талантарды тудырған құтты мекен. Еліміздің спорт тарихына аттары алтын әріппен жазылған Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Ермахан Ыбрайымов, Болат Жұмаділов, И.Байрамуков, Б.Артаев, А.Таңатаров және тағы да басқа даңқты жамбылдық спортшыларымыз бар. Олардың ізбасарлары да бүгінде байрақты бәсекелерде биіктен көрініп, тек облысымыздың ғана емес, еліміздің абыройын асқақтатып жүр.

Әрбір спортшының арманы – Олимпиадаға бару. Соңғы отыз жылда Әнұранымыз шырқалып, көк Туымыз көтерілмеген Олимпиада болған емес. Кезекті Олимпиада қарсаңында сіздермен арнайы бас қосып отырмыз. Бұл ретте Паралимпиада ойындарының да маңызы зор. Ел тарихында алғаш рет жүзуден Паралимпиада чемпионы атанған Зулфия Габидуллина біздің мақтанышымыз, — деген облыс әкімі спортшыларға жеңіс, сәттілік тіледі.

Бұдан кейін сөз алған Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, дзюдошы Елдос Сметов спортшыларға қолдау танытып, жағдай жасап отырған облыс басшылығына алғысын білдіріп, алдағы айтулы аламанда көк байрағымызды биіктен желбіретуге барын салатындығын жеткізді. Ал Рио Паралимпидасының чемпионы Зульфия Габидуллина оқу-жаттығу жиындары жоғары деңгейде өтіп жатқанын тілге тиек етіп, әріптестеріне айтулы аламаннан тек жеңіспен оралуын тіледі. Футболдан  Ұлттық құрама мен ресейлік «ЦСКА» клубының ойыншысы  Бахтиер Зайнутдинов та олимпиадашылардың жеңісті жорығы жалғаса беруіне ниеттес екенін білдіріп, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа «ЦСКА» клубының жейдесін сыйға тартты.

Өз кезегінде аймақ басшысы футбол ойынының жанкүйері ретінде Бахтиер Зайнутдиновтың жетістіктерін бақылап жүргенін жеткізіп, оның болашағына сенімділік білдірді.

Ал кездесу соңында Бердібек Сапарбаев Олимпиада жеңімпаздары мен олардың бапкерлеріне мемлекеттен ғана емес, облыс тарапынан да арнайы сыйақы тағайындалатынын айтып, спортшыларды қанаттандыра түсті.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты