Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығында үкіметтік емес ұйымдармен бастамашыл топ мүшелеріне, белсенді азаматтарға арналған «Әлеуметтік жобаларды әзірлеу» атты семинар өтті. Семинар өтуіне ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (Азаматтық қоғам істері комитеті), Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы — ЦПГИ «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасының гранттық қаржыландыру аясында Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы (Гражданский Альянс Мангистауской области), «Жамбыл облыстық жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен өтті.
Жоба мақсаты — азаматтарды, қоғамдық ұйымдарды, жергілікті билік пен жергілікті қауымдастықтарды жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға тарту және ынталандыру. Жоба Қазақстанның 8 облысында (Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстары) жүзеге асырылуда.
Семинар қатысушылары әлеуметтік жоба әзірлеу жайлы, шағын жобаларды іске асырудың мүмкіндігі жайлы талқыланып, бастамашыл топтар әлеуметтік жоба дайындау бойынша кеңестер алды.