• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ САҚАДАЙ САЙ

23.04.2021
0
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ САҚАДАЙ САЙ
813
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбылдық құтқару қызметі шомылу маусымына сақадай сай. Бұл туралы ӨКҚ алаңында облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Мақсат Әкімбаев пен Төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы Омар Такеев мәлімдеді.

Төтеншеліктердің айтуынша, облыс аумағында 100-ден аса өзен, Ақкөл, Билікөл, Балхаш көлінің бір бөлігі, Тасөткел, Теріс-Ащыбұлақ, Ынталы, Қарақоңыз, Қақпатас су қоймалары және 112 тоған бар. Олардың барлығында биылғы жылдың үш айында төтенше жағдайлар тіркелмеген. Бүгінде төтеншеліктердің жазғы маусымға жабдықтары дайын. Бес қаруы сай төтеншеліктер тарапынан 17 бірлік техника, 12 жүзу құралы яғни, резіңке және метал қайықтар бар. Бұдан бөлек, 27 бірлік құтқару жабдығы дайындалыпты.

Спикерлер суға кету бойынша Байзақтан Шу ауданы еш қалыспайтынын айтты. Онда 3 адам, оның 2-і бала, Тараз қаласында 3 адам, оның 1 бала. Жамбыл ауданында 2 бала, Мойынқұмда 2 адам, Жуалы және Меркі аудандарында 1 баладан. Ал Сарысу және Т.Рысқұлов аудандарында 1 адамнан қаза болған, ал Қордай және Талас аудандарының оқыс оқиға орын алмаған.

«Былтыр облыстың су айдындарында 16 суға бату оқиғасы тіркеліп, 17 адам қаза болды. Оның ішінде 9 бала. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 24-25-13 болды. 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде суға кету 6 оқиғаға, ал қаза болған адамдар саны 8-ге төмендеді. Ал қаза болған балалар саны 4 балаға кеміді», — деді Омар Такеев.

Сондай-ақ, брифинг барысында өрт оқиғаларына қатысты да ақпараттар айтылды.

«Былтыр облыста 599,5 гектар жерде 78 жану оқиғасы тіркеліп, 19 орман өртінің аумағы 41 777 га құраған. Салдарынан 15 млн. 804 мың теңге шығын келтірді. Ал далалық алқапта 21,2 га жерде 8 дала өрті орын алып, 1 млн. 165 мың теңге шығын болды. 2019 жылмен салыстырғанда жану оқиғасының саны 2,8 есеге азайып, бірақ орман өрті 26 % артты», — деді спикер Мақсат Әкімбаев.

Тегтер: сақтықшомылу маусымы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты