• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді

22.04.2021
0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
407
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter
Мемлекет басшысының төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бесінші отырысы онлайн форматта өтті.

Жиынның күн тәртібінде бес мәселе қарастырылды. Ұлттық жобаларды әзірлеу жұмыстары жайында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов баяндама жасады. «Цифрлық Қазақстан» ұлттық жобасының трансформациясы туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2026 жылға дейінгі ұлттық жоспары дайындалып жатқанын мәлім етті. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев «жаңадан» реттеу тетіктерінің енгізіліп жатқаны жөнінде хабарлады. Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов пен Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов құқық қорғау және сот жүйесін реформалау жайындағы ұсыныстарын баяндады.

Жиынға қатысушылардың баяндамаларын тыңдаған Президент реформалардың стратегиясын дайындау перспективаларына кеңірек тоқталды. Мемлекет басшысы әр баяндама бойынша ескерту айтып, нақты тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жобалар күрделі және бірін-бірі қайталамауы қажет екеніне баса назар аударды. Олар негізгі міндеттерді шешуге бағытталып, күш-жігер мен ресурстар «осында және қазір» қағидаты бойынша жұмылдырылуы тиіс.

– Жобаларды іріктеудің нақты әдістемелік базасы болуы керек. Ол қандайда бір ұлттық жобаның кешенді әлеуметтік-экономикалық тиімділігін ескеруі қажет, құжат түсінікті болуы тиіс. Субъективтілікке жол берілмейді, – деді Мемлекет басшысы.

Президент ұлттық жобалар барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етіліп, бюджеттен қаржыландыру кезінде сөзсіз басымдыққа ие болуы тиіс екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы өзінің Реформалар жөніндегі жоғары кеңестегі орынбасары Сэр Сума Чакрабартиге және оның командасына ұлттық жобаларды сараптау бойынша атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ұсыныстар экономика, әлеуметтік сала және мемлекеттік басқару бойынша реформаларды жүзеге асыру барысында негізгі база ретінде қолданылуы мүмкін.

«Цифрлық Қазақстан» ұлттық жобасы бойынша Бағдат Мусиннің жаңалықтар енгізу туралы баяндамасы оң бағаланды. Президент цифрлық саланы дамыту тұжырымдамасындағы ұсыныстарды және «DigitEL» ұлттық жобасын мақұлдады.

Президент агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2026 жылға дейінгі ұлттық жобасы туралы да пікірін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл құжаттың ауқымдылығын атап өтіп, оған саланың бүкіл бағыттары енгізілгенін және онда барлық ықтимал шаралар қамтылғанын жеткізді. Оның айтуынша, баяндамадағы бірқатар бағыттар Агроөнеркәсіп кешенін дамыту тұжырымдамасына кіруі тиіс еді. Мемлекет басшысы ұлттық жоба түйінді мәселелерді шешуге бағытталып, қолданыста қолайлы болуы қажеттігіне тоқталды. Жалпы алғанда, Президент агроөнеркәсіп кешенін дамытудың базалық тәсілдерін қолдады. Талқылау қорытындысы бойынша Үкіметке жобаны пысықтау тапсырылды.

Мемлекет басшысы «жаңадан» реттеу тетіктері туралы баяндамаға қатысты пікір білдіріп, елге қуатты, бәсекеге қабілетті жеке бизнес керек екенін атап өтті. Ол ұлттық экономиканың және халықтың әл-ауқатын арттырудың негізі болуға тиіс.

– Заң жобасына енгізілетін нормалар нақты жұмыс істеуі керек. Реформалардың мәні мен маңызын қашыратын мүдделер қайшылығына жол бермеу қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент құқықтық реформалар туралы айта келіп, әділ сот төрелігін қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесін біртіндеп және жүйелі жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

– Бұл құқықтық мемлекеттің аса маңызды көрсеткіші, инвестициялық тартымдылықтың, жеке меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етудің негізі. Сот жүйесін реформалаудың жаңа тәсілдері судьялардың тәуелсіздігін одан әрі нығайтуға тиіс. Реформалар қоғамның соттарға сенімін күшейтуі, сотқа жаңа кәсіби мамандарды тартуға ынталандыруы, сот процестерінің тиімділігі мен қолайлылығын арттыруы қажет, – деді Президент.

Мемлекет басшысы әзірленген тетіктер сот саласына құқықтың жекелеген бағыттары бойынша мықты заңгерлер мен мамандарды тартуға мүмкіндік беретінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселе Парламентте азаматтық қоғам өкілдері мен заңгерлердің қатысуымен ашық әрі жан-жақты талқылануы керек деп санайды. Ол тиісті заң жобасын биыл қабылдауды тапсырды.

– Бұл реформа өте маңызды. Ол Қазақстанның заманауи және тиімді мемлекетке трансформациялануына бағытталған жұмыстардың басын біріктіреді, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық процесті реформалау туралы айтып, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың басымдығын атап өтті.

– Ол үшін прокурорлар мен адвокаттардың сотта сөз жарыс жүргізуіне шынайы жағдай жасалуы, сот шешімдеріне шағымдану мүмкіндіктерінің кеңейтілуі, бірыңғай сот практикасы қамтамасыз етілуі тиіс. Соттың қорытынды үкімі процеске қатысушыларға да, жалпы қоғамға да түсінікті болуы керек, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев саяси, сот, экономикалық және әлеуметтік салалардағы барлық өзгерістерді шетелдік әріптестерімізге сауатты жеткізу керектігін айтты. Аталған жұмысты Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкіл Ержан Қазыханға үйлестіруді жүктеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы инвестициялық дауларды шешу мәселесін қозғады. Осы ретте Үкіметке биылғы жылдың 1 тамызына дейін Сэр Сума Чакрабартидің баяндамасында айтылған мәселелерді жан-жақты қарастыруды тапсырды. Бұл жұмысты үйлестіру Президент Әкімшілігіне жүктелді.

Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызда Қазақстанды трансформациялау және жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар тұрғанын айтты.

– Бізге сапалы серпін керек. Ол үшін бәріңізді жүйелі және тиімді жұмыс істеуге шақырамын, – деді Мемлекет басшысы.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты