• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

АДАЛДЫҚТЫ ТУ ЕТКЕНДЕР ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

02.04.2021
0
АДАЛДЫҚТЫ ТУ ЕТКЕНДЕР ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
315
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева мен «Парасат жолы» республикалық орталығының жетекшісі Сәдібек Түгел агенттіктің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаевпен бірге бүгін ауданымызға келді. Бірқатар мекемені аралап, тыныс-тіршілігімен танысып, аудан ардагерлерімен, зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді.
Басшылардың жұмыс сапары аудандық «Сервистік әкімдіктен» басталды. Аудан әкімі Сәкен Арубаев оларды кеңсе жұмысымен етене таныстырды. Онда отырған әкімдіктегі бөлім мамандарының функционалдық қызметі туралы айтты. Мамандар жергілікті тұрғындарға ашық әрі сапалы қызмет көрсетіп жатқанын жеткізді.
Басшы сөзін жалғаған «Аса – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандар Тоқсаба кеңсе жұмысы туралы кеңінен баяндады. Ауылдық округтердегі адалдық елшілерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау, онымен күрес бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын тілге тиек етті. Адалдық елшілері өз кезегінде ауыл тұрғындарының мәселесін шешуге атсалысып жүргендерін, аудан әкімдігі тарапынан қолдау көрсетіліп жатқанын, өздеріне артылған жауапкершілікті сезінетінін алға тартты.
Сервистік әкімдіктен шыққан топ аудандық орталық кітапханаға бет алды. Кітапханада ашылған «Парасат жолы» орталығында зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Олармен елдегі сыбайлас жемқорлық турасында әңгіме өрбітті.
– Қазақ «іштен шыққан жау жаман» деп бекер айтпаса керек. Жемқорлық – халықты қанау, ұлтты тонау, Отанды сату деген сөз. Бұған ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылып тойтарыс бермесек, ел болып дамуымыз бұлыңғыр. Адалдық – ұлттық идеямыз, оны насихаттау, дәріптеу ұлттық қозғалысқа айналуы тиіс.
Біздің алдымызда үш міндет тұр. Біріншісі – ұлттық ділді өзгерту. Екіншісі – тұрмыстық жемқорлықты жою. Осы екі міндетті орындасақ, кландық сыбайлас жемқорлық жойылады, – деген ол «Парасат жолы» республикалық орталығының жұмысына тоқталып, ардагерлерді құлағдар етті.
Басқосуда аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы Сәрсен Күзербаев түрлі салада қызмет ететін қызметкерлер антына берік болса деген тілегін тілге тиек етті. Ал, ардагер ұстаз Алтынхан Сапарбеков: «Елдегі жемқорлық идеологияның кемшін тұсы. Идеология әлсіз. Мықтап қолға алу керек. Теледидардан «Бірге болайық», «Қалаулым» секілді рухани азғындыққа апаратын бағдарламаларды көрсетуді қою керек. Ақша, дүние қуып кеткен заманда қоғам мен билік арасындағы байланыс та әлсіз. Қоғамды имандылыққа, ізгілікке, бауырмалдыққа баулу қажет» – деп, ауданда егін су мәселесі түйткілді болып тұрғанын айтты. Бұған Сәкен Қаланұлы бұл мәселені шешу бағытында тиісті жұмыстар аудан көлемінде жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Жиында ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Әмірбеков, Аса ауылдық ардагерлері кеңесінің төрағасы Рахымбек Жапаров салмақты сөз сабақтады.
Жұмысшы топтың жергілікті жұртшылықпен кездесуі Жамбыл аудандық білім бөліміне қарасты «Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығында» жалғасты. Жазира Жақсылыққызы жиналған көпшілікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңына өзгерістер енгізілгенін, заң қатаңдатылғанын, жемқорларға рақымшылық қарастырылмағанын, бұрындары басымдық жазалауға берілсе, соңғы үш жылда алдын алу шаралары қолға алынғанын баяндады.
Оның сөзін жалғаған Сәдібек Түгел, облыстық «Jambyl» телеарнасының жүргізушісі Ғайни Әлімбекова адалдық қағидаттары, рухани құндылықтар жайында сөз қозғап, ойларын ортаға салды.
Сапар соңында жұмысшы топ аудан активімен кездесті. Аудан әкімдігіндегі бөлімдердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарған жұмысын байыппен тыңдап, саралады. Жүргізілген жұмысты оң бағалады. Мемлекеттік қызметкерлер кез келген жағдайда мінсіз болуы керектігін тілге тиек етті. Қызметкерлер біліктілігін арттыруы үшін арнайы оқу курстарына баруы қажет екенін көлденең тартты.

Ильяс ҚАЛЫБЕКОВ, Жамбыл ауданы

Тегтер: Адалдықбіліктілікжемқорлық

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты