• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Бердібек Сапарбаев: «Ең бастысы – темірдей тәртіп, командалық рух және жауынгерлік мінез»

14.03.2021
0
Бердібек Сапарбаев: «Ең бастысы – темірдей тәртіп, командалық рух және жауынгерлік мінез»
427
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Футболдан еліміздің чемпионаты қарсаңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Тараз» ФК жаттықтырушылары және ойыншыларымен кездесті. Кездесуде тек ағымдағы маусымның міндеттері ғана емес, жалпы аймақ футболын дамыту стратегиясы туралы да жан-жақты сараланды.

Біркездері «Тараз» Қазақстанның үздік командасы деп танылған сәттер де болған-ды. Өкінішке орай, соңғы жылдары клуб республикалық аренадағы өз позициясын айтарлықтай жоғалтып алды… Жамбыл футболын сол деңгейге қалай қайта көтеруге болады? Біздің аймақ кеңестік кезеңнен бері талантты футболшылармен танымғанын ешкім жоққа шығара алмас. Олардың алғашқылары ретінде Сеул – 1988 Олимпиасының чемпионы Евгений Яровенко, КСРО құрамасының мүшесі Сейілда Байшақовтарды айсақ та жеткілікті. Бүгінгі Бауыржан Исламхан, Ұлан Қонысбаев, Еркебұлан Сейдахметтерді де айрықша атап өтуге болады. Алайда, олар басқа да жамбылдықтар секілді қазір еліміздің өзге клубтарының намысын қорғап жүр. Ресейдің жетекші ЦСКА клубындағы маңызды ойыншылардың бірі саналатын Бахтиер Зайнутдинов та Жамбыл футболының түлегі.

Бердібек Сапарбаев ойыншылармен жүздесуде Жамбыл футболын дамытудың егжей-тегжейлі бағдарламасын ұсынып, ол бойынша облыс басшылығының алдағы жылдарға арналған стратегиясы туралы кеңінен әңгімеледі.

Мәселенің өзегіне үңілген облыс әкімі өз тәрбиеленушулерін даярлаудың нақты бағытын анықтап берді. «Тараз» командасының негізі балалар мен жасөспірімдер футболы болып табылады. Осы орайда, нағыз таланттарды ауылдардан іздеуге баса назар аударған абзал. Тағы бір бағыт – бұқаралық спортты дамыту десек, бұл дарынды футболшыларды  табуда өзінің оң ықпалын тигізетіні даусыз. Өткен жылдың өзінде облыстық биліктің күшімен 14 жабық дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 92 футбол алаңшасы салынды. Нәтижесінде спортпен шұғылданатын жамбылдықтардың үлесі 30 пайыздан 35-ке артты, бұл республикалық орташа көрсеткіштен едәуір жоғары.

– Біз балаларды оқытумен қатар футболдың қыр-сырына баулитын мектеп-интернатын ашуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, балалармен жұмыс істейтін жоғары білікті жаттықтырушыларды тартып, академия құру қажеттігіне назар аударудамыз. Сондай-ақ, түрлі турнирлерге қатыстыра отырып, барлық жастағы командаларды өзара тәжірибелерімен алмастырып отыру да аса маңызды.

Біз балалар футболынан жасөспірімдер футболына, одан кейін жастар футболы және облыстың бас құрамасына ауысу үдерістерінің ешбір кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жеткіншектердің дамуын мұқият бақылап, назарда ұстауымыз керек. Ағымдағы маусымнан бастап бірінші лигада өнер көрсететін «Игілік» командасында жас футболшылар сынға түспек. Осы тұрғыда біз Қаратау қаласындағы аталған клуб орналасқан стадионды күрделі жөндеуден өткізгенімізді айта кеткен ләзім.

Сонымен қатар, «Тараз» ФК-ның кез-келген уақытта негізгі құрамда ойнай алатын өзінің күшті дубльі болуы тиіс. Біз ұзақ жылдар бойы үйлесімді жұмыс істейтін жүйені қалыптастырып, өзара сабақтастықты қамтамасыз етуіміз керек, — деді Бердібек Сапарбаев.

Алдыңғы басшылық өзіне жүктелген міндетті еңсере алмады, ендігі ол міндет клуб басшысы Талғат Тұрлыбайұлы бастаған спорт функционерлеріне жүктеліп отыр. Аймақ басшысы команданың алдындағы үш негізгі басымдықты атап өтті. Біріншіден, темірдей тәртіп керек. Спорттық режимнің жиі бұзылуына байланысты талантты ойыншылардың өз мансаптарын ерте аяқтауына қатысты мысалдар аз емес. Былай айтқанда, тек алаңда ғана емес, одан тыс жерде де кәсібилік жайлы естен шықпау керек. Екіншіден, командада салауатты моральдық-психологиялық режимді құру, үшіншіден, ойыншалар алаңда барлық күш-жігерін көрсетіп, нағыз жауынгерлік сипатқа ие болуы қажет.

Бүгінгі таңда командада да, жаттықтырушылар құрамында да үлкен өзгерістер орын алған. Команданы УЕФА PRO бапкерлік лицензиясына ие және Арменияның ұлттық құрамасымен нәтижелі табыстарға қол жеткізген тәжірибелі маман Вардан Минасян басқармақ. Ол өз кезегінде Чехия, Дания, Словакия, Македония сияқты мықты ұлттық құрамаларды жеңіп, Еуропаны шулатқан еді. Сондай-ақ, Италиямен қонақтық кездесуде (2:2) тең түскен. Нәтижесінде, Армения құрамасы Минасян бапкер болған тұста ФИФА рейтингісінде 103 орыннан 34 сатыға бір-ақ көтерілді. Бапкерлер құрамына жергілікті мамандар Сергей Тагиев, Александр Кучма, Арслан Сатубалдин және Самат Наурызбаев енген.

Бердібек Сапарбаев атап өткендей, армян футболы қазаққа қарағанда анағұрлым жоғары қарқынмен дамып келеді және тарихы терең. Алматылық «Қайратпен» салыстырғанда еревандық «Арарат» 1973 жылы КСРО чемпионы атанып, нағыз сенсация жасаған. Мәскеулік және украиндық клубтар арасындағы қызу бәсекелестік кезінде мұндай жетістікке жету оңай болмаған. Сондай-ақ, Давид Кипиани және Владимир Гуцаевтар бастаған Тбилисидің айтулы «Динамосы»-мен қатар Юри Желудков пен Сергей Алейников бастаған Минск «Динамосы» да болған еді.

Кездесуде сөз алған Вардан Минасян команда құрамы 60-70 пайызға жаңарғанын тілге тиек етті. Басқа да ойнауға тұрарлық талантты жастар көп. Бірақ уақыт тапшы, сондықтан ресми матчтарда тәжірибе жинақтауға тура келеді. Ол күні бұрын көп уәде бермеуге тырысып, тек команданың әр матч сайын соңғы минутқа дейін күресетініне сендірді. «Біз ешкімге оңай алынатын қамал болмаймыз», — деп атап өтті армян маманы.

— Егер сіздер алаңда бар күш-жігерлеріңізді салып ойнасаңыздар, жанкүйерлер сіздерді қолдауға тырысады. Дәл қазір сіздер аябай ойнайтын жалынды жастасыздар. Өздеріңіздің болашақтарыңыз үшін еңбек етудесіздер. Нағыз кәсіби маман болу үшін өздеріңізді осы ойынға толығымен арнау керексіздер, — деп атап өтті облыс әкімі.

Ия, бүгінде командада жас ойыншылар көп. Дәлірек айтсақ, чемпионатқа қатысатын 25 футболшының 18-і Жамбыл футболының тәрбиеленушілері. Талғат Тұрлыбайұлының айтуынша, жергілікті 50 ойыншы сыналып, оның тең жартысы іріктелген. Енді олар бірінші лигада және дубль ойындарда өздерін көрсете бастайды. Айта кету керек, алты ойыншы дубльден негізгі құрамға ауысты. Жергілікті жас ойыншылардың шеберліктерін шыңдау үшін салмақты сынақтардан өткізу керектігіне көңіл бөлген клуб осындай тәуекелге барып отыр. Сонымен қатар, мұндай қадам клубтық жүйедегі басқа да жас ойыншылардың өзін-өзі жетілдіруге оң ықпал етеді. Алты ойыншының ауысуы оларға мысал болып, әрқайсысының негізгі командаға енуге мүмкіндігі бар екенін көрсетеді.

«Тараз» чемпионатты бес легионермен бастайды десек, бұл салыстырмалы түрде көп емес. Мәселен, 14 наурыз күні бірінші турда сырт алаңда «Тараз»-бен ойнайтын қызылордалық «Қайсарда» сегіз легионер бар. Талдықорғанның «Жетісуының» бұрынғы ойыншылары сербиялық жартылай қорғаушы Ненад Адамович пен португалиялық жартылай қорғаушы Педро Евгенюді сәтті сатып алуларға жатқызуға болады. Бапкерлер құрамы жаңа ойыншылар мәселелерді шешуде және құрамды күшейтуде өз әсерін тигізеді деп сенеді.

Маусым аралық үзіліс кезінде команда Тараз, Шымкент қалаларында және Түркия елінде бірнеше оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Онда бірқатар матчтар ойнаған. Тәжікстан чемпионы Душанбенің «Истиклол»-мен 2:2 (Б.Айтбаев, П.Эуженио) тең ойнады. Босниялық «Младость» командасын 2:1 (А.Жұмабек, Ә.Сүлей), молдавиялық «Бельць» командасын 2:1 (А. Жұмабек, Б.Қараман) есебімен жеңді. Ал бірқатар ойындарда жеңіліске ұшырағанмен, ол кездесулерде эксперименталды құрам шығарылған болатын. Ол алдағы уақытта қосалқы құрам жасақтауға тексеріс үшін тиімді болды.

Қазір премьер-лигада 14 команда бар, демек кубоктық ойындарын есептемегенде 26 ойын болады. Қызылордаға барып келгеннен кейін «Тараз» өз алаңындағы алғашқы матч ретінде 19 наурызда петропавлдық «Қызылжарды» қабылдайды. Ойын Орталық стадионда өтеді деп көзделуде, ал «Жастар» стадионы резервтік стадион ретінде жоспарланған.

Міндеттерге келетін болсақ, «Тараз» барынша тырысып, кем дегенде алтыншы орынға ие болуы тиіс. Сонымен қатар, Қазақстан кубогы үшін таласу міндеті де қойылып отыр.

Кездесу соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев командаға жаңа жайлы автобус сатып алынатынын айтып, облыс басшылығы өз алаңымызда өтетін барлық матчтарға қатысып, команданы қолдауға уәде берді. Сіздер қажетті нәтижеге қол жеткізе отырып, әдемі ойын өрнегін көрсету керексіздер.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына  қойылған сұрықсыз  ескерткіші сүрілетін болды

Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына қойылған сұрықсыз ескерткіші сүрілетін болды

3
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

3
Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
Қазақстанда көлік бағасы қымбаттауда

Қазақстанда көлік бағасы қымбаттауда

30.07.2025
Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны артты

Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны артты

30.07.2025
Бақытжан Байжановтың жаза мерзімі қысқарды

Бақытжан Байжановтың жаза мерзімі қысқарды

30.07.2025
Елімізде ресми тіркелген 11 ұлттық спорт түрі бар

Елімізде ресми тіркелген 11 ұлттық спорт түрі бар

30.07.2025
Судьялардың әдеп стандарттары

16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі тарап кеткен

30.07.2025
Үкімет теңге бағасына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Доллар бағамы тағыда көтерілді

30.07.2025
Үкімет Қызылордадағы егін алқаптарын сумен қамтуға 1 млрд теңге бөлді

Үкімет Қызылордадағы егін алқаптарын сумен қамтуға 1 млрд теңге бөлді

30.07.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты