• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Бердібек Сапарбаев әйелдерді мерекемен құттықтады  

06.03.2021
0
Бердібек Сапарбаев әйелдерді мерекемен құттықтады  
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының əкімі Бердібек Сапарбаев көпбалалы аналар мен түрлі салада жетістікке қол жеткізген əйелдер қауымын салтанатты жағдайда құттықтады. Кездесуге бейне-байланыс  арқылы 300-ден аса әйел қатысты.

— Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Әйел – ұлттың ұйытқысы, шаңырақтағы тағылымды тәрбиенің көзі, сүйіспеншілік пен сыйластықтың алтын арқауы. «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген даналық сөз бар, – деді Бердібек Сапарбаев.

Киелі Әулиеата жері де қашанда ардақты апалар мен асыл аналардың, атақты еңбек майталманы атанған әйел азаматтар мен аяулы арулардың мекені. Көмейінен жыр төгілген ақын Ұлбике, Ұлы Жеңіс күнін жақындатқан соғыс ардагері Зоя Мамедова, адал еңбегімен ел құрметіне бөленген Еңбек Ері, ортамызда жүрген Мәрзия Ибрагимова, поэзиядағы ақ гүліміз – Күләш Ахметова сынды апаларымыз өңір мақтанышы. Аймақтың дамуы үшін аянбай тер төккен, бүгінде еңбек ардагерлері Лидия Ахметова, Нілзия Рахышева, Бәтес Егембердиева, Салиха Гайдулина, Күләш Әбдікешова, Күләш Назарбекова аймақтың қоғамдық-саяси өмірінен тыс қалмай, жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып келеді.

— Қазіргі кезде қоғамдық өмірдің кез келген саласын әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Істің көзін таба білген кәсіпкерлердің 40 пайызы әйел азаматтар. Білім саласындағы қызметкерлердің 75 пайызы, денсаулық сақтау саласында 85 пайызы, үкіметтік емес ұйымдарда да әйел кісілердің белсенділігі жоғары, – деді Бердібек Сапарбаев.

Алғашқы болып сөз алған елге белгілі саясаткер Нілзия Рахышева бүгінде облыста атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағалады. Одан кейін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Айша Көпжасарова «Ана» атты өлеңін нақышына келітіріп оқып берді. Ал Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының пульмонология дəрігері Нұрсұлу Мұхамбетқалиева барша аналарға арнаған құттықтауын жеткізді.

Аймақ басшысы дəрігерлердің коронавируспен күрестегі еңбегіне де ерекше тоқталып өтті.

Өз кезегінде кәсіпкер Анар Бексұлтанова тағдырдың басына салған ауыртпалығымен күресе отырып, тың кәсіп бастағаны туралы айтып берді.

— Анар, бірінші топтағы мүгедек. Солай бола тұрса да ол өзінің ісімен, жұмысымен, іскерлігімен он екі мүшесі сау адамға үлгі болып, еңбек етсең мақсатыңа жетуге болатынын дәлелдеп отыр. Біріншіден ол – ана, екіншіден – кәсіпкер. Ұлттық өнерімізді дамытуда. Басқа жерлестеріміз Анардан үлгі алып, кәсіп ашуға бейімделу керек, – деді Б. Сапарбаев.

Салтанатты шарада полиция подполковнигі, көпбалалы ана Диляфруз Кенжехановаға берілді. Диляфруз өзінің 5 баласымен бірге балалар үйінен 4 баланы асырап алып, тәрбие беруде.

— Әрбір адам өзінің кіндіқ қаны тамған жерінің патриоты болуы тиіс. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Әйел – өмір тірегі ғана емес, әйел – өмірдің өзі» деген сөзі өмірдің мәні мен сәніне айналған ардақты аналарға, аяулы қарындастарға берілген ең лайықты баға деп білемін. Бүгінгідей мерейлі мерекеде өздеріңізге еліміздің гүлденуі жолындағы қызметтеріңіз үшін алғыс білдіремін. Әрқашан құшақтарыңыз гүлге толып, жүздеріңізден күлкі кетпесін! – деп түйіндеді облыс әкімі.

Осы күні облыс әкімі Тараз қаласының тұрғыны Ақбалық Келгенбаеваның шаңырағына арнайы барып, құттықтады. Жақында ғана 101 жасқа толған Ақбалық әже ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, қызылша өсірумен де айналысқан. Ол жолдасы екеуі 7 ұл-қыз тәрбиелеп, олардан 25 немере, 30 шөбере сүйген. Тыл ардагері бірнеше еңбек медальдарымен марапатталған.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының келесі тұрғыны Райса Жандосованың шаңырағында да болды. Белгілі қоғам қайраткері Оразалы Жандосовтың қызы бүгінде 92 жаста. Өмір жолын бала оқытуға арнаған ол қырық жылға жуық ұстаздық етіп, өңірдің қоғамдық-саяси өміріне де белсене атсалысқан.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз-қызмет

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына  қойылған сұрықсыз  ескерткіші сүрілетін болды

Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына қойылған сұрықсыз ескерткіші сүрілетін болды

3
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

3
Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

29.07.2025
Қытайдан Қазақстанға 10,2 млрд текше метр су келді

Қытайдан Қазақстанға 10,2 млрд текше метр су келді

29.07.2025
Зиянды жұмыс істеген 4 мыңға жуық адам арнайы төлем алды

Зиянды жұмыс істеген 4 мыңға жуық адам арнайы төлем алды

29.07.2025
Тау-кен ісі және геология мамандықтары ҚР-да танымал бола түсуде

Тау-кен ісі және геология мамандықтары ҚР-да танымал бола түсуде

29.07.2025
Судьялардың әдеп стандарттары

Астаналық ерлі-зайыпты ұлының еміне ақша жинап, алаяқтық жасаған

29.07.2025
Қазақстанда жаңа 75 мамандық пайда болды

Қазақстанда жаңа 75 мамандық пайда болды

29.07.2025
Дональд Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы көтерілді

Дональд Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы көтерілді

29.07.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский