2021 жылғы 4-5 наурызда Жамбыл облыстық Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің кіші жүйесі Көктем 2021Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына 2021 жылғы су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау тақырыбы бойынша қатысты. Оқу-жаттығуды
басқаруды Павлодар қаласынан ҚР ТЖМ бірінші вице – министрі И. Кулшимбаев жүзеге асырды.
Жамбыл облысы аумағында аталған оқу-жаттығуға Жамбыл облысы Әкімінің орынбасары Жазылбек Ұ.Е. және Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Е.Д. Момбаев басшылық етті.
Оқу-жаттығуды дайындығын жүргізу мен сапалы өткізу мақсатында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыстық азаматтық қорғау қызметтеріне, аудандық жергіілк атқару органдарына дер кезінде қажетті ұйымдастырушылық-реттік құжаттары жасалып, жолданды. Оқу-жаттығу басталғанға дейін ТЖ алдын алу және жою жөніндегі
комиссияның отырысы өткізілді. Сонымен қатар, облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің және шаруашылық нысандарының басшыларымен нұсқау жұмыстары жүргізіліп, оқу-жаттығуды өткізу тәртібі түсіндіріліп, оқу- жаттығу бойынша тиісті құжаттар таратылды.
Оқу-жаттығу барысында басқару органдарының тәжірибелік дағдыларын іске асыру мәселелері атқарылып, сондай-ақ 2021 жылғы көктемгі су басу кезеңінде болуы ықтимал төтенше жағдайларды жою барысындағы апаттық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстар кезінде азаматтық қорғау құрылымдары мен авариялық-құтқару
қызметтерінің бірлескен әрекеттерін нақтылау мақсатындағы мәселелер атқарылды. Жалпы оқу-жаттығуға 1000 аса адам мен 350 жуық түрлі бағыттағы техникалар жұмылдырылды.
Оқу-жаттығудың негізгі ой-пікірі бойынша, ауа-райының күрт көтерілуіне және қардың тез еруіне байланысты Талас өзеніне жақын елді мекендерге су басу қауіпі төнген. Осыған байланысты, аталған аумақта су басу мен оның жайылуына жол бермеу масқатында Талас өзенінің жағалуында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің авариялық-құтқару жұмыстары қызметтерінің, Жамбыл облысының азаматтық қорғау құрылымдары мен кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің әрекеттері іске асырылды.
Байзақ ауданының шұғыл әрекет ету жасағының инженерлік командасының күштері және Жамбыл облыстық «Қазселденқорғау» ММ филиалы тарта отырып, сонымен қатар өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің қолдауымен жағалаудың жырылған аумақтарында жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілді.
Құтқару бөлімшелері қоғамдық тәртіпті сақтау қызметімен, транспорттық және медициналық қызметтерімен бірлесе зардап шеккен тұрғындарды қауіпсіз орынға көшіру жұмыстарын ұйымдастырды. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары «Қазәуеқұтқару» АҚ тік ұшағын тартумен арнайы жедел-құтқару техникаларын қолданып, төтенше жағдай аумағынан адамдарды құтқару мен қауіпсіз орынға көшіру бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Медициналық апаттар орталығы филиалының қызметкерлері өз кезегінде зардап шегушілерге медициналық және психологиялық көмек көрсетті.
«Қызыл ай» қоғамы филиалының еріктілері мен өкілдері халыққа гуманитарлық көмек көрсетті, ал азаматтық қорғау сауда-саттық қызметі көшірілгендерді уақытша орнату лагерінде тамақтанумен қамтамасыз етті. Жамбыл облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы