• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ЖАМБЫЛДЫҚТАР ЖАЗДЫҢ ҚАМЫН ҚЫС ОЙЛАУДА

10.02.2021
0
ЖАМБЫЛДЫҚТАР ЖАЗДЫҢ ҚАМЫН ҚЫС ОЙЛАУДА
274
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жуырда аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қанат Темешбаев сала маманы Аманалы Құрбановпен Ақбастау ауылдық округі аумағында орналасқан «Шарипов» шаруа қожалығының егістік алқабына ат басын тіреп, ондағы көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысымен танысты. Оларға біз де ілескенбіз.
Байқағанымыздай, егістік алқабында жұмыс қызу. Бір-бірінің соңынан ілескен 5 техника жер жыртып жатыр. Жұмыстың басында қожалық агрономы Фарух Юнусов жүр. Жанына барып, әңгімеге тартқанымызда, ол:

«Көктемгі егіс жұмыстарына дайындықты бастап кеттік. Ауа райы да қолайлы болып тұр. Арпа, бидай, жүгері егеміз деп жоспарлаған 100 гектар жерімізді дайындап жатырмыз. Алдында 220 гектар жерді қызылшаға дайындадық. Өткен жылы 100 гектар еккенбіз. Жақсы өнім алдық. Биыл қызылша егетін жердің көлемін ұлғайттық», – деп су тапшылығын болдырмау мақсатында былтыр тамшылатып суару әдісін қолданғанын, биыл да егістікті сол әдіспен суаратынын айтты.

Біздің әңгімеге қосылған Қанат Базарбекұлы:

«Қазір алдымызда көктемгі егіс жұмыстарын сапалы және дер кезінде өткізу міндеті тұр. Ауданда үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 57371 гектарды құрайды деп жоспарлануда. Бұл өткен жылғы егіс көлемімен салыстырғанда 568 гектарға артық. Осы орайда жаздық арпа, көкөніс-бақша және мал азығы дақылдарының егіс көлемдері ұлғайтылады. Жаздық дақылдарды орналастыру үшін аудан бойынша 28460 гектар сүдігер көтерілді.
Соңғы жылдардағы егіске қажетті су тапшылығына байланысты су үнемдеу технологияларын қолданудың маңызы артып келеді. Бұл технология бойынша тартылған инвестицияларды субсидиялау бағдарламасы бойынша тамшылатып суғару қондырғыларының құнының 25 пайызы төленуде.
Ағымдағы жылы аудан бойынша 13000 гектар жаздық арпа себу жоспарланған. Бұл көлемдегі жаздық арпа егісіне қажетті 2080 тонна, мақсары егісіне 16 тонна, көпжылдық шөпке 81 тонна, картопқа 1392 тонна тұқым шаруашылықтарда дайындалған.
Шаруа қожалықтарында көктемгі дала жұмыстарын атқаратын техникаларды жөндеу аяқталып келеді. Биыл пайдаланылатын тракторлар саны 389 дана болса, оның 364-і жөнделіп, көктемгі дала жұмыстарына дайын», – деп аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысын сөз етті.

«Жаздың қамын қыс ойлаған» шаруалардың жұмысына біз де табыс тіледік.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

19.06.2025
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
Қазақстан мен ЕО экологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен ЕО экологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

19.06.2025
Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады

Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады

19.06.2025
Жазғы демалыс – әр балаға қуаныш пен қамқорлық

Жазғы демалыс – әр балаға қуаныш пен қамқорлық

19.06.2025
Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

18.06.2025
Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

18.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский