• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Облыста жаңа АГТС Қордай ауданының 12 ауылын көгілдір отынмен қамтамасыз етеді

30.12.2020
0
Облыста жаңа АГТС Қордай ауданының 12 ауылын көгілдір отынмен қамтамасыз етеді
196
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Сәрсенбі, 30 желтоқсан күні Қордай ауданындағы Отар ауылының маңында қуаттылығы сағатына 15 мың текше метр болатын жаңа автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды.

Нысанның құрылыс жұмыстары қысқа мерзімде, яғни – ағымдағы жылдың тамыз айында басталып, желтоқсанға дейін аяқталып үлгерген. Құрылыстың жалпы құны бір миллиард теңгеден асады. Отар станциясының пайдалануға берілуімен жақын арада 42 мың адам тұратын Қордайдағы тағы 12 ауыл газға қосылатын болады.

Құны 4 миллиард теңгеден асатын аталған елді мекендерге тартылған газ құбырының ұзындығы 175 шақырымды құрайды. Көгілдір отынға бірінші болып Кенен және Отар ауылдарының тұрғындары қол жеткізді. Тиісті желілер «отар аймағы» деп аталатын 12 ауылдың барлығына жеткізілетін болады, ал тұрғын үйлерді қосу процесі кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

— Мемлекеттің басты міндеті – азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту. Бір жылдың ішінде бір аудандағы 22 елді мекенді газдандыру оңай шаруа емес. Өздеріңіз көріп отырсыздар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сіздердің аудандарда көптеген жұмыстар атқарылуда. Ауданды дамытуға 35 миллиард теңге бөлінді, 4,6 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Мен құрылысшылар мен газ қызметкерлеріне сапалы әрі тиімді жұмыс үшін алғыс айтамын, — деді Бердібек Сапарбаев салтанатты  шарада сөйлеген сөзінде.

Отар ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Саламат Молдажанов Отарда газдандыру жұмыстарынан бөлек, спорттық-сауықтыру орталығы ашылып, мәдениет үйі салынуда, инфрақұрылым дамуда екенін марқая жеткізді.

Бұдан соң, станция қызметкерлері салтанатты түрде клапанды ашып, газ алауын тұтатты.

Тұрғын үйлерге газдың келгеніне ең алдымен үй шаруасындағы әйелдер айрықша қуануда. Аймақ басшысы ардагер С.Молдажановтың үйіне арнайы ат басын бұрып, газ плитасында ас әзірлеп жатқан Жамиға әжейдің қуанышына куә болды.

— Менің бұл үйге келін болып келгеніме 40 жыл болды, бірақ ешқашан газ болған емес. Қысқы маусымда жылуға кем дегенде 10 тонна көмір жұмсалып, маусымға шығындар 150 мың теңгеге дейін жететін. Енді, міне, күл-қоқыс шығарып, түн ортасында тұрып, пешке көмір салып әуре болмаймыз, — деді әжей.

Оны ұлы ақын Кенен Әзірбаевтың немересінің әйелі Гүлайша Кенен де қолдады.

— Ауылымыздағы тұрғындар тіпті газға қосылу үшін кезекке тұруда. Адамдардың өмірі жайлы бола түсуде, — дейді Гүлайша.

Ал, газ қызметкерлері ауыл тұрғындарын қуанышты оқиғамен құттықтай отырып, тұрғындарға қауіпсіздік нұсқаулықтарын таратты.

— Газдың барлық тиімділігіне қарамастан, тек дұрыс қолданған жағдайда ғана оны тұрмыс игілігіне айналдыра аласыздар. Себебі, жазатайым оқиғалардың салдарын зерделеу кезінде олардың барлығы қарапайым қауіпсіздік ережелерін бұзудан және газ құралдарын пайдалану ережелеріне немқұрайлы қараудан орын алғанын көрсетеді, — дейді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының директоры Сәкен Исмайлов.

Ағымдағы жылы аудандағы 22 елді мекенді газдандыруға 11 миллиардқа жуық теңге бағытталған. Бұған дейін көгілдір отын 10 ауылға тартылған болатын, олардың қатарында Масаншы, Сортөбе, Аухатты, Бұлар батыр, Қаракемер және басқа да ауылдар бар

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

20.06.2025
Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

19.06.2025
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
Қазақстан мен ЕО экологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен ЕО экологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

19.06.2025
Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады

Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады

19.06.2025
Жазғы демалыс – әр балаға қуаныш пен қамқорлық

Жазғы демалыс – әр балаға қуаныш пен қамқорлық

19.06.2025
Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

18.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский