Ағымдағы жылдың 19 желтоқсан күні «ҚОР БАСШЫСЫ 7,4 млрд теңге ҚАЙДА КЕТКЕНІ ТУРАЛЫ ЖАУАП БЕРЕ АЛМАДЫ (ВИДЕО)» атты мақала жарияланған болатын. Ақпарат агентіктін электрондық поштасына «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» КЕ АҚ Жамбыл облысы филиалы директоры Мавлюдв Боқаеваның жауап хат (Шығыс № 28-09-44/1686 24.12.2020) келді. Хатта төмендегідей мәтінмен жолданыпты.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» КЕ АҚ Жамбыл облысы филиалы Сіздің медициналық сақтандыруға қатысты ауызша сұрау салуға қатысты келесіні хабарлайды.
2015 жылғы 16 қарашасындағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» № 405-V ҚРЗ Заңының 1 бабы 3 тармақшасына сәйкес, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі — қор) — аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым.
Әлеуметтік әділеттілік пен ортақ жауапкершілік – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (одан әрі — МӘМС) негізгі қағидаттары. Ендігі кезекте әрбір азаматтың денсаулығы үшін жауапкершілік адамның өзіне, жұмыс берушісіне және мемлекетке жүктеледі. Қаржы шығындары да ортақ жауапкершілік қағидатымен, «мұқтаждығы аз адамдар көмекке зәру адамдарға төлейді» қағидатымен бөлінеді.
Ағымдағы жылдың 11 айында Қорға Жамбыл облысынан 7,4 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 4,7 млрд теңгеден астамы – жұмыс берушілердің жасаған аударымдары болса, қалған 2,7 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынцша еңбек ететіндерге тиесілі.
Ал, өткен 11 айда Қор Жамбыл тұрғындарына сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілген қызметтерге 14,9 млрд теңге төледі. Шығынның басым бөлігі стационарлық медициналық көмекке (6,2 млрд теңгеден астамы) тиесілі. Тағы 5,5 млрд теңге халық тарапынан үлкен сұранысқа ие болып отырған КТ/МРТ сынды консультативтік-диагностикалық көмек үшін төленген.
1,04 млрд теңге жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын медициналық қызметтерге, 0,8 млрд теңге стационарды алмастыратын көмекке, 169 млн теңге профилактикалық тексерулерге жұмсалған.
Облыс тұрғындарының биылғы аударған 7,4 млрд теңгеден астам қаражат көлеміне қарамастан, МӘМС пакетінің қаражат көлемі 7,5 млрд теңгеге артық жұмсалғанын байқауға болады.
Яғни, МӘМС жағдайындағы ортақ жауапкершілік қағидаты барлық сақтандырылған азаматтарға табыс пен төлем көлеміне қарамастан, сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етуде.
Қосымшада көрсетілген қаражаттың қозғалу схемасына сәйкес, Төлеушілер аударым мен жарнаны екінші деңгейлі банк немесе «Қазпошта» АҚ арқылы төлейді. Қаржы мен мәліметтер Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» түседі. Одан әрі Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» алушыға қатысты мәліметтерді тексеріп, төлемді қабылдайды немесе қабылдамайды. Қабылданған жағдайда, қаражат Қордың Ұлттық банктегі есеп шотына түсіп, төлеушілердің тізімі мен төленген сомаға қатысты мәліметтер ҚР Салық органдарына жіберіледі. Төлем қабылданбаған жағдайда, қаражат төлеушінің екінші деңгейлі банк немесе «Қазпошта» АҚ-дағы шотына қайта оралады.
Сондай-ақ, төлемдердің болуы немесе болмауы, жүзеге асырылған қайтарулар туралы ақпаратты https://egov.kz/ «Электрондық үкімет» порталынан алуға болады. Ол үшін «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» электрондық мемлекеттік қызметіне тапсырыс беру қажет.
Қосымша: Қаражаттың қозғалы схемасы
Директор М. Бокаева
✍: Д. Бурханов
☏: 8 (7262) 99-94-07