• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

НЕГЕ ЖАМБЫЛДА АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ НАШАР?

10.12.2020
0
Бақытжан Жанибеков

Бақытжан Жанибеков

754
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібековпен сұқбат

— Бес сантиметрлік жол жұқа емес пе?
— Бұл жобалық шешімге байланысты болады. Мұны жұқа дей алмаймыз. Себебі әр жолдың өз параметрлері бар. Ауыр жүк көліктері жүрмейтін, яғни көбінесе елді-мекендердің ішкі жолдары. Жолға салмақ түспейтіндей. Талап бойынша ішкі жолдармен жүретін көліктердің салмағы сегіз тоннадан аспауы тиіс. Осындай жеңіл көліктерге бес сантиментрлік жолдар шыдайды. Егер одан жоғары болатын болса, 2,3,4 дәрежелі жолдарға реконструкция жасалады. Мысалы биыл Тараз-Сарыкемер жолын үшінші санаттан екінші санатқа ауыстырдық. Яғни оның енін ұзарттық, одан кейін жолдың қалыңдығы бүгінгі күнге 25 сантиметр болды. Демек бұл жол әлі 10-15 жылға дейін өмір сүреді деген сөз.

— Тараз қаласы тұрғындарының бас ауыртқан жолдары М-2, М-4 бойынша жылыту құбырларын ауыстырғаннан кейінгі Қойгелді көшесіндегі жолдың жағдайы. Бұл асфальт жолдың жағдайы қазір неге мәз емес?
— Біз бұл жол бойынша сапа орталығымен бірлесіп бұл жолдың жағдайын зерделеген болатынбыз. Атқарылған жұмыстарға сәйкес материалдарын алып, ары қарай зертханалық сынамаларын алып, қорытындыларына көз жүгірттік. Нәтижесінде кей аумақтардағы жолдың сапасы стандартқа сәйкес келмейтін болып шықты. Одан кейін ой-шұңқыр болып кетуінің себебі жол негізінің талаптарға сай сембеуіне байланысты. Яғни қабат-қабатымен нығыздау жұмыстары дұрыс жүргізілмеген. Ең басты себебі технологиялық сатыларды дұрыс жүргізбеу болып табылады.

— Технологиялық сатылардың сақталуы бойынша Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылына баратын жолды айтып едік. Осы технологиямен қанша облыстық маңызы бар жол салынды?
— Айтып отырған жолыңыз есімде. Ол Құлан ауылына батыстан кіретін жол болатын. Жалпы ұзындығы он шақырым. Негізі жолдың жағдайы қанағаттанарлық болатын. Бірақ бұл жолды келешекте бюджеттен артық шығын жасамау үшін әрі қарай сақтап қалуымыз керек болды. Сол үшін де қара қиыршық тастармен өңдеу жұмыстарын жүргіздік. Тастар ұшып жатыр деуінің себебі, оның өз технологиялық процесі бар.

—Облысымызда көбірек мәселе тудыратын Луговой станциясынан бастап Тәттіге дейін созылған Қорағаты жолы. Сол жолды мен ұмытпасам осыдан бес жыл бұрын жақсылап тұрып жөндеді. Ал қазір ол жолдан жүру мүмкін емес. Неліктен?
-Бірінші кезекте ол ауыр жүк көліктерінің салмағынан. Жалпы ұзындығы 62 шақырымды құрайды. Оның бәрі кезең-кезеңімен 2013 жылдан бастап жөнделіп келген болатын. Соңғы жұмыстар 2016 жылы жүргізілген еді. Өзіңіз білесіз, Меркіде салмақ өлшегіш құралы тұр. Одан кейін Меркі-Шу-Бурыл-Байтал жолының жағдайы да нашар болды да, сол уақытта Елордаға, оңтүстіктен солтүстікке қатынап жатқан күре тамыр жолдың бірі болғаннан кейін ірі көліктің бәрі осы жолмен жүрді. Қазіргі таңда бюджеттің мүмкіндігіне қарай транспорттық инспекцияны сол жолға жұмылдырып жатырмыз. Неліктен қазір жөндеу жұмыстарын жүргізбей отырмыз? Қазір басымдық Меркі-Шу-Бурыл-Байтал жолына беріліп отыр. 2021 жылы осы жыл аяқталса, барлық ауыр жүк көліктері сол жолмен жүретін болады. Қазір ағымдық жұмыстар бойынша кей жерлерді тегістеп, шұңқырларын реттедік. Биылғы жылдың өзінде 3-4 шақырым жолдың асфальтын алып тастадық.

—Демек жол бұзылуына транспорттық инспекцияның қойған өлшеуіш құралы себеп болып отыр ғой?
-Иә, дәл солай. Өкінішке орай біз бұл жол жалпы жол болғандықтан шектеу қоя алмаймыз. Бірақ жүктің салмағы сегіз тоннадан асса айыппұл салынады.

—Өзіңіз білесіз, жолға сын көп айтылады. Осы салада он жылдан астам қызмет етіп келесіз. Бұл ретте сапасына сын болмаған қай жолмен ерекше мақтана аласыз?
— Мақтану дұрыс емес шығар. Әр жұмыстың сапасы қаржыға келіп тіреледі. Мысалы алты сантиметрлік, ені жеті немесе тоғыз метрді құрайтын жол болса, оның бір шақырымы 25 миллион мен 35 миллионның аралығында болады. Бұл бір ақ қабатты жол. Егер мен жоғарыда атап кеткендей Жетібайға, Сарыкемерге баратын жолымызды айтсам, бұлардың бір шақырымының құны тасымалға, жұмсалатын материалға байланысты жүз миллионнан асады. Мұндай сапаға жету үшін қаржылық мәселені шешуіміз керек. Бізде жергілікті жолдардың ұзынды 3175 шақырым. Бір жолды жөндесек он жылдан соң осы жолға қайта оралуымыз керек. Бірақ екінші участокты жөндеп үлгере алмай жатамыз. Биыл атқарылған жұмыстар аз емес. Мың шақырымнан аса көше жөнделді. Менің айтарым, Жаңатасқа кетіп бара жатқан жолда, Қаратаудан асқаннан кейін Ақтоғай деген елдімекен бар. Бұл Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент деген жол. Бұл жолдың жөндеу жұмыстары 2008 жылы басталып 2011 жылы аяқталды. Жол екі қабатты. Қалыңдығы 11 сантиметр. Ыстық асфальтты бетоннан салынған болатын. Осы жол бүгінгі күнге дейін мүлде бұзылған жоқ. Сол кездің өзінде сол жолдың бір шақырымының құны жүз миллион болатын.
Бүгінгі таңда біздің жалғыз мақсатымыз жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу.

—Биыл жолға қырық миллиард ақша бөлінді. Қай жұмысыңызды мақтанып айтар едіңіз?
-Жаңа айтып кеткенімдей мың шақырым көше жөнделді. Үш жүз шақырымға жуық жергілікті жолдар жөнделді. Біздің қол жеткізгеніміз — үш даму бағдарламасымен Сарыкемерге баратын, Көктал, Жетібайға кететін бес шақырым жолымыз бар, одан кейін аяқталуын келесі жылға жоспарлап отырған 16 шықырымдық Тараз қаласының оңтүстік айналма жолы бар. Бұл жол Айша бибі көшесінің темір жол өткелінен басталып Гродикова елдімекеніне тікелей шығады. Осы жол арқылы қала ішіне ауыр жүк көліктері кірмейтін болады. Кептеліс те болмайды. Қазір өзіңіз білесіз, шекараға дейін бір ақ жол. Бұл жол біраз мәселенің реттелуіне әкеледі.

—Тура кеше әлеуметтік желіде Құмшағал елдімекеніне өтетін көпірде пайда болған жарыққа байланысты өткір сындар айтылып жатыр. Былай айтқанда бетон мен асфальт қақ жарылған. Бұл дұрыс жасалмаған технологиядан ба әлде асфальттың сапасыз болуынан ба?
— Мұны дұрыс түсінуіміз керек. Біз осы жағдайға байланысты эксперт мамандармен жұмыс жүргіздік. Өзіңіз білетіндей бұл көпір 2016 жылы қайта жаңғыртудан өткен. Бұл температуралық шовтан болған жағдай. Ол қыста ажырайды, жазда қайта қысылады. Ол барлық көпірде ойнап тұрады. Бұл соның әсерінен болған. Ашылатын жарықтың өз стандарты бар. Біздің мәселемізде ол 2,5-8 сантиметр арасында болуы тиіс. Кешегі өлшегенде 3,5 сантиметр болды. Оның халыққа ешқандай қаупі жоқ. Бұл болатын нәрсе. Көпірлерге тән құбылыс.

— Келесі жылға қандай жоспарларыңыз бар?
— 11 желтоқсанда бюджет бекітіледі. Келер жылға республикалық бюджетке де өтінім бердік. Осы бюджетті нақтылап алғаннан кейін, жұмыс жоспарланады. Паритетке жергілікті маңызы бар отыз жол ұсындық. Оның ішінде он облыстық маңызы бар жол бар. Қалғаны аудандық жолдар. Облыстық жолдардың ең ірісі Түркістан облысының шекарасына дейінгі жол. Екіншіміз жиырма сегіз шақырымдық Ақкөл-Қойгелді жолы. Үшінші ірі маңызды жоба Күйік-Қаратау-Қарабастау-Жаңатас жолының 56-66 шақырымы. Одан кейін Тараз-Жетібай, Ақыртөбе-Тереңөзек, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Юбилейный жолы бар. Сосын Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел жолын әрі қарай жалғастыру жоспарда тұр.

—Бақытжан Оразалыұлы, сұқбатыңызға рақмет. Қыстың күні жолдарымызда ешқандай қауіп-қатер болмасын.

Сұқбаттасқан Исламбек Дастан.

Фото автордікі.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzБакытжан Жанибековжол
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

20.05.2025
Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

20.05.2025
Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

20.05.2025
Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

20.05.2025
Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

20.05.2025
Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

20.05.2025
Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

20.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты