• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:01
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстандық пияздың 75 пайызын Жамбыл облысының диқандары өсіруде

turan_admin turan_admin
02.12.2020, 13:34
Облыс жаңалықтары
Қазақстандық пияздың 75 пайызын Жамбыл облысының диқандары өсіруде
488
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ағымдағы жылдың 10 айында Жамбыл облысының шаруалары 332,6 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

— Экономикалық дағдарыс пен коронавирустық пандемияны ескере отырып, агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Негізгі міндет — азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тамақ өнімдерін импортпен алмастыруға басымдық беру, дәстүрлі емес дақылдар мен тамақ өңдеу өнеркәсібін дамыту, — деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Карантиндік шараларға қарамастан, агроөнеркәсіптік кешенде тұрақты өсім байқалады, көктемгі және күзгі дала жұмыстары уақытында жүргізілді. Егістік алқабы 47 мың гектарға ұлғайтылып, 735 мың гектарды құрады. 817 мың тонна астық жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,8 пайызға артық. Ауыл шаруашылығы дақылдарының барлығында жиын-теріннің өскені байқалады.

— Жамбыл облысы пияз өндірісі бойынша республикада көшбасшы болып тұр. Аймақта елдегі пияздың жалпы көлемінің 75 пайызы өсіріледі. Ағымдағы жылы жиналған өнім 691 мың тоннаны құрады. Оның 41,2 мың тоннасы қазірдің өзінде ТМД елдеріне, Ирак, Австралия, Сербия, Түркия, Пәкістан, Польшаға жөнелтілді. Бізге осы бағытта жұмыс істей беру керек, әсіресе жаңа технологиялар мен сұрып түрлерін енгізіп, көкөніс қоймаларын көбейтуіміз қажет. Бұл көкөніс түрі еліміздің кез келген аймағында өсе бермейді. Сондықтан пияз біздің облыстың бренді бола алады, — дейді Бердібек Сапарбаев.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазір егіс алқаптары әртараптандырылып жатыр. Алғашқы рет 835 гектар алқапқа күзгі рапс егілді. Түркиялық инвестордың қатысуымен таңқурай мен құлпынай отырғызылып, алма бақтарының аумағы кеңейтіліп жатыр.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 11,5 мың гектар суармалы алқаптар қалпына келтіріліп, жалпы аумағы 178,5 мың гектарға жеті. Заманауи технологияларды енгізудің арқасында интенсивті бақтардың аумағы 27 пайызға ұлғайтылды. Пайдаланылмай жатқан 72,1 мың гектар ауыл шаруашылық жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды, – деді аймақ басшысы.

Аймақта ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, оның ішінде қуаттылығы 148 мың тонна «Қызылша» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қант зауыты, «K-Agro Holding» компаниясының 70 мың тонна картоп фриін шығаратын зауыты, «Алел Агро» ЖШС-нің қуаттылығы 45 мың тонналық құс фабрикасы бар. Бұл жобалардың жалпы құны 167 миллиард теңгені құрайды.

 Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.