«Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығының» президенті Исламбек Дастан облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының “Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру” атты әлеуметтік жобаның «Екі жылдық» жұмысы есебін беріп, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
-Қазіргі таңда мемлекеттік құрылымда 3 жақ бар дейді. Олар мемлекет, ҮЕҰ, және бизнес. Сол ҮЕҰ бірі ол сіздер. Қаншама іс-шараларыңызды көріп отырмын. Басқа өңірлерге де үлгі болатындай, бастамаларыңыз барына өзім куә болдым,-деп ҚР Ақпарат жəне қоғамдық даму министрілігі Азаматтық қоғам комитетінің эксперті Талғат Азатұлы өз сөзін аяқтады.
Жастардың құқық бұзушылығын алдын алуға бағытталған түнгі рейдтер өткізу бойынша полиция депортаментімен бірігіп түнгі рейд жұмыстары жүргізілген болатын.
Бұл жөнінде Полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов былай дейді: Жұмыс барысын өзгертейік, профилактика жұмыстарын өзгертейік, халыққа барайық, полиция қызметкерлері халыққа ашық болсын деп ұсыныстарыңызды айтқан болатынсыздар. Айтып өткендей профилактика жұмыстарын, рейд жұмыстырында күшейтіп, нақты бір нәтижелері болсын деген де ұсыныстарды қолдап жатырмыз. Департамент бойынша біз де ашықпыз. Айтатын тағы да ұсыныстарыңыз болса айтып отырсаңыздыр болады, бірлесе отырып бірге ұйымдастырайық.
2жылдық жұмысқа баға беріп, бағалаушы Облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Махпал Сатыбалдықызы пандемия салдарынан форматтардың өзгерістерге ұшырағандыған айтты. Сондай-ақ ұйым мекемелерінің әжетханаларын ары қарай зерделеп маниторинг жүргізу қосымша жұмыс ретінде өз ұсыныстарын білдіргендігін атап көрсетті.