Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Азаматтық қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамуға 30 жыл – #BIRGEMIZ:» атты Жамбыл облысының үкіметтік емес ұйымдары форумы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Биылғы жылы Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының» Жарлығына қол қойып, мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларды әзірлеуге және іске асыруға қоғамның қатысу жүйесін дамыту, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатын жетілдіруге жәрдемдесу, мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғамның әріптестік жүйесін нығайтуға жаңа серпін берді-деп атап өткен болатын.
Екі жылда бір өтетін Азаматтық форумын ашып берген облыс басшысы Бердібек Сапарбаев форумға қатысып отырған қатысушыларға алғысын білдірді.
-Әрбір мемлекеттің дамуы, болашағы бірден-бір сол мемлекеттегі тұрақтылыққа бірлікке татулыққа тұрғындардың әл-ауқаты, жағдайына байланысты. Еліміздің де жүргізіп отырған саясаты осы мәселелерді дер кезінде шешіп халықтың жағдайын жақсарту. Осы шараларды жақсартуда Азаматтық қоғамның орны ерекше, 30 жылдың ішінде біздің мемлекетімізде демократияны дамытуда әлеуметтік мәселелерді шешуде азаматтық қоғам өзіндік орнын дәлелдеді. Облыста бүгінгі күнге 6 саяси партия, әртүрлі бағыттағы 894 ҮЕҰ, 11 конфессияның мүддесін білдіретін 356 діни бірлестік, әртүрлі меншік нысанындағы 82 БАҚ, 12 қоғамдық кеңес, 122 мыңнан астам ұйымды қамтитын 15 салалық кәсіподақ бірлестігі ресми түрде тіркелген.Біз енді мемлекет басшыларының берген тапсырмаларына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдарды әрдайым қолдаймыз, көмектесеміз, оның бір айғағы осы жылдың ішінде ұйымдарға 1 млрд. астам қаржы бөлінді. Ол қаржы келесі жылы да өзінің жалғасын табады. Бүгінгі форум жұмысына сәттілік тілейміз-деп өз сөзін аяқтады.
Азаматтық форумның мақсаты — азаматтық қоғам институттарын жан-жақты дамытудың заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерін жетілдіру екені анық.
-Халық үніне құлақ асатын мемелекет тұжырымдамасының дамып келе жатқаны қуантады. Үкімет емес сектормен өзара қарым-қатынастарын орнату мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып келеді- деп «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ төрайымы Бәтима Мукинаға беріледі
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған өлкені түлетіп, мұқтаж жандарға көмек қолын созған, қайырымды жандардың игі ісін жалғастырған азаматтарды ұлықтайтын «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары бизнес-құрылым өкілдері, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді ынталандыру, көтермелеу және кіші отанын дамытуға қатысуға уәждемелеу, азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет, меценаттық пен мейірбандық идеяларын танымал ету болып табылады. «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ «Жыл тұлғасы» номинациясымен Тоқтасын Блалиев, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен Серік Олжабеков, «Туған өлке» номинациясымен «Бином group» ЖШС Камшат Малдыбекова, «Ерен еріктілік» номинациясымен Михаил Платов, «Жыл меценаты» номинациясымен Бақтияр Тоғайбаевмарапатталды. «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН «Амазонка» қатерлі ісік науқастарын қолдау қорының жетекшісі Анжелика Сарьян, ҚР Қызыл жарты ай қоғамының облыстық филиалының төрайымы Оразкүл Тастемирова, «LIDER.KZ» еріктілер іздестіру қозғалынысың үйлестірушісі Николай Чагай, «ӨРКЕН-НИЕТ» қоғамдық қорының төрағасы Сағдат Айнабеков марапатталды. ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН 16 АДАМ МАРАПАТТАЛСА, «ASAR» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БОЛЫП 1 орынды Лейла Саин, 2 орынды Дилафруз Махмадулоева, 3 орынды Рауан Рауылбековаиеленді.