Қазақта бір жақсы сөз бар «Өткенді еске алмасаң, болашағыңнан не қайран»,-дейді ғой. Сол ұлық міндетті біз ұмытып барамыз. Жақсылыққа, бейбітшілікке ынтымақтастыққа тәуелді қазақ деген текті елміз. Тарихта 1941-1945 жылдары соғыс кезеңдерінде ең бір тарихи ерекше орын алып есімізде қалатыны Марс операциясы. Бауыржан Момышұлы атындағы Жеңіс саябағында орналасқан Даңқ залында ашылған Ұлы Отан соғысы ардагерлері Сәлем Смайылұлы мен Мәди Мәмековке арналған естелік бұрышы ашылды. Оның ішінде соғыс уақытында қолданған снаряттар, күрек, оскобканың сынықтары, белдіктері, бас киімдері мен өшпес сол кездері жазылған құнды еңберімен толыққан.
Жоба жетекшісі Әлия Арзымбетова 2009 жылы Ресей жеріндегі елді мекендеріне барып жастармен бірге ата бабаларымызға тағзым етіп қайтқан болатын.
-200 мыңнан аса азаматтарымыз соғыс майданында қайтыс болған, бұл ақпараттарың барлығы құпия түрде сақталған болатын. Бізге 124 азаматтардың тізімдерін берген. Сол тізімді жасақтай келе газет беттеріне жариялап, 14 отбасын таптық. Марс операциясында біраз азаматтарымыз қаза тапты, 80 пайызға жуығы біздің қазақ азаматтарымыз қаза тапты. Бұл өте ауыр қайғылы жағдай-деп сөзін қорытындылады.
Атамыздың балалары, немерелері, туған-туыстары Даңқ залына келіп аталарының атына ашылып жатқан бұрыштаманы тамашалап, өздерінің ізгі тілектерін білдірді.
— Осыдан 11-12 жыл бұрын Нұр Отан партиясының ұйымдастыруымен арнайы пойыз арқылы Алматы облысы, Алматы қаласынан, біздерді осы паркке алып келген болатын. Партия адамдары біздерді шығарып салып басқа да қалалардағы ұмытылмас ескерткіштерімізбен таныстырды. Әкем менің суретімді көріпті, сол кездері менің 2 айлық шағымда суретімді жберіпті, ал мен әкемді көрмедім. Ресей жеріне топырақ апарып, топырақ алып қайттым одан асқан не керек- деп Сәлем Смайылұлының ұлы Сәлемов Жақсылық өз сөзін аяқтады.
-Сіздерге басымызды иеміз, көп рахмет, Атамызға арналған ескерткіштеріне немерелеріңізді, шөберелеріңізді әкеліп аталарының ерліктерін тек айтып қана емес, әкеліп көрсетейік-деп атамыздың немерелері өз қуаныштарын білдірді.
«Ел барда, ер қор болмас»,- демекші әлі де біз танымай, біз естімей жүрген батыр ата-апаларымыз туралы тың деректер табылады деген үмітіміз бар