Бүгін аудан әкімі Сәкен Арубаев Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ауданының 2020 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы тікелей эфир өткізіп, қойылған сауалдарға толымды жауап қайтарды.
Толығырақ тарқатар болсақ:
Өнеркәсіп өнімдері 0,3%-ға артығымен орындалса (11,8 млрд.).
Негізгі капиталға салынған инвестиция 3,0 млрд. теңгеге өсті (21,9 млрд. теңге).
67,4 млрд. тг 11 жобаны іске асыру жоспарымызда бар.
«Жамбыл Ет MS» ЖШС – мал бордақылау алаңының құрылысы (құны – 1,5 млрд.),
«Көкжиек 2030» ЖШС – сүт фермасының құрылысы (жоба құны — 1,5 млрд. теңге),
«Алель Агро» ЖШС – құс фабрикасының құрылысы (2,5 млрд. теңге),
«Good Look» ЖШС – тауарлы сүт фермасының құрылысы (2,5 млрд. теңге),
«Денвер-Т» ЖШС – жылыжай кешенінің құрылысы (2,5 млрд. теңге),
«Аса-Даму» ЖШС – құс фабрикасының 4 корпусының құрылысы (150-180 млн. теңге),
«КазФос» ЖШС ж – натрид гексаметофосфатын өндіретін желісін кеңейту құрылысы (2 млрд. теңге),
«Тараз» ӘКК және «Далаагро» ЖШС — жылыжай кешенінің құрылысы (15 млрд. теңге).
«Shell» ЖШС — күн электрстанциясының құрылысы (20 млрд. теңге),
«Тараз Мұнай Өнімдері» ЖШС – сұйыт. газ шығаратын зауыт құрылысы (20 млрд),
«Super pharm» ЖШС — бірреттік медициналық шприцтер шығаратын 3 корпус құрылысы (құны — 1,2 млрд.тг).
«Қарапайым заттар экономикасы» аясында 1,9 млрд. теңгеге 19 жоба қаржыландырылды (995 млн. медициналық бұйымдар өндірісі бойынша 1 жоба, 30 млн. жемістерді кептіру цехы бойынша 1 жоба, 936,5 млн. мал шаруашылығын дамыту бойынша 17 жоба).
Бұдан бөлек, 25 млн. 1 жобаның құжаттары қаралуда.
Ауыл шаруашылығы саласы
Өндіріс орындарының ұлғаюымен қатар дала еңбеккерлерінің табыстары да көңілге қонымды.
Ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 15,1 млрд. құрап, 1,8 млрд. теңгеге өсті.
Егіншілікте 5,8 млрд. теңге, мал шаруашылығында 9,3 млрд. теңге.
Бұған қоса, қысы-жазы көкөніс өсіретін жылыжайлар көптеп бой көтеруде.
Мәселен, 6 елді мекендегі 33 жылыжай 1,32 га қызанақ, 3,3 га қияр, 0,3 га басқа да дақылдар екті.
126 тонна қызанақ, 191 тонна қияр, 2 тонна басқа да дақылдар жиналды.
«Казсушар» мекемесі жобасы шеңберінде «ПУИИД-2» (3,6 млрд. теңге) және «Европалық даму банкі» (7,4 млрд. теңге) арқылы 553 шақырымды құрайтын, 69 каналды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Осы каналдар 14 556 га алқапты суландырады деп күтілуде.
Ғарыштық түсіріліммен игерусіз жатқан 3 327 га жер қорына алынып, 9 696 га конкурс арқылы қайта айналымға қосылды.
Есепті кезеңде 246,8 млн. 64 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.
«Жамбыл облысы бойынша тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы
Бесағаш ауылдық округіне 5 бағыт бойынша 280 құжатқа 1,0 млрд. бөлініп, толығымен игерілді.
1-бағыт Үй іргесіндегі жер
— 1117 ауланың 155 га жеріне 13,3 млн. тұқым және минералды тыңайтқыштар алуға несие беріліп, толық игерілді.
— 2 жылыжай құрылысын салуға бөлінген 16,8 млн. толық игерілді.
2-бағыт Ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану
— 276 аула 4 760 бас мал, құс алып, 860 млн. игерілді. (сауынды сиыр 268 бас, бұқашық 360 бас, қой 1443 бас, жылқы 1289 бас, 1 400 бас күркетауық)
3-бағыт Тұрғындардың ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану
— ауыл сыртындағы 1335 га жерге (117 шаруашылық) мал азығын дайындау үшін тұқым және минаралды тыңайтқыштар 38,8 млн. алынды.
4-бағыт Кооперативтерді жабдықтау немесе құру (техника)
«Іске Сәт» АШК 100,1 млн. 22 техника сатып алынды.
5-бағыт. өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге арналған шағын жобалар
1,8 млн. 1 — кондидерлік цехы ұсынылып, іске асырылды.
Өңірде мал басының өсу динамикасы байқалуда.
(Ірі қара 866 басқа (45,0 мың), қой-ешкі 4,1 мың басқа (254,1 мың), жылқы 1,3 мың басқа (19,2 мың ),үй құстары 4,7 мың басқа (344,4 мың) артты.
Өңірде жалпы 5 мың тонна ет өндіріліп, 58,8 тоннаға артса, сүт өндіру 27,3 мың тоннаға жетті.
Өндірілген жұмыртқа 861,4 мың данаға артып, 46,1 млн. құрады.
Қазір 6 370 басқа арналған 13 мал бордақылау алаңы, 13 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істеуде.
Малға қатысты айта кететін бір мәселе, Қырғыз елінен заңсыз өткен малды уақытша ұстау орнының жоқтығы.
Осы мәселені шешу мақсатында Жасөркен елді мекенінен контрабандалық малды ұстайтын арнайы орын құрылысы басталып кетті (34,1 млн.теңге).
Құрылыс саласы
Құрылыс жұмыстары 5,3 млрд. жүргізіліп, өсім 2 млрд. құрады.
Бүгінде ауданда 870 адам тұрғын үй кезегінде тіркелген.
Осы мәселені шешу үшін «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен 76 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.
Осындай, тағы 4 тұрғын үй құрылысының құжаттары дайындалып, бюджетке өтінім берілді. (2,9 млн. теңге).
Жер беру
Ал, кезекте тұрған 10 мыңнан аса тұрғынды жер телімімен қамту мақсатында, 7 елді мекеннің инженерлік инфрақұрылымына құжаттары әзірленіп, 3,8 млрд. бюджеттік өтінім ұсынылып отыр.
Мәселе шешілсе 1 882 отбасына жер беруге мүмкіндік туады.
(Айшабибі, Бірлесу-Еңбек, Бектөбе, Қызылқайнар, Аса, Тастөбе, Бесжылдық – 370,2 га., (қамтылуы – 18,8%), (газ, электр жарығы, су, жол).
Жолдар
Биыл, Өрнек-Тоғызтарау-Жаңаөткел жолы (94,4 млн. теңгеге 6 шқ) және 12 ауылдың 26 ауыл ішілік жолдары жөнделуде (205,4 млн. теңгеге 22 шқ).
Бұдан бөлек, «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 12 ауылдың 63 ауылішілік көшелері мен 1 аудандық мәндегі автомобиль жолы жөндеуден өткізілуде (753,9 млн. теңгеге 54 шқ).
«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 5 ауылдың 8 ауылішілік көшесі жөнделуде (98,4 млн. теңгеге 5,5 шқ).
(Жалпы 415 шқ құрайтын 517 көше бар. Оның 176 шқ асфальтті төсем, 239 шқ шағалды төсем).
Ауыз су – 23 жоқ.
Қазір, аудандағы 42 елді мекеннің 23-де орталықтандырылған ауыз су жүйесі жоқ (45,2%).
Жамбыл ауылдық округіндегі 5 елді мекеннің ауыз су жүйесі аяқталса, 6 ауылға (Шоқай, Жасөркен, Қызылқайнар, Ақбұлым, Байтерек, Қаратау) ауыз су құбырын тарту жұмыстары басталды.
Осы нысандарды қосқанда қамтылу деңгейі 71,4%-ға жетеді.
Бұдан басқа, Бесағаш-Түрксіб ауылының құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінімдері тапсырылды (құны 1,5 млрд. теңге).
Бектөбе-Қызылшарық (996,7 млн. теңге), Қаракемер (441,8 теңге) ауылдарына құжаттары әзірленуде.
Қалған 7 елді мекенді ауыз сумен қамту жеңілдетілген жолмен ұйымдастырылатын болады (Әулиекөл, Көлқайнар, Кемел, Сеңгірбай, Жұма ст., Құмсуат, Жаңаөткел).
Газдандыру – 17 жоқ.
Ауданда 25 ауылға газ тартылған.
Қазір 13 ауылға тартылуда (90,4%). (4,5 млрд. теңге РБ).
(Өткен жылы 804,9 млн. теңге, 2020 жылға қосымша 454 млн. теңге).
5 елді-мекенге ауылішілік газ тартуға 725,2 млн. бөлініп отыр. (Ащыбұлақ, Тастөбе, Рахат, Қаракемер, Еңбек).
Биыл, қосымша 5 елді мекеннің тиісті құжаттары әзірленуде, оған 35,6 млн. теңге бөлінді.
(Өрнек, Ерназар, Жұма, Шайдана, Көлқайнар).
(Қаратау, Әулиекөл өздері тартуда, Құмтиын өздері тартқан).
(Сеңгірбай 15 үйге тиімсіз).
Әлеуметтік көмек
Мемлекетік сақтандыру қорынан жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған 37 816 адамға 42 500 төленді (1,6 млрд.).
7 071 адамға 15,0 мың теңгеден (7 санат бойынша) жалпы 212,1 млн. теңге көлемінде коммуналдық төлемдер төленді (1,2,3 топтағы мүгедектер — 1744, мүгедек бала тәрбиелеуші отбасылар – 317, көп балалы отбасылар – 2116, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер – 191, зейнеткерлер – 2177, атаулы әлеуметтік көмек – 523, мемлекеттік үшін жан қиғандар – 3).
АСП – 1020 отбасына (5 794 адам) 317,4 млн. төленді (жоспар 1,2 млрд. теңге).
Тұрғын үй жәрдемақысы 102 отбасының 481 мүшесіне 1,3 млн. теңге,
95 отбасыдағы 100 үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға 2,6 млн. теңге,
жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына бір реттік әлеуметтік көмек 429 адамға 28 млн. 031 мың теңге төленді.
Төтенше жағдайға байланысты 6 276 адамға 149 млн. 224 мың теңге көлемінде азық-түлік топтамасы (2 АЕК – 5 567 теңге) берілді.
Аудандық мекемелерге мүгедектердің кіріп-шығуына жағдай жасау мақсатында 2020 жылға 6 нысанды бейімдеу жоспарланып отыр.
Есепті кезеңде 3 847 адам жұмыспен қамтылып, жұмыссыздық 4,5%-ды құрады.
Білім саласы
Аудандағы 37 білім беру мекемесінің 24-і типтік, 13-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. (26 орта, 10 бастауыш, 1 негізгі мектеп).
Жамбыл ауылынан 100 орындық мектеп құрылысы басталды.
Шоқай ауылынан 150 орындық және Айшабибі орта мектебіндегі үш ауысымды оқытудың алдын алу үшін 300 орындық мектеп құрылысына тиісті құжаттар әзірленуде (16 млн. теңге).
Биыл 10 орта мектепте ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Барлық мектептерде ішкі әжетханалар, интернет желісі, бейнебақылау камералары орнатылған.
17 мектеп робототехникамен жарақтанған.
Ауданда 1-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 88,5%-ды құраса,
3-6 жас аралығындағы көрсеткіші 100% болды.
(Мектепке дейінгі білім беретін 23 балабақшада және 20 мектеп базасындағы шағын орталықтарда 4 247 бүлдіршіндер тәрбиеленуде).
Аудандағы 20 елді-мекеннен 12 мектепке 1 184 оқушы тасымалданып оқытылады.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласында 36 мекеменің 19-ы ыңғайластырылған немесе жапсарлас ғимаратта орналасқан болатын.
Соңғы екі жылда 8 ауылда медицина мекемелері жаңа ғимараттарға көшірілді.
Мәдениет саласы
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасымен 18 кітапханадағы цифрландырылған ақпараттық орталық елге қызмет көрсетуде. (29-дың 18-де, 62,1%).
Қаракемер ауылдық клубының құрылысы басталса (94,6 млн. теңгеге 90 көрерменге).
Жалпақтөбе және Өрнек ауылдарынан клуб салуға тиісті құжаттары әзірленуде (12 млн. теңге).
Спорт саласы
Биыл, Аса ауылынан «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде аудан халқы көптен күткен спорт кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. (жоба құны – 514,1 млн. теңге).
Сондай-ақ, 36 шағын футбол алаңы, 19 балалар ойын алаңы мен 15 жаттығу алаңшасы салынған.
Осы жылы тағы осындай 6 нысан бой көтерсе, 2 алаңға жасанды газон төселеді.
Қосымша, Айшабибі, Гродиково, Пригородное, Жалпақтөбе, Шайқорық ауылдарынан спорт нысандарының құрылысына тиісті құжаттары әзірленуде (23 млн. теңге).
Жастар
928 жас жұмысқа орналастырылды:
тұрақты жұмысқа орналасқан 158 жас,
әлеуметтік жұмыс орындарына 14 жас,
ақылы қоғамдық жұмыстарға орналасқан 393 жас,
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 221 жас жолданды,
кәсіби оқуға 86 жас жолдама алды,
шағын несие алғаны – 56 жас.
«Диломмен ауылға» бағдарламасы аясында 16 маманға көтерме жәрдемақы (12 білім беру, 3 денсаулық сақтау, 1 спорт саласы 4,4 млн. теңге) және 11 маманға тұрғын үй сатып алуға кредит берілді (3 білім беру, 6 денсаулық сақтау, 1 спорт, 1 ветеринария саласы 45,8 млн. теңге).
Құқық қорғау
Өткен жылы аудан аумағындағы 150 қылмыстық іс тіркеліп, 28,6%-ға төмендеген.
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы
Өңірлерді дамытудың 2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 246,3 млн. 1 жоба іске асырылуда.
— Шоқай ауылының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы.
«Нұрлы жол» бағдарламасымен
Өрнек-Тоғызтарау-Жаңаөткел жолы жөндеуден өтсе (94,4 млн. теңгеге 6 шқ).
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 5,5 млрд. теңгеге 96 жоба іске асырылуда.
Осы жобамен 922 адам жұмысқа тартылды (жоспар 922 адам).
Даму бюджетінің шығындары бойынша – 15:
— білім саласы 1 жоба (444 571 мың (Жамбыл ауылындағы 100 орындық мектеп);
— ауыл шаруашылық саласы 1 жоба – 33 225 мың теңге (Жасөркенде контрабандалық малдарды ұстау орын);
— тұрғын үй құрылысы 1 жоба – 604,2 млн. (Аса ауылындағы 5 қабатты 76 пәтерлі);
— ауыз су 6 жоба – 2,7 млрд. теңге (Жасөркен, Ақбұлым, Байтерек, Қаратау, Қызылқайнар, Бесжылдық);
— газдандыру 6 жоба – 795,4 млн. теңге (Рахат, Еңбек, Тастөбе, Ащыбұлақ, Қаракемер, Бесжылдық).
Ағымды бюджет шығындары бойынша – 81:
— ауыз су бойынша 3 жоба – 36 527 мың теңге;
— жолдар бойынша 64 жоба (1 аудандық маңызы бар, 63 ауылішілік) – 753,9 млн.;
— көпір жөндеу 1 жоба – 6,3 млн. (Қапал-Бесжылдық бағытындағы авт. жолы);
— канал 6 жоба – 27,8 млн. теңге (Қаракемер 5 канал, Қарасу 1 канал);
— дренаж 3 жоба – 43,4 млн. теңге (Шайқорық, Танта, Бесағаш);
— жарықтандыру 1 жоба – 18,4 млн. теңге (Өрнек);
— абаттандыру 1 жоба – 41 млн. теңге (Бесжылдық);
— спорт саласы 1 жоба – 21,7 млн. (Бесжылдық ауылына шағын футбол алаңы);
— платина 1 жоба – 11 млн. теңге (БАМ – облыстық басқарма арқылы).
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 11 нысанға 634,2 млн. бөлініп отыр. 146 адам жұмыспен қамтылды (жоспар 114 адам).
— Аса ауылындағы Б. Момышұлы орта мектебінің жанындағы ескі ғимаратын балалар өнер орталығы ретін қайта жаңғырту;
— Қаракемер ауылынан мәдениет үйінің құрылысы;
— 5 ауылдағы 8 ауылішілік көшені орташа жөндеу;
— Әмбебап залы бар спорт кешені құрылысы.
«Аумақтарды дамыту бағдарламасы» аясында 569,4 млн. теңгеге 1 жоба іске асырылды.
— Түрксіб ауылынан 300 орындық мектеп құрылысы;
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен 8 айда пайыздық ставканы субсидиялау шартымен 308,2 млн. теңгеге 11 жоба іске асырылды.
«Диломмен ауылға» бағдарламасы аясында 35 маманға көтерме жәрдемақы (9,3 млн. теңге), 20 маманға тұрғын үй сатып алуға несие (79,5 млн. теңге) беру жоспарлануда (15 жыл мерзімге).
Бүгінге 16 маманға 4,4 млн. теңге көтерме жәрдемақы және 11 маманға 45,8 млн. теңге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит берілді.
«Еңбек» бағдарламасы» аясында 1,4 млрд. 2 569 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, 2 039 адам қамтылып, жоспар 79,4%-ға орындалды.
1 бағыты — техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша республикалық бюджеттен 34,4 млн. бөлініп, 160 адамды оқыту жоспарланып отыр. Есепті кезеңде 162 адам қысқа мерзімді оқу курстарына жолданды.
2 бағыты — жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында
150 жұмыссыз азаматтарға 583,7 млн. несие беру және 389 адамға 215,6 млн. жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру жоспарланған.
Есепті кезеңде 95 адамға 378,7 млн. шағын несие берілді. 372 азамат (200 АЕК) мөлшерінде 231,1 млн. мемлекеттік грант алды.
Сондай-ақ, Бастау бизнес жобасы аясында 190 адамды оқыту жоспарланып, 234 адам оқуға жолданды.
3 бағыты — халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша азаматтарды мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар аясында жүргізілетін құрылыс және жөндеу жұмыстарына тарту мақсатында 605,5 млн. бөлініп, 1 680 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, есепті кезеңде нақты 1 176 адам орналасты. Атап айтқанда:
әлеуметтік жұмыс орындарына 90 адам (жоспар – 80 адам);
жастар тәжірибесі бойынша 240 адам (жоспар – 500 адам);
ақылы қоғамдық жұмыстарға 846 адам (жоспар – 1100 адам)
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ