Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 1 симптомсыз жағдайы анықталды.
Атап айтқанда, коронавирус 53 жастағы Тараз қаласының тұрғынынан расталды. Ер адам жұмыссыз, ол кәсіби мақсатта байланыста болған тұлға ретінде тексерістен өткен. Қазіргі уақытта үй карантиніне алынды.
Жалпы, ағымдағы жылдың 27 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 4125 жағдайы тіркелді, ауруханалардан 4047 науқас емделіп шықты.