• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 20:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«ЕвроХим» компаниясы Жамбыл облысында салынатын зауыт құрылысына 800 млн доллар инвестиция құяды

turan_admin turan_admin
10.09.2020, 11:02
Облыс жаңалықтары
«ЕвроХим» компаниясы Жамбыл облысында салынатын зауыт құрылысына 800 млн доллар инвестиция құяды
279
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

         Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «ЕвроХим-Каратау» ЖШС бас директоры Дмитрий Валышевпен кездесіп, минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыттың құрылысын талқылады.

Дмитрий Валышев Қазақстандағы «ЕвроХим» компаниясының стратегиялық даму жоспарының бірінші кезеңін іске асыру нәтижелеріне қысқаша тоқталып өтті. 2012 жылдан бастап 2019 жылға дейін жеті жыл ішінде қуаттылығы жылына 640 мың тонна фосфор ұнтағын өндіруге қауқарлы тау-кен кешенінің құрылысы жүзеге асырылды. 500-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Қазір компания екінші кезеңді жүзеге асыруға кіріскен.

Ағымдағы жылдың шілде айында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі қуатттылғы жылына миллион тонна минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт салу және пайдалану туралы үкіметаралық келісімге қол қойған болатын. Жоба Қаратау фосфорит бассейнінің кен орындарын игеруді көздейді.

Қазірге дейін салынған инвестиция көлемі шамамен 270 миллион долларды құраса, әлі шамамен 800 миллион доллар құйылмақ.

Жобаны іске асырудың болжамды мерзімі – 2021-2025 жылдар аралығы. Кәсіпорынның құрылысы кезеңінде 2 мың адам жұмыспен қамтылады десек, нысан пайдалануға берілгеннен кейін 1200 тұрақты жұмыс орны ашылады деп көзделуде.

— Минералды тыңайтқыштардан басқа, зауытта мұнай — газ өндірісінде, қысқы маусымда жолдар желісін күтіп ұстау үшін, цемент, құрғақ құрылыс қоспалары, жерді мелиорациялау өндірісінде қолданылатын өнеркәсіптік өнімдер шығару жоспарлануда, — дейді Дмитрий Валышев.

Оның айтуынша, жаңа зауыт салу жобасы Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дамытуға ықпал етеді. Әлемде баламасы жоқ инновациялық жоғары технологиялық өндіріс іске қосылады.

Бердібек Сапарбаев жоғары білікті мамандар даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

Дмитрий Валышевтің айтуынша, компания кадр тапшылығы мәселесіне ерекше назар аударады. Екінші жыл қатарынан Жаңатас оқушылары «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-нің қолдауының арқасында М.И.Платов атындағы Оңтүстік-Ресей мемлекеттік политехникалық университетінің студенттері атанған. Барлық түлектер өндірістік мамандықтарға түскен.

 Серіктестік директоры «ЕуроХим» аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосатынын жеткізді.

Сарысу ауданында болған кезінде компания әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға 23 миллион доллар жұмсаған. Тұрғын үйлер жөнделіп, әлеуметтік нысандар салынған, Сарысу ауданында ғана емес, Талас ауданында да орталық аудандық аурухана үшін реанимобиль сатып алып берген.

Алдағы бес жылда компания орталық алаңды қайта құруды, аулаларды абаттандыруды, спорттық-сауықтыру кешені мен Жаңатас қаласында жастар орталығын салуды жоспарлап отыр.

— Шағын қалаларды дамыту үшін мемлекеттік бюджеттен қомақты қаржы бөлінуде. Тұрғын үйлер, жолдар жөнделуде, коммуникациялар тартылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Егер бизнес әлеуметтік жауапкершілікті ұмытпаса және жергілікті билікпен ынтымақтастықта болса, әлбетте бұл экономиканың өсуіне және қазақстандықтардың әл-ауқатына тікелей әсер етері сөзсіз. Жаңатас қаласын бұрынғыдай гүлдендіру үшін бизнес және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп жұмыс жасауы қажет, — деп атап өтті облыс әкімі.

        Сондай-ақ кездесу барысында тараптар инфрақұрылым тартуға қатысты мәселелерді талқылады.      

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.