• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 16:02
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Түрік инвесторлары Жамбыл облысында кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт салады

turan_admin turan_admin
08.09.2020, 17:44
Облыс жаңалықтары
Түрік инвесторлары Жамбыл облысында кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт салады
175
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Yildirim Holding компаниясының өкілдерімен кездесіп, Сарысу ауданында кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт салу жобасын іске асыру барысын талқылады.

Түрік компаниясына қазақстандық нарық таңсық емес. Өңір басшысы осы жылдар ішінде бауырлас халықпен тығыз және достық қарым-қатынас орнағанын атап өтті.

— Инвесторлар негізінен бизнесті дамытуға қолайлы және болашағы бар өңірлерге барады. Осы орайда Мемлекеттік бағдарламалар әзірленген десек, бүгінде олар өздерінің тиімділігін дәлелдей түсуде. Бұл бағдарламалар аясында сіздердің компанияларыңызға да жан-жақты қолдау көрсетілетін болады, — деді Бердібек Сапарбаев.

Yildirim Holding-тің бас директоры Исмаил Джейлан инвестициялық жоба туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Құрылысы келер жылы басталады деп жоспарланған зауыттың жылдық жобалық қуаты 400 мың тоннаны құрайды. Болашақта бұл көрсеткіш жылына 1,2 миллион тоннаға дейін артады деп күтілуде. Нысан құрылысына 325 миллион АҚШ долларын инвестициялау жоспарлануда.

1500-ден астам адам тартылатын құрылыс-монтаждау жұмыстары келесі жылы басталмақ. Жоба 2023 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ол іске қосылғаннан кейін бюджетке жыл сайын 8 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі салық түсімі түсіп отырмақ. Онда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Кәсіпкер кәсіпорынға жергілікті мамандардың тартылатынына сендірді.  Ол Қазақстан аумағында жүзеге асырылған басқа да жобаларды мысалға келтірді.

— Зауыт құрылысы басталмай тұрып  және оның ашылуына дейін қандай мамандар қажет екенін саралап, оларды оқыту мен дайындауды бүгіннен қолға алу керек, — деді аймақ басшысы.

Бердібек Сапарбаев инвесторларға ішкі және сыртқы нарықтағы содаға деген сұранысты зерделеп алудын маңыздылығын жеткізді.

— Өндірілген өнім сұранысқа ие болуы тиіс, — деп атап өтті облыс әкімі.

Исмаил Джейлан өнім тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар әлемдік нарықта да сұранысқа ие болатынына сендірді. Серіктестер бұл іске кальцийленген сода өндірісінде қолданылатын жаңа технологияларды тартуға ниетті.

Сонымен қатар, заманауи өндіріс толығымен қалдықсыз жүйеде жұмыс жасамақ. Қалдықтар қайта өңделетін болады.

Кездесу барысында инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері және жобаны жүзеге асыруға қатысты басқа аспектілер сараланды.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.