Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Төтенше жағдайлар кезіндегі сақтану шаралары» тақырыбында онлайн маман кеңесі өтті.
Іс-шараға Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас
маманы Дархан Өскенбайұлы және Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының офицері Данияр Жанатұлы қатысты.
Онлайн сұхбат барысында жауапты мамандар Төтенше жағдай
департаментінің қоғамдағы орны мен атқаратын қызметіне тоқталып, қауіпсіздік шараларын ұстанбау адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетінін жеткізді.
Сондай-ақ, метериалдық шығын мен шаруашылық жүргiзушi
объектiлерге нұқсан келтiретінін де атап өтті.
Мамандар үй жағдайында әрбір ата-ана баламен жұмыс жүргізіп,
қауіпсіздікті қатаң сақтау керектігін айтып отырса деген өтініштерін де
білдірді.
Онлайн оқырмандар тарапынан тақырыпқа байланысты қойылған
сұрақтарының барлығына жауап беріп, төтенше жағдай туындаған кезде 104,
112 нөмірлеріне хабарлау керектігін айтты.